Сабақтың мақсаты: 3.3.3.1.мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер)әңгімелеу, сипаттау мәтінін анықтау. 3.2.5.1.оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша..., менің көзқарасым бойынша...., себебі, ....) дәлелдеу. | Бағалау критерийлері: - мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер)әңгімелеп, сипаттау мәтінін анықтайды. -оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша..., менің көзқарасым бойынша...., себебі, ....) дәлелдейді. |
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы Мақсаты: оқушылардың жағымды жақтарын анықтау Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі,....» Сұрақ- жауап Қазір қай жыл мезгілі? Қай ай, күн? Аптаның қай күні? Ауа райы қандай? Ой шақыру Оқушылар сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтайды. Балалар, бұл суреттен нені байқадыңыздар? Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Судың түсі қандай? Сабақтың мақсатымен таныстыру | Сәлемдеседі Бір-біріне жылы тілектер айтады. Сұрақтарға жауап береді Оқушылар сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтайды. | Мұғалім оқушылардың жауабына қарай бағалайды. | Слайд суреттер |
Сабақтың ортасы | Жаңа сөздермен танысу. Сөздерді оқу, қайталау, сөз тіркесін құрастыру. Әрине- конечно Сусын-напиток Қайнат-кипяти Емдеу-лечить Жазылу- вылечиться Жаңа сөздерді меңгерту Балалар, суретке назар аударыңыз. Бұл не? Жазда адамдар қайда демалады? (оқушылар көп нүктенің орынына сөзді қойып,жауап беру керек) Бұл ........ Жазда адамдар ........-да демалады. Бұл не? Адамдар шөлдеген не ішеді? Бұл ..... Адамдар шөлдегенде ...... ішеді? Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі. (Ұ) Оқылымалды тапсырмасы: Оқы. Қайтала -ды қайнатып іш. Бұл Бұл Оқылым мәтіні Мәтінді түсініп оқы. Әлібек жазда жағажайға барды. Күн ыстық. Ол шөлдеп, суық сусын ішті. Оның тамағы ауырып, дәрігерге барды. Дәрігер: -Суық сусын іштің бе?- деп сұрады. Әлібек: -Иә, суық сусын іштім,- деп жауап берді. Дәрігер: -Әрине, ауырасың. Суық сусын ішпе. Суды қайнатып іш. Су пайдалы,- деді. Дәрігер Әлібекті емдеді. -Балалар, мәтінде қай сөздер жиі қайталанады? -Дұрыс айтасыздар, жағажай және сусын. (Ұ) Ой қозғау. Мәтін не туралы? Әлібек қайда барды? Ол жағажайда не ішті? Дәрігер қандай кеңес берді? Балалар, бұл мәтін қай жанрға жатады? Тұрмыс-салт па?, Мақал-мәтел ме?, әлде әңгіме ме? Оқушылар сұрақтарға жауап берген соң, мәтін үш бөлікке бөлініп, топтарға таратылады. Топ арасынан бір оқушы тағайындалып, топ ішінде мәтінді дауыстап оқиды, ал қалған оқушылар мәтінге қатысты 3 сөзді толықтырып жазып шығады. 1-топ Әлібек жазда .............. барды. Күн ыстық. Ол шөлдеп, суық .......... ішті. Оның тамағы ауырып, ..... барды. 2-топ Дәрігер: -Суық ....... іштің бе?- деп сұрады. Әлібек: -Иә, ...... сусын іштім,- деп ..... берді. 3-топ Дәрігер: -Әрине, ауырасың. Суық ...... ішпе. Суды ...... іш. Су пайдалы,- деді. Дәрігер ........ емдеді. Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен? Сергіту кезеңі: Кел ойлайық, бірге! Ребусты шеш. «Су – өмірдің нәрі» | Сөздерді оқиды, қайталайды, сөз тіркесін, сөйлем құрастырады. Мысалы: Мен суды қайнатып ішемін. Суреттердің көмегімен сұрақтарға жауап береді. сұрақтарға жауап береді. Суреттерді пайдаланып. Сөйлемдерді құрастырып жазады Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Топтасып жазылым тапсырмаларын орындайды. Топтасып ребусты шешеді | Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады. Шапалақтау Бағдаршам Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады. | Слайд |
| Оқылымнаннан кейінгі тапсырма: Т апсырма: Мазмұн желісі бойынша суреттің ретін айт. Кері байланыс. «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі. Дескриптор - сурет желісі бойынша мазмұндайды - өз пікірін білдіреді - сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап айтады. (оқушылардың кейбірі құрмалас сөйлеммен ойын білдіреді.) | Сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап жазады, 1 сөйлем құрастырып жазады Берілген сөздерді көшіріп жазады, септік жалғауларын анықтап, үстіне жазады | Оқушылар сыныптастарының жауабын тыңдай отырып бірін-бір бағалайды. Мұғалімнің бағалауы. | Слайдтар Слайдтар Қима қағаз |
Сабақтың соңы | Айтылым Сынып оқушыларын жұптасып, жоспарға сүйеніп мазмұндайды. Жоспар: 1.Әлібек жағажайда 2. Салқын су 3. Әлібекті емдеу 4. Дәрігердің кеңесі Тірек сөздер: сусын, жағайжай, суық сусын, пайдалы Өз пікірін білдіргенде: Менің ойымша... Менің көзқарасым бойынша...., себебі, .... (Оқушылардың кейбірі құрмалас сөйлеммен ойын жеткізсе, көпшілігі жай сөйлеммен баяндайды.) Дескриптор - мәтінді мазмұндайды; - тірек сөздерді орынды қолданады; - өз көзқарасын білдіреді. Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. Жеңіл болды Ойландырды Қиын болды Есте сақта! Жағажайға барамын. Салқын су ішпе Суды қайнатып іш. Дәрігер емдейді. Үйге: 80 бет 4- тапсырма | Жұптық жұмысты орындайды | Бағдаршам | |