kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып сағаты "Мен өз елімнің патриотымын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сынып сағаты "білім күніне" арналған. Мақсаты: оқушыларды елін, жерін, отанын сүюге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты "Мен өз елімнің патриотымын"»

  • Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен –өз Отанымның патриотымын!
    Тәрбие сағатының мақсаты:
    1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
    2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
    3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: интербелсенді тақта
    Барысы:
    1. Ұйымдастыру.
    • Аспаны ашық еліміздің,
    Көркі сұлу жеріміздің,
    Біз-бақытты баламыз!
    Ақпыз,қара, сарымыз,
    Ағайынбыз бәріміз!
    2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
    -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Азаматтың құқығы ғана емес, азаматтық парызы да бар.
    Әрбір азаматтың төлемақысыз білім алуға, дәрігерге қаралуға, бір - бірімен қарым - қатынас жасауға т. с. с. құқықтары бар екен.
    «Әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата - анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы»
    Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек.
    Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады.
    Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды. Сіздер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер. Ал ендігі тапсырма, отан туралы мақал - мәтелге көңіл аударайықшы:
    Отанды сүю – от басынан басталады.
    Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
    Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
    Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
    Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенеміз

  • Отан деген не, кім қалай түсінеді?
    Көп аузынан түспейтін,
    Отан деген немене?
    Оның тұлға түс кейпін,
    Достым білгің келе ме?

  • Отан дейміз от жаққан жерімізді,
    Отан дейміз өсірген елімізді.
    Отан дейміз туған жер, атамекен –
    Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

  • Отан дейміз кең-байтақ астананы,
    Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
    Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
    Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

  • Отан- тарих, Отан – тіл,
    Жасаған елің, өз- халқың.
    Отан – өлең, Отан-жыр,
    Көтерген көкке ел даңқын.

  • Отан – сенің ата-анаң,
    Отан – досың, бауырың,
    Отан – өлкең, астанаң,
    Отан – аудан, ауылың.
    Хыдырали: Отан – осы достарым,
    Көңілге мұны түйе біл!
    «Отан» деп өс жас қауым,
    Оны ардақтап сүйе біл!
    Хор: «Отан»
    -Біздің Отанымыз қалай аталады?
    -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
    -Қазақстан Республикасының президенті кім?
    Ел болдық ерік алдық астаналы
    Енді кімнен қазағым жасқанады?
    Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
    Нұрсұлтанның атымен басталады.

    Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
    Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
    Базарбек: Туған өлкем
    Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
    Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.
    Көрініс: «Үш арыстың үлгілері»
    Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
    Би: «Қамажай»
    Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
    1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
    Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
    Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
    халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
    Нұрислам: Көк аспандай көкпеңбек,
    Қазақстан жалауы.
    Көк емес ол тектен-тек,
    Елдің ашық қабағы.
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
    шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.
    Айнұр: Елтаңбасы елімнің,
    Неткен әйбәт, әдемі
    Тұнығындай көңілдің
    Ортада аспан әлемі.
    Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.
    Ернар: Оттай жанып жанарың
    Одан қуат аламын
    Әнұран ол - тынысы
    Кең жазира даламның.

    Отан туралы өлең-жырлар.
    Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
    - Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
    - Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?
    Ән «Көк тудың желбірегені».

    Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
    Өткеніңді еске алсаң,
    Өскеніңнің белгісі.
    Өткеніңді ұмытсаң,
    Өшкеніңнің белгісі,
    - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Сынып сағаты "Мен өз елімнің патриотымын"

Автор: Оспанова Умуткан Рамазановна

Дата: 25.03.2017

Номер свидетельства: 403183

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Тәрбие сағаты Мен,елімнің патриотымын 2016."
    ["seo_title"] => string(46) "t_rbiie_sag_aty_mien_ielimnin_patriotymyn_2016"
    ["file_id"] => string(6) "387723"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486220838"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "МЕН- өз елімнің патриотымын."
    ["seo_title"] => string(31) "mien_oz_ielimnin_patriotymyn_11"
    ["file_id"] => string(6) "432529"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1508087601"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Мен - кіші Отанымның патриотымын."
    ["seo_title"] => string(34) "mien_kishi_otanymnyn_patriotymyn_1"
    ["file_id"] => string(6) "433053"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1508315513"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Менің Отаным- Қазақстан"
    ["seo_title"] => string(25) "menin_otanym_kazakstan_10"
    ["file_id"] => string(6) "657096"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1727841449"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Мен өз елімнің-патриотымын!"
    ["seo_title"] => string(30) "mien_oz_ielimnin_patriotymyn_9"
    ["file_id"] => string(6) "415982"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1494949993"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства