kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?з таптары (?ажайып ??с ертегісі бойынша саба? ?лгісі).

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный урок предназначен для 3-го класса начального звена с казахским языком обучения.Урок составлен соответствии с программой начального обучения. Данный урок направлен на развитие знании по главным членам в частности изучения частей речи. Во время урока были использованы письменные, устные, развивающие и проектные формы обучения. Данный урок разработан с использованием стратегии критического мышления: кубизм, схемы, семантические карты, опорные сигналы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?з таптары (?ажайып ??с ертегісі бойынша саба? ?лгісі). »

Сөз таптары

(Ғажайып құс ертегісі бойынша сабақ үлгісі).


Молдагулова Бакыт Караевна

Торғай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі:

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын , сөйлеу тілін дамыту,

Олардың ойында сөз таптары туралы топтастырылған ұғым қалдыру.

2.Дамытушылығы:

Сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жыл құстарының мекеніне оралуын әңгімелеп, сөздік қорларын дамыту.

3.Тәрбиелігі:

Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу. Құстарды қорғау, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Типі: аралас сабақ.

Түрі: экологиялық ертегі сабақ, қайталау.

Әдіс-тәсілі:

сұрақ-жауап,топтастыру әдісі, сементикалық карта, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: құстардың суреттері, сементикалық карта,

сюжетті суреттер, тест тапсырлары, жүрекшелер, қапаз.


Ұраны: Құстар-біздің досымыз.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, олармен сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сыныпты 3 топқа бөлу.

Әр топта 5 оқушыдан болады.

“Сұңқар” тобы “Қыран” тобы “Лашын” тобы

2)Психологиялық дайындық.

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін.

Екі құлағың не үшін керек?

Жақсыларды есту үшін.

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

527-жаттығу. Сурет бойынша жазған әңгімелерін оқытып,т алдау.

Сан есімдерді атап кету.

3.Кіріспе әңгіме:

а)суретпен жұмыс:

Қане, балалар, мына суреттерге назар аударайық.

Нелерді көріп тұрсыңдар?(Аңдар мен құстарды).

Осы аңдар мен құстардың атын айтайықшы? (Оқушылар атайды)

Олар қайда мекен етеді?(Орман, тоғайда мекен етеді).

Өздерің қандай аң-құстарды білесіңдер?(Оқушылардың жауаптары).

4.Жаңа сабақ:

-Балалар, бүгін біз қазақ тілі пәні бойынша дәстүрлі емес экологиялық ертегі сабағын өткіземіз.

Ерте-ерте ертеде жапан түзде сиреп қалған орманның ішінде бір тоқылдақ өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып тоқылдатумен болыпты. Қатты дыбыстан мең-зең болып бастары ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар тоқылдақты орманнан куып жіберіпті. Тоқылдақ кетіп, біраз күн өткен соң, ормандағы ағаштардың жапырақтары қурап,бұтақтары сынып, діндеріне құрт-құмырсқа түсіп, шіри бастайды. Құрт ауруына шалдыққан ағаштар күні-түні көмек сұрап зарлай береді екен. Оның дауысын естіп бір күні қараторғай ұшып келеді.

Мән-жайды түсінген соң, мен дәрігердің кім екенің білмеймін, дегенмен іздеп келейін деп ұша жөнеледі.

Мұғалім: Балалар, ағаштарға сендердің көмектескілерің келе ме?

Балалар: Иә

Мұғалім: Олай болса қараторғаймен дәрігер іздеп жлға шығайы. Алдымен сұрақтарға жауап беріңдер.

Сұрақ: (“Сұңқар”тобына тапсырма)

1.Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің түрлерін, сұрақтарын ата.

Мұғалім: Қараторғай дәрігер іздеп “зат есім”деген орманнан ірі қарай ұшып кетеді.

Ұшып келе жатып, қалың тоғайдың қасына келгенде құйқылжыта ән салып отырған бұлбұлды көреді. Ол бұлбұлдан ағаштарға көмектесуін өтінеді. “Кешір, мен үшін әуре болма. Менің қолым тимейді. Менің әнімді тоғайдағы аңдар, құстар түгілі адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмне сұра”, - дейді. Олай болса бұлбұлдың тілегін орындап бір сергіп алайық.

Сергіту сәті: “Қарлығаш”

Енді тапсырма орындайық:

Сұрақ: (“Қыран” тобына тапсырма)

2.Етістік дегеніміз не? Етістіктің түрлерін ата.

Мұғалім: Қараторғай дәрігер таба алмай “етістік” деген орманнан әрі қарай ұшып кетеді.

Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да ағаштарды “емдей гөр” деп өтініш айтады. Сонда аққу:

-Мен қасиетті, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл-кеңес сұрайды. Осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, сен солардың біреуін тауып өтініш айт. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, ағаштарды емдеп қалар, - дейді.

Аққудың тапсырмасын орындау.

Сұрақ: (“Лашын” тобына тапсырма)

3. Сын есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?

Мұғалім: “Сын есім” деп аталатын айдын көлдер әрі қарай ұшып кетеді.

Қараторғай орманда арлы-берлі ұшып жүрген айыр құйрық қарлығашқа кездеседі.

Мұғалім: Балалар, қарлығаш көбінесе ұясын қайда салады?

Неліктен? Қарлығашқа байланысты қандай ырымдарды білесіңдер?

Қарлығаштың тапсырмасын орындау.

1. “Сұңқар” тобына: Сан есім дегеніміз не?

2. “Қыран” тобына: Сан есімнің түрлерін ата.

3. “Лашын” тобына: Есептік сан есім мен реттік сан есімнің айырмашылығы неде?

Осылайша топтастыру жұмысын аяқтау.



Сөз таптары








5.Оқулықпен жұмыс: Дәптерге күн тәртібін жазып, көркем жазу минутын ұйымдастыру. 529-жаттығуды орындау.

Тапсырманы тақтада орындау.

Қараторғай аққудың ақылын тыңдап, орманды аралайды. Онда бос жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс қараторғайдың тілегін орындап орманға келіп, ағаштарды емдеп құрт ауруларынан жазған екен дейді.

Проблемалық сұрақ:

- Ол қандай құс болуы мүмкін, сендер қалай ойлайсыңдар?

Балалардың жауабы: Тоқылдақ.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар бұл тоқылдақ.

6.Сергіту сәті. Ағаштардың емшісі,

Орман-тоғай елшісі.

Тоқ-тоқ, тоқ-тоқ, тоқ ,

Зиянкестер жоқ,жоқ.

-Олай болса, бүгінгі ертегіміздің тақырыбын қалай қоясыңдар?

Балалар: Тоқылдақ-орман дәрігері.

(Музыка ырғағымен сайраған құстардың дауысы естіледі).

Әр топ бір минутта осы тақырып бойынша шағын әңгіме жазады.Сосын әңгімені әр топтан бір оқушыдан оқиды.

7.Сабақты қорыту.

Жасыл ағаш, гүлденген өсімдіктердің пайдасы зор екенін күнде айтып жүрміз. Олай болса осы ертегі желісі бойынша әр топ семантикалық картаны толтырсын.

Сөздер

Ұстаз

Ұшты

Қараторғай

Сұлу

Он бес

Сұрағы

Кім?

+





Не?



+



Не істеді?


+




Қандай?




+


Қанша?





+


8.Сабақты бекіту, пысықтау.

Балалар бүгінгі сабақта қандай ертегімен таныстық?

Ертегі сендерге несімен ұнады?

Ертегіге сендер басқаша қандай ат қояр едіңдер?

Тоқылдаққа көмктесу үшін көптеген тапсырмалар орындадық.

Тоқылдақ құсының зияны бар ма екен?

Жоқ. Тоқылдақ-орман емшісі. Құстарды атуға болмайды.

Табиғатымызға зиян келтірмеуіміз керек. Бір-бірімізге достық көмек жасаған жөн екен.

Білімімімізді тексеру үшін тест тапсырмаларын орындайық.

1.Зат есімді тап.

Оқушы

Биік

Тазалады

2.Жалқы есімді тап.

Қала

Астана

Әдемі

3.Етістікті тап.

Кең

Он бес

Суарды

4.Дара етістікті тап.

Жуан

Құйды

Ойнап жүр

5.Күрделі етістікті тап.

Сұлу

Жазып отыр

Күлді

6.Сын есіміді тап.

Жаңбыр

Бұлбұл

Әдемі

7.Сан есімді тап.

Бес

Тоқылдақ

Жүзіп жүр

8.Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

Он

Тоғызыншы,төрт

Екінші

9.Дұрыс құрастырылған сөйлемді белгіле.

Асан құйды ағаштарға су.

Асан ағаштарға су құйды.

Ағаштарға су құйды Асан.


10.Қатесін тап.

ақтөс

Айгүл

жаңбыр

Құстар- біздің досымыз. Табиғат сәні, әні құстарға қамқорлық жаса, қорға.

Көктемде құстарға ұяшық, қапаз жасауды ұмытпайық. Құстарға арнап жасаған ұяға құстар көп қонады. Оларға жем шашып, бақылап, қамқорлық жасаймыз.(Оқушыларға қапазды көрсету)

Есіңде болсын!(ережелермен танысу)

Құстардың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма.

9.Үйге тапсырма.537-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрау.

Өте жақсы қатысқан топты мадақтап, білімдерін бағалау.

Ақмола облысы

Ерейментау ауданы

Торғай ауылы










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?з таптары (?ажайып ??с ертегісі бойынша саба? ?лгісі).

Автор: Молдагулова Бакыт Караевна

Дата: 14.05.2015

Номер свидетельства: 211178

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "?лгілі саба? жоспары "Атымтай Жомарт""
    ["seo_title"] => string(34) "ulghilisabakzhosparyatymtaizhomart"
    ["file_id"] => string(6) "325035"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462810382"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "?лгілі саба? жоспары "Атымтай Жомарт""
    ["seo_title"] => string(35) "ulghilisabakzhosparyatymtaizhomart1"
    ["file_id"] => string(6) "325036"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462810391"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Жас М?хтар "
    ["seo_title"] => string(13) "zhas-mu-khtar"
    ["file_id"] => string(6) "187031"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426443267"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства