І.?йымдастыру кезе?і.
а)О?ушылармен амандасу
б)О?ушыларды т?гелдеу
в)Т?рбие са?атыны? ма?сатымен таныстыру II. Тарих ?леміне.
Канагат:
1957 жылы 4 ?азанда Бай?о?ыр ?арыш айла?ынан Спутник атты бірінші жасанды жер серігі ?шырыл?ан болатын. Мереке ше?берінде бір?атар ?здік ?ызметкерлер космосты? техниканы игеру мен ?арышты? ба?дарламаларды дамытуда жеткен табыстары ?шін медалдар мен ескерткіш белгілермен марапатталатын болады.
Елімізді? стратегиялы? ма?ызы зор нысаны саналатын Бай?о?ыр ?арыш кешеніні? тіршілігі жалды? сипат жа?дайында?ы ерекшеліктермен тыныстауда. Ресейді? ??зырында?ы Бай?о?ыр ?аласы мен іргелес Т?ретам кенті ж?не А?ай ?ыста?ын ?оса есептегенде б?л ??ірде елу мы?нан астам ?аза?стан азаматы т?рады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?арышкерлер к?ніне орай "Ай мен К?нді арда?та?ан" та?ырыбында ?ткен сыныптан тыс іс-шараны? жоспары»
Мақсаты: Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру. Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. а)Оқушылармен амандасу б)Оқушыларды түгелдеу в)Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру II. Тарих әлеміне.
Канагат: 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан Спутник атты бірінші жасанды жер серігі ұшырылған болатын. Мереке шеңберінде бірқатар үздік қызметкерлер космостық техниканы игеру мен ғарыштық бағдарламаларды дамытуда жеткен табыстары үшін медалдар мен ескерткіш белгілермен марапатталатын болады. Еліміздің стратегиялық маңызы зор нысаны саналатын Байқоңыр ғарыш кешенінің тіршілігі жалдық сипат жағдайындағы ерекшеліктермен тыныстауда. Ресейдің құзырындағы Байқоңыр қаласы мен іргелес Төретам кенті және Ақай қыстағын қоса есептегенде бұл өңірде елу мыңнан астам Қазақстан азаматы тұрады.
Ләйлім: Кеңес Одағының ғарышкері Гагарин Юрий Алексеевичтің өмірінен сыр шертсек. Юрий Гагарин 1934 жылдың 9 наурыз күні Смоленс облысы, Гжатск қаласында дүниеге келген. әкесі Алексей Иванович, ал анасы Анна Тимофеевна Гжатск ауданына қарасты Клушино ауылынан, қарапайым ауыл еңбекқорлары болған. Олар Юрийді еңбеқорлыққа тәрбиелеген. Неміс басқыншылығының қиын кезеңдерін бастан өткізе отырып Гагарин отбасы 1945 жылы Клушино ауылынан Гжатск қаласына қоныс аударған.
Серик: 1949 жылы мектепті бітіре отырып, осы жылы Люберецкое училищесіне ұшқыш мамандығы бойынша түсті. Одан кейін Саратовский техникумына оқуға түседі. 1954 жылдың 25 қазанынан бастап Саратовской аэроклубында жаттыға бастайды. 1957 жылы Юрий Гагарин, Валентина Ивановнамен үйленіп, олардың отбасында Лена және Галя атты екі қыз тәрбиелейді. 1959 жылы Юрий жаңа ұшқыштар техникасына байланысты ұшқыштар қатарына үміткер ретінде өтініш - рапорт жазады. Және 18 желтоқсанда Москваның орталық ғылыми - авиациялық госпиталына денсаулығын тексеру үшін барады.
Айгерим: 12 сәуір күні Гагарин бірінші жерден ұшуын "Восток" ғарыш кемесінде бастады. Осы ғарышқа алғаш ұшу оған Кеңес Одағының Батыры атағын алып келді. 1962 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 сәуір – ғарышкерлер мерекесі болып жарияланды. 1964 жылы Кеңес ғарыш әскерлерінің командирі болып бекіді. 1968 жылы 27 наурызда Киржачск ауданының Новоселово ауылының маңындағы жаттығу кезінде қайтыс болды. Кремлевск жарындағы Қызыл алаңда жерленген.
Нурлыбек: Байқоңыр қалалық Өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған ономастикалық комиссияның ұсынысымен қалалық әкімшілік басшысы Александр Мезенцов Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, Қазақстан мен Ресей батыры, авиация генерал-лейтенанты, ғарышкер ұшқыш Талғат Мұсабаевқа "Байқоңыр қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылдады. Қала басшысының шешімінде: "Талғат Мұсабаевтың Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына және ғарышты игеруге қосқан айрықша еңбегі атап көрсетілді".
Каникамал: Талғат Мұсабаев "125 тәулікке созылған өзінің алғашқы ғарышқа ұшу сапарын "Союз ТМ-19" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының бортинженері ретінде 1994 жылдың 1 шілдесінен 4 қарашасы аралығында жасады. Ол екінші ұшу сапарын "Союз ТМ-27" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының командирі ретінде 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жасады. Үшінші сапар 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында өтті. Ол кезде Т. Мұсабаев "Союз ТМ-32" жүк кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ресейлік келіп-кету экспедициясының командирі болған.
Балнур: Қазақтың тағы бір тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров өміріне тоқталып өтсек. 1991 ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
III. Викторина. 1. Айға тұңғыш рет 1969 ж. кімдер аяқ басты? ( М. Армстронг пен Э. Олдрин ) 2. Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан) 3. Неше шоқжұлдыз бар? (12) 4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан) 5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера) 6. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек) 7. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин) 8. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова) 9. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика) 10. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан) IV.Поэзия минуты. ... Ай мен Күнді ардақтаған алашым. Биіктерге баулитұғын баласың. Көк дөненнен жүйрік қазақ көңілі, Шарлайтұғын жұлдыздардың арасын.
Нұрлы біздің заманда халық іскер,
Жер бетінде жасадық алып істер.
Арман болған аспанға, Айға енді
Ғарышкерлер күшіменен
Көк туымызды тігеміз сіздерменен.
Арта берсін, қазағымның нұр таңы.
Сүйінші!-деп
Әлемге жар салайық.
Қазақстанда тұнғыш бір ұл
Қарышқа ұшты халайық,
Бүкіл елдің арманы үшін,
Көк жүзінде самғауы үшін
Мақсаттарға жету үшін
Өту үшін белдерден,
Әлі көп –көп танысармыз
Табысармыз Ерлермен.
Қос ғарышкер,
Тоқтар мен Талғат десем,
Үзілген үмітімді жалғап кетем!
Ақынға да кеністік, ғарыш керек,
Көз жұмбасаң ерлікке, самғап бекер!
Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін, Жырға бөле даланың әр төбесін. Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер Көтерді қазағымның Мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған сынып сағатымызды аяқтаймыз! Хош, сау болыңыздар!