Ұйымдастыру кезеңