kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен өз елімнің-патриотымын!

Нажмите, чтобы узнать подробности

сынып жетекшіге арналған тәрбие сағаты. 5 сыныпқа арналған
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен өз елімнің-патриотымын!»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен ,өз елімнің патриотымын!

Мақсаты:

  1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

  2. Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.

  3. Оқушыларды ұлт жандылыққа, инабаттылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, түрлі- түсті

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Интербелсенді тақтадан слайдтар, мемлекеттік рәміздерді көрсету.

  3. Негізгі бөлім

  4. Қорытынды.

Сабақтың барысы:

ҚР мемлекеттік Гимні орындалады


Мұғалімнің кіріспе сөзі: сәлеметсіндер ме, оқушылар. Сендерді бүгінгі 1 –ші қыркүйек білім күнімен құттықтаймын. Бүгінгі білім күніне арналған сабағымыздың тақырыбы: «мен өз елімнің патриотымын» деп аталады. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмірсүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Сондай –ақ Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де көреміз:

А.Байтұрсынов:

-Қазағым елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның.

Аш көзіңді оянып.....-десе,

С. Торайғыров:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам? –деп, жастарды өнер –білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.

(Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімін оятатын слайдтар көрсету.)

Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінесіз?

Отан туралы кім өлең беледі?

Жанель : Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Жандос : Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Ұлбике : Отан- тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз- халқың.

Отан – өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан..

Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтапұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдіртүсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің

халқымыздың ашық келешегі мен берекесі,тыныштық пен байлықтың белгісі.

Нұрай:  Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз,қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.

  Нұриман: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

  Сания: Оттай жанып жанарың

Одан қуат аламын

Әнұран ол — тынысы

Кең жазира даламның.

 

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

  • Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

  • Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?

Оқушылар енді осы тәуелсіз еліміздің тәуелсіздік алған жылдан бергі жеткен жетістігіне тоқталайық. Мысалы спорттан көк туымызды көкке желбіретіп, әнұранымызды асқақтатып жүрген спортшыларды білесіндер ма? (оқушыларға күні кеше ғана өткен Рио олимпиадасының жүлдегер жерлестеріміз туралы видео ролік көрсету)

Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.

Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгерген
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің! 

Қортынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Ол үшін талмай, тынбай білім алуларың қажет. Алдағы оқу жылында сендерге сәттілік тілеймін.Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мен өз елімнің-патриотымын!

Автор: Абдуллаева Кымбат Адильбаевна

Дата: 16.05.2017

Номер свидетельства: 415982

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мен елімні? патриотымын "
    ["seo_title"] => string(25) "mien-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "177292"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424615238"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Мен - елімнің патриотымын"
    ["seo_title"] => string(27) "mien_ielimnin_patriotymyn_4"
    ["file_id"] => string(6) "428571"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1505675731"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мен, елімнің патриотымын !"
    ["seo_title"] => string(23) "men_elimnin_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "560671"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1603203079"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Мен, өз елімнің патриотымын."
    ["seo_title"] => string(31) "mien_oz_ielimnin_patriotymyn_10"
    ["file_id"] => string(6) "432050"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1507808517"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Тәрбие сағатының тақырыбы «Мен елімнің патриотымын»"
    ["seo_title"] => string(54) "t_rbiie_sag_atynyn_tak_yryby_mien_ielimnin_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "432467"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1508069122"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства