Сабақ тақырыбы: | Сұлба және карта | Мектеп |
Күні :13.12.2016 ж. | | Мұғалімнің есімі: |
СЫНЫП: 1 «Ж» сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | |
| |
|
Тірек сөздер: | cұлба – план – plan; карта – карта – map; шартты белгілер – условные знаки – conventional signs. |
Ресурстар: | Флипчарт, жергілікті жердің сұлбасы, шартты белгілер көрсетілген үлестірме парақшалар, карта, «Достарымның мекенжайы» ойынына арналған кестелері бар үлестірме парақшалар. «Шартты белгілер» тапсырмасын орындау үшін А3, А4 көлеміндегі суреттер (үй, өзен, көпір, орман және т.б.), қабырғаға ілінетін Қазақстан картасы, А4 көлеміндегі Қазақстанның контур картасы (оқушылардың санына қарай), Ш.Уәлихановтың портреті. |
Сабақтың мақсаты: | 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау 1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау |
Сабаққа байланысты деректі материалдар | Сабаққа қатысты ескертпелер |
Жергілікті жер сұлбасы – бұл аумағы жағынан шағын жер телімінің кішірейтілген көрінісі. Сұлба арқылы біз белгілі бір жердің ерекшеліктерін, сондай-ақ ондағы заттар мен нысандардың орналасу ерекшелігін білеміз. Жергілікті жер сұлбасын қарап отырып, биіктігі әртүрлі ғимараттардың онда бірдей етіп түсірілгенін байқаймыз. Яғни барлық заттардың пішіндері сұлбада төбесінен көргендей бейнеленеді. Жергілікті жер сұлбасыадамдардың күнделікті тіршілігінде қажет. Көбінесе сұлбаны құрылыс жұмыстарында қолданады. Жергілікті жер сұлбасын көбінесе фермерлер жаңа ауыл шаруашылығы алқаптарын игерген кезде және егін егу жұмыстарымен айналысқан кезде қолданады. Сонымен қатар саяхатшы жергілікті жер сұлбасын саяхат жасау кезінде қолданады. Ерте заманнан ақпарат берудің бір тәсілі карта болатын. Карталарды ел билеушілер әскери жорыққа шығу үшін пайдаланды. Олар картаның көмегімен дұрыс бағытпен жүріп отырды. Бірақ ол кезеңде көптеген карталар дәл көрсетпейтін еді. Географиялық білім алу үшін адамдар қиын және қауіпті саяхаттарға шығып отырды.Отандық және дүниежүзілік ғылымға өз үлесін қосқан көрнекті ғалым Ш.Уәлиханов болатын. Өжет саяхатшы және қажымас зерттеуші Ш.Уәлиханов қиындықтарға, қауіптерге толы Қашқарияға, Шығыс Түркістанға сапарына шықты. Ол еуропа ғылымы үшін Қашқарияны ашқан тұңғыш ғалым болды.Ұзақ уақыт бойы Қытайдың Шығыс бөлігі ғылым үшін құпия еді. Көп адам бұл жерлерге бара алмайтын. Оның ғылыми ерлігі Ресей және басқа да елдердің ғалымдарының назарын аударды. Ш. Уәлихановтың еңбектері Лондонда, Берлинде басып шығарылды.Тұңғыш қазақ ғалымы Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі мен еңбектерін орыс және әлем жұртшылығы кеңінен таныды. Туған еліне деген сүйіспеншілік, халықпен тығыз байланыс оған бірнеше жылға ілгері ойлануына мүмкіндік берді. | Сабақты «Достарымның мекенжайы» ойынынан бастасаңыз болады. Оқушылар алдын ала дайындалған кестелерден сынып оқушыларының мекенжайы (көшесі, үйі) туралы ақпарат жинайды. Қай оқушы көбірек ақпарат жинайтын болса, сол жеңеді. Оқушылардан жолда адаспау үшін оларға не көмектесетінін сұраңыз. Саяхатшы Арман мен Айша. Оқушыларғаоқулықтағы 1-суретке қарауын сұраңыз. Олардың назарын Арман мен Айшаның қолындағы жергілікті жер сұлбасына аударыңыз. Оқушылармен бірге нысандардың суретін талдаңыз, оларға бұл нысандар сұлбада шартты белгілермен көрсетілгенін түсіндіріңіз. Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға беріңіз. Шартты белгілер. Бұл тапсырманы орындау үшіншартты белгілер салынған үлестірме парақшаларды қолдана отырып, ойын ұйымдастырсаңыз болады. Әр топқа «үй», «орман», «көпір», «өзен» және т.