kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қызға-нәзіктік, ұлға-батылдық

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                                                     Бекітемін:__________________                                  

Мектеп _№183__________ Мерзімі _09.01.2017ж; 10.01.2017ж_______ № _17_____

Тақырып _Қызға-нәзіктік, ұлға-батылдық___________________

Құндылық_дұрыс іс-әрекет____Қасиеттер_ Жақсылыққа ұмтылу, сыйластық. сөзге беріктік, әдептілік, сыпайылық

Мұғалім_Абдрахманова Алтынай_____  Сыныбы _5 «а» «б»____Оқушылар саны _20/16______

Мақсаты:

-адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру;

Міндеттері:

- оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата алуға үйрету;

- оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге үйрету;

- нәзіктілік, батыл болуға тәрбиелеу;

 

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқулық, дәптер, күнделік,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

                            Нұрға бөлену

   Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

   Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

   Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

   Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

   Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.   Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».

   Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз. 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№17 сабақ

     Ә.Хасенованың «Неге ұялды?» атты әңгімесің оқу.

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз

«Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді»

                                                                       (халық мақалы)

Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  1. Әңгімелесу (сұхбат) «Мұғалім сыйы»

    Ұлдарға сұрақ:

Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине

сыртқы келбеті)

Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап,

бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай

кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие

қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені,

өтірік айтқаны)

Қыздарға арнап мақал айт.

( Қыз өссе елдің көркі; Таудың көркі тас, Қыздың көркі шаш;  Қызға қырық жерден тыю; Анаға қарап қыз өсер)

Сендерге қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты, әдепті болса,

сыпайы, биязы  болса  )

Қыздарға сұрақ:

Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлық, қорқақтық)

Ұлдарға арнап мақал айт

(Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар,

Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,

Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді )

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,

адамгершілігі мол),

Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет

етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп

ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
  1. Жаңа ақпарат.

   Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға – батылдық пен ұстамдылық тән.Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.
   Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.

  1. Мәтінмен жұмыс.

«Жайма-шуақ» С.Сарғасқаев. оқулықтың 53-57 беті.

Достық сезімі адамға қандай жауапкершілік жүктейді?

Қыз бала мен ер беленың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?

Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?

Қыздар мен ұлдардың арасында сыйластық қалай қол жеткізуге?

Қыздар мен ұлдардың арасында түсінісбеушілік болуы мүмкін бе? неліктен?

Махаббат деген сөзді қалай түсінеміз?

Ұлдар мен қыздардың дос болуы дұрыс ба?

  1. Топпен ән айту

«Қазақ қызы»
Сөзі- И. Сапрбаевтікі
Әні- Р. Таймановтікі.


Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен.
Өмірде қалған із бар « Ақтабаннан»
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

  1. Үй тапсырмасы

    Оқулықтың 58 беті.
    Суретке қарап, «Біз қалай достасып кеттік» Тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

  1. Соңғы тыныштық сәті  (Тыныштық. бар жерде, тыныштық. бүкіл әлемде)  

            Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды  бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп  алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қызға-нәзіктік, ұлға-батылдық»

Бекітемін:__________________



Мектеп _№183__________ Мерзімі _09.01.2017ж; 10.01.2017ж_______ № _17_____

Тақырып _Қызға-нәзіктік, ұлға-батылдық___________________

Құндылық_дұрыс іс-әрекет____Қасиеттер_ Жақсылыққа ұмтылу, сыйластық. сөзге беріктік, әдептілік, сыпайылық

Мұғалім_Абдрахманова Алтынай_____ Сыныбы _5 «а» «б»____Оқушылар саны _20/16______


Мақсаты:

-адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру;

Міндеттері:

- оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата алуға үйрету;

- оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге үйрету;

- нәзіктілік, батыл болуға тәрбиелеу;


Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқулық, дәптер, күнделік,


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

17 сабақ

Ә.Хасенованың «Неге ұялды?» атты әңгімесің оқу.


Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз

«Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді»

(халық мақалы)

Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?



  1. Әңгімелесу (сұхбат) «Мұғалім сыйы»

Ұлдарға сұрақ:

Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине

сыртқы келбеті)

Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап,

бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай

кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие

қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені,

өтірік айтқаны)

Қыздарға арнап мақал айт.

 

( Қыз өссе елдің көркі; Таудың көркі тас, Қыздың көркі шаш;  Қызға қырық жерден тыю; Анаға қарап қыз өсер)

 

Сендерге қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса,

сыпайы, биязы  болса  )


                          

Қыздарға сұрақ:

 

Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлық, қорқақтық)

Ұлдарға арнап мақал айт

(Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар,

Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар

 

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,

Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді )

 

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,

адамгершілігі мол),

Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет

етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп

ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)





  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

  1. Жаңа ақпарат.

Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық , ер балаларға – батылдық пен ұстамдылық тән.Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.
Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.

  1. Мәтінмен жұмыс.

«Жайма-шуақ» С.Сарғасқаев. оқулықтың 53-57 беті.


Достық сезімі адамға қандай жауапкершілік жүктейді?

Қыз бала мен ер беленың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?

Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?

Қыздар мен ұлдардың арасында сыйластық қалай қол жеткізуге?

Қыздар мен ұлдардың арасында түсінісбеушілік болуы мүмкін бе? неліктен?

Махаббат деген сөзді қалай түсінеміз?

Ұлдар мен қыздардың дос болуы дұрыс ба?




  1. Топпен ән айту


«Қазақ қызы»
Сөзі- И. Сапрбаевтікі
Әні- Р. Таймановтікі.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен.
Өмірде қалған із бар « Ақтабаннан»
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен ,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.



  1. Үй тапсырмасы

Оқулықтың 58 беті.
Суретке қарап, «Біз қалай достасып кеттік» Тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.



  1. Соңғы тыныштық сәті (Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкіл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қызға-нәзіктік, ұлға-батылдық

Автор: Абдрахманова Алтынай

Дата: 18.01.2017

Номер свидетельства: 380704

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр»"
    ["seo_title"] => string(30) "tak_yryby_oily_bolsan_ozyp_kor"
    ["file_id"] => string(6) "399323"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489255385"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства