Тақырып: Сөз таптары Зат есімді, етістікті қайталау.
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 3 «А»
Сынып жетекшісі: З.З. Аубакирова
Сабақтыңтақырыбы: Сөзтаптарың қайталау. Зат есім. Етістік. Қайталау сабағы.
Мақсаты: а) Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңейту. тапсырмалар арқылы білімдерін тиянақтау.
ә ) Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізднімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу, халық педагогикасымен ұштастыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Топтық жұмыс, қайталау сабағы.
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс, көрнекілік, деңгейлік тапсыр-малар, жұмбақтар шешкізу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Психологиялық дайындық:
Қуат алар Отан содан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Дұшпаның да бас иетін
Тілің ұлттық қасиетің.
Тартқан талай ұлыстар бар
Тілсіздіктің қасіретін, - деп ақын Ө. Ақыпбеков жырлаған екен.
- Ендеше, дүниеде ешнәрсе тең келмес, ұлттық қадір-қасиеттерімізді арттырар, тіліміздің қыр-сырын танытар, қазір қазақ тілі сабағы.
Сыныпты 3 қатар бойынша топқа бөлу.
І топ «Жігер» Ұраны: Жігерлі жасымас .
ІІ топ «Әділ» Ұраны: Әділ істің-арты игі.
ІІІ топ «Білгіштер» Ұраны: Білемін деп мақтанба,
Сенен де білгіш табылар.
Дәптермен жұмыс : Дәптерімізде көрсетілген көркем жазуды жазамыз
Күнді жазу
Нн
Наурыз нар науа намаз
ІV. Негізгі бөлім
І кезең «Ой қозғау»
Трек схема бойынша балардың алған білімдерін тиянақтау.
1-тапсырма. « Кім жылдам?»
Жұмбақ.
Білесіңдер кім? не? сұрағын
Сөйлемдегі ой иесі боламын.
Не істеді? сұрағымен көркеемін, толамын.
Жауабы: Зат есім.
Зат есім плакатты толтыру
Негізгі және туынды зат есім
Зат есімнің сұрақтары
Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Зат есім
Зат есімнің тәуелденуі
Жалқы және жалпы есім
Зат есімнің көптік жалғаулары
Екінші жұмбақ:
Зат есімнен қалмайды,
Қимылын ол қолдайды.
Кездессе ол сөйлемде,
Аяқ жағын бойлайды. Бұл не? (Етістік)
Дара және күрделі етістік
Етістік
Негізгі және туынды етістік
Болымды және болымсыз етістік
Не істеді? Не қылды? Қайтты?
Мұғалім: Жарайсындар балалар, ережені жақсы білесіндер. енді оны жүзеге асыра отырып тапсырмаларды орындаймыз.
- Қандай сөз таптарына тапсырма беріледі№
- Дұрыс, зат есіммен, етістік.
Тапсырма.Eрежелерді тапсырмалармен бекіту.
Мен шегінсем, шегініп
Мен керілсем, керіліп
Кетпей қойды жыраққа,
Сөйлемейді бірақта.
Ол не?
Жұмбақтыңшешуінқалайтапқаныңдыайт.
2) Шешуін сөзқұрамынаталда.
3)Жалқы және жалпы есімдерді
жаз. (бес сөзден)
Қиналмай, тауларды, орманды,теңізді, дариятоптарды,
Ауылды, қаланы, халықты
Ойлап тап көтерген алыпты.
Ол не?
1. Жұмбақтыңшешуінқалайтапқаныңдыайт.
Зат есімнің көптік жалғауын жаз.
Көктемде көгереді,
Жаздажайқалады.
Күзде сарғаяды,
Қыстатамырлайды.
«Өсімдік» сөзін 3жақтатәуелдепжаз
Жекеше көпше түрінде.
2- тапсырма: «Ойлан, тап»
І топ: Өлеңді оқы «Іскерлер» Дәрігер бала емдейді, Жолшы жолды жөндейді. Ұстаз сабақ береді, Бағбан жеміс егеді. Ұста темір соғады,
Балташы ағаш жонады. Диқан тыңды тіледі, Ісмер кесте тігеді. Кенші жерді қазады, Ақын өлең жазады. • Туынды зат есімдерді теріп жаз, сөз құрамына талда.
ІІ. топ
Негізгі зат есімдерді бір қатарға, туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз. Суретші, ойпат, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер, қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана, көл, коньки, суат.
• Туынды зат есімдердің түбірі мен жұрнағын белгіле.
(Негізгі зат есімдер: ойпат, сый, қалам, ағаш, өнер, су, балық, мұз, коньки, көл. Туынды зат есімдер: суретші, сыйлық, қапшық, сусын, үйшік, құлыншақ, асхана, суат.)
ІІІ. Топ.
Мына сөздерге көптік жалғауын жалғап, сөйлем құрастырындар.
Ағаш, адам, алма, қалам, мектеп.
Сергіту сәті: Көзді демалту.
3 -тапсырма «Ой толғау»
І топ.
Болымсыз етістік пен сұраулы сөйлемді салыстыр, қорытынды жаса
Үйілген сұр төбешік күл ме?
Досыңды мұқатып күлме.
Көліктен секіріп түспе.
Жылтыраған қызыл түс пе?
ІІ. топ
1. «Сөздерден сөйлем құра»
1. Оқыды, кітап, балалар. 2. Сырғанақ, ойнады, балалар 3. Серуенге, балалар, шықты
2. Туынды етістіктерді жасаушы жұр
- нақтарды қызыл түспен белгіле.
-ла -ле -дар -дер -та -те -ның -да -де.
ІІІ. Топ.
Дара етістіктерді ішіне, сол етістіктерді күрделі етістікке айналдырып, сыртына жаз.
Күреді, ..... жатыр
Үйді, ..... жатыр
Құйды, ..... тұр
Сүзді, ..... жатыр
Ұшты, ...... жүр
Жауды, ..... жатыр
Ішіне сыртына
Күреді күреп жатыр
4 – тапсырма. «Мағынаны ашу»
Суреттермен жұмыс.
І топ.
Не істейді? деген сұраққа етістіктерді жаз.
Қой атасың айт.
Қой туралы мақал- мәтел айт.
ІІ топ.
Не істейді? деген сұраққа етістіктерді жаз.
Жылқы атасың айт.
Жылқы туралы мақал- мәтел айт.
ІІІ топ.
Не істейді? деген сұраққа етістіктерді жаз.
Сиыр атасың айт.
Сиыр туралы мақал- мәтел айт.
V. Қорытынды:
Бекіту:
Тест:
Зат есім заттың несін білдіреді?
А) Сынын білдіреді
Ә) Іс – қимылын білдіреді
Б) Атын білдіреді
2. Заттың көп екенін қандай жалғаулар білдіреді?
А) ның, нің, дың, дің, тың, тің
Ә) –лар, - лер, -дар, тар, - тер
Б) мын, сың, із, быз, сыңдар, сыздар
3. Тәуелдік жалғау нені білдіреді?
А) заттың көп екенін
Ә) заттың біреуге тән екенін
Б) жіктелуін
4. «Отыр» қандай етістік?
А) дара етістік
Ә) күрделі етістік
Б)болымсыз етістік
5. Негізгі етістікті көрсетіңіз. A) Ақылдас. B) Ойлан. C) Кел.
6. Болымсыз етістіктің –па, -пе жұрнақтары жалғанатын сөзді белгілеңіз. A) Ал, бер. B) Жаз, оқы. Б) Айт, күт.
Тесті тексеру, бағалау.
VI.Оқушылар білімін бағалау: Әр топ басшысы өз тобын бағалайды.
- Балалар үшінші тоқсанда қандай сөз таптарын өттік?
- Өсы сөз таптары жөнінде не білдіндер?
- Қандай жаңа ақпарат алдындар?
- Тағы не білгілерін келеді?
VII.Үйге тапсырма.
«Оқулық» сөзін үш жақта тәуелдеп келу. Сөйлем құрастыру.
.