Білімділігі: Оқушыларға сөйлем туралы жалпы түсінік беру, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін меңгерту
Дамушылығы: Өз ойларын ашық білдіруге, өзіндік жұмыс істеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Көркем жазуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа мағынаны меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойлау, топпен жұмыс .
Көрнекілігі: тест, ассоциация, шекарашы, Ә.Қастеев суреті, сызбалар, дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Әдепті бала – арлы бала» әңгіме
Тест
Мәтін дегеніміз не?
А) сөздерден құралады
Ә) мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады
Б) автордың айтайын деген ойы
2.Оқыған мәтін неше бөліктен тұрады?
А) 2 Ә) 1 Б) 3
3. Мәтіннің қандай түрлері бар?
А) айқындау, көру, әңгімелеу
Ә) әңгімелеу, сипаттау , пайымдау
Б) сипаттау, айқындау, әңгімелеу
4.Түлкі жабайы аң. Оның түсі қызғылт, құйрығы ұзын, құлағы тік және сақ.
А) әңгімелеу Ә) пайымдау Б) сиппатау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қарашаның жиырма алтысы
Сөйлем
Аяқталған ойды білдіреді
Сөздерден құралады Сөздер бөлек жазылады
Бірінші сөз бас әріппен Сөйлем Соңына тыныс белгі қойылады жазылады (.) ,(? ), (!) .
Сөйлем айтылу мақсатына қарай
Хабарлы сөйлем Лепті сөйлем Сұраулы сөйлем
Адасқан сөздер ойыны
тепті доп Балалар
Сұлу неткен Табиғат
бардың? қайда Сен
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?) не деп белгісі (!) қойылады.
219 – жаттығу. Сөздерден салыстырып оқы. (суретпен) Шекарашылар күзетте тұрады.
Шекара, шекарашы,ел, қорғайды, күзет,олар, тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды.
ІV. Сергіту Қыран құстай самғаймыз,
Әлемді біз шарлаймыз.
Биік - биік шыңға өрлеп,
Тыныштықты қорғаймыз.
220 – жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп, жаз. Ажар (кітапхана) барды.(Кітапхана) адам көп. Ол (кітапхана) кітап алды.
І топ. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
Сырғанақ, бірнеше ,бала, теуіп жүр.
Ақан, сырғанады, шанамен
ІІ топ. Ол айрылып, қалды,шанадан, абайсызда.
Төмен, шана, сырғанай, жөнелді.
222 – жаттығу. Сөйлемдердің соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе?