Просмотр содержимого документа
«СУ - ?МІРДІ? К?ЗІ»
Сабақтың тақырыбы: Су -өмір көзі.
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат.
Мақсаты: «Су» ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
-судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
-суды қастерлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, ыдысқа құйылған су, бөлме өсімдіктері.
Шаттық шеңбері
Әңгімелесу.
Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.
*Су адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?
*Су болмаса тіршілік өмір болуы мүмкін бе? Неліктен?
* «Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесің?
-Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді.Шаттық шеңберге тұрып сөйлемдерді қимылмен аяқтайды.
Теңіз болып толқимыз –оқушылар мұғаліммен бас иіп амандасады.
Теңіз болып толқимыз-екі /оқушылар бір-бірімен қол алысып амандасады/
Өлең оқиды.
Жау, жаңбыр.
- Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр!
Жау егіннің көгі өссін,
Сұлудай бұраң құрақты
Айдын шалқар көл өссін.
Ой мен қырдың шалғыны
Жатқан малды жасырсын.
Табиғаттың көркіне
Таң қалып жан бас ұрсын.
Б.Майлин.
Шығармашылық жұмыс.Оқушылардың судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіну үшін шығармашылық тапсырма ұсынылады.
Үнтаспа тыңдалады.
Мұғалім тақтаға «Су .....» деп жазып қояды да, балалардың берген жауаптарын жалғастырып отырады.
1.Бұлақ сылдыры қандай әсем!
2.Алақай, бұлақ ән салып жатыр!
3.Су қандай мөп- мөлдір! Тап –таза!
4.Рақат-ай! Денемнің сергігені-ай!
5.Салқын судың шөлімді басқаны-ай!
Күтілетін жауаптар:
Су жанға сұлулық береді.
Су көңілді көтереді.
Су –тазалық көзі.
Су-шынығу көзі.
Су –тағам.
Мұғалім қорытындылайды:
-Су шөлдегеніңді қандырып, денеңді тынықтырады, шынықтырады,сергітеді, жаныңды, тәніңді таза және сұлу етеді, сондай-ақ табиғатқа сән, өмірге мән береді.
Мәтінмен жұмыс:Ы.Алтынсаринның «Таза бұлақ» әңгімесі оқылып мағынасы ашылады.
Түйіні:-Адамдар судан тынбай еңбек етуді, еліне қызмет жасап, мұратқа жетуді, ешкімнен ақы дәметпей,міндет етпей, риясыз жақсылық жасауды, өзін таза ұстауды, ақжарқын көңілдіжүруді үйрене алады.
Жаңа ақпарат.
Су –адамға ең қажетті тағамның бірі, су-тазалық көзі,су-жан сұлулығының нәрі, су-шынығу көзі, су болмаса тіршілік те болмайды,Өйткені адамдар, өсімдіктер, жан-жануарлар, аң –құстар сусыз өмір сүруі мүмкін емес.
Сергіту сәті.
Тамшы болып тамайық,/бір орында секіреді/
Арықпен бірге ағайық. /Екі-екіден бірігеді/
Көлшік болып жиналып,/Төрт- төрттен бірігеді/
Күнге қолды бұлғайық /Қолдарын жоғары көтереді/
Күн көзімен құрғайық/жеке-жеке тарайды/
Бу боп аспан төріне/Әр кімқолдарын жоғары көтере бастайды/
Бұлттар санын құрайық/төрт-төрттен қайта бірігеді/
Бұлттан жаңбыр сөгілер/қайта жеке-жеке тарайды/
Жер әлемге төгілер/Орындарынан секіреді/
Шығармашылық жұмыс. «Адам бойынан судың қандай қасиеттерін табуға болады?» деген жұмыс ұсынады .ДӘЙЕКСӨЗ «Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат» мәні түсіндіріледі.
Жаттығу. Оқушылар екі топқа бөлінеді.Мұғалім бір топқа «Судың қасиеті»,екінші топқа «Судың адамға пайдасы» тақырыбындағы топтастыру қағазы береді.Жұмысын жазып, қорғайды.
Өзіммен –өзім
Релаксациялық тәсіл және ол бойынша қойылған сұрақтарға жауап алу.
-Көздеріңді жұмыңдар. Өздерің салқын бір тамаша су жағасына келіп дем алып отырсыңдар деп есептеңдер.су сылдырай ағып, бізге әсемдік сыйлады. Судың бізге айтары бар сияқты. Сол судан біз жақындап іліп алдық. су бізге қарап,жылт –жылт етеді. Ол бізге бірдеңе айтқандай. Енді қолымыздағы суды төгіп алмайық. Көзімізді ашайық. Мұғалім балаларға сұрақтар қойды.
-Су не айтуы мүмкін?
-Гүл жақсы өссін деп.
-Мен бұл су бұлақтай тап- таза болайын деп ішемін.
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Зерттеу жұмысын жүргізіңдер.Қанша пайдаланатыныңды тексер.
2 тапсырма. Дәптердегі ребусты шешу.
Қо рытынды. Қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.