б. шартты белгілерін 5-6 данадан үлестіріңіз. Оқушылар онда бейнеленген нысанды және қандай түстердің қолданылғанын айтады. Мұғалімнің белгісі бойынша олар шартты белгілерді кабинетте ілініп тасталған суреттермен тез сәйкестендіруі тиіс. Қабілеті жоғары оқушыларға өз шартты белгілерін ойлап табуға ұсыныс беріңіз. Карта. Оқушылар оқулықтан Қазақстан картасынқарап, ол жерден Астананы табады. Оларға сұлба мен картаны салыстыруға, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға тапсырма беріңіз. Салыстыру үшін Венн диаграммасын қолданыңыз. Оқушылар оқулықтағы 2-мәтінді оқиды. Орындап көр. Бұл тапсырманы орындау үшіноқушыларға сұлбалы карта таратыңыз. Қабырғада ілінген картаға қарап, сұлбалы картаны бояуға тапсырма беріңіз. Оқушылар картадан өз қаласын (ауылын) тауып, атауын сұлбалы картаға түсірсін. |
Сабақтың қорытындысы | Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Мен кіммін? Оқушыларға Ш.Уәлихановтың портретін көрсетіңіз. Оларға бұл адам туралы не білетінін анықтаңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Оқушылар өз бетімен көрнекті тарихи қайраткер туралы айдардың мәтінін оқып шықсын. Оқылған ақпаратты деректі материалдардан алынатын ақпаратпен толықтырыңыз. Ш.Уәлихановтың нағыз отансүйгіш тұлға болғанын және өз халқының игілігі үшін көп қызмет атқарғанын ерекше атап кетіңіз. | Сабақ барысында оқушылар тірек сөздерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді, сөйлемдер құрайды, өз көзқарастарын білдіреді. Тірек сөздер оқушылар үшін жаңа, сол себепті бұл сөздерді 3 тілде хормен дауыстап айтқызыңыз. Қабілеті жоғары оқушылар тірек сөздермен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлемдер құрай алады. |
Пәнаралық байланыс | Қосымша тапсырмалар |
Математика. Оқушыларға Қазақстан картасындағы қалаларды (облыс орталықтарын) санауға тапсырма беріңіз. Өнер. Жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырманы орындау «Өнер» пәнімен пәнаралық байланысты жүзеге асыруға көмектеседі. АКТ. Оқушылар интернеттен ежелгі карталарды, теңізшілер картасын және т.б. таба алады. Тапқан мәліметтерін қолдана отырып, арнайы плакаттар жасайды. | «Картаны жылдам салып үйренеміз» ойынын өткізіңіз. Оқушыларды 4-5 шағын топтарға бөліңіз. Тақтаға жергілікті жер сұлбасын іліңіз. Топтың бір оқушысы «суретші» (ол тақтаға арқасын қаратып отырады), қалғандары «көмекшілері». Көмекшілер сұлбаның элементтерін естеріне сақтап, суретшіге дұрыс жеткізуге тырысады. Әр оқушы сұлбаны 30 сек. қарайды да, суретшінің жанына барып, не салу қажет екенін түсіндіреді. Ойын суретші сұлбаны толық салып болғанға дейін жалғасады. Оқушылар жұмыстарын өзара тексеріп, бағалай алады. |
Бағалау | Оқушылар –– жергілікті жер сұлбасы мен картасын; –– қазақтың көрнекті ағартушы ғалымының есімін; –– сұлбалы картаның неге арналғанын білді. Оқушылар –– жергілікті жердің қарапайым сұлбасын сызуды; –– сұлба мен картаны ажыратуды; –– шартты белгілерді қолдануды; –– сұлбалы картамен жұмыс істеуді; –– тірек сөздерді үш тілде дұрыс қолдануды үйренді. Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға мынадай тапсырма беруге болады. Сөз және оның мағынасы арасын сызықпен қос. Карта | Шағын жер телімінің суреті | Жергілікті жердің | Географиялық нысандардың | сұлбасы | кескіні көрсетілген оқу | | картасы | Шартты белгілер | Жер бетінің кішірейтілген | | көрінісі | Сұлбалы карта | Жергілікті жер мен | | картадағы нысандарды | | көрсететін белгілер | |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |