ІІ. Жаңа сабақ: | 1. Жаңа сабақты хабарлау 2. Шығарманың тақырыбымен таныстыру: Қарттарым – асыл қазынам Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз. Ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған. Жалпы айтқанда, қарттардың отырған жері бір береке ғой, шіркін! Сол кісілердің арқасында осындай тыныш заманда өмір сүріп отырғанымызды кейінгі ұрпақ білсе деген ізгі тілегім бар. «Өткен менен кеткенді көп жасаған қарт білер» демекші, кешегі Ұлы Отан соғыс жылдарында, сонау ел басына қиын- қыстау күн туып, «ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран уақыттарда халықтың бейбіт заманда өмір сүруі үшін бастарын бәйгеге тігіп, өлім мен өмірдің ортасынан елін, жерін, тілін, дінін, салт- дәстүрін болашақ ұрпағына аман-есен жеткізді, біз, яғни жас ұрпақ сол үшін де қарыздармыз. Қарттарын ерекше құрметтеп, ардагерлерімізді ардақтаған елдің баласымыз. Абыз ақсақалдар дегенде ең алдымен кешегі Майқы би, Бұхар жырау, Төле, Әйтеке, Қазыбек билер мен дана Абай есімізге түсері анық, олардың даналығы бір ауыз сөзімен дүйім жұртқа төрелік айтып, елді аузына қаратқан ақсақалдардан кенде болған емеспіз. Бүгінгі жас, ертеңгі - қария. Мұны әр бір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйіп, атасыз үйлері - батасыз, анасыз үйлері - панасыз қалатынын ескерген дұрыс. Қарттарымыз бағасыз байлық, төрімізде отыруының өзі бір бақыт. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Аллаһ разылығы - ата-ана разылығында, Аллаһтың ашуы – ата-ананың ашуында жатыр», - деген. Сондықтан ақсақалдарымыздың қадіріне жетіп, құрметтейік, бас иеиік, өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық! | 1. Сабақтың мақсатын қояды 2. Шығарма тақырыбын тыңдайды, өз ойларымен бөліседі, талдайды
Жеке жұмыс: шығарманы жазады орындайды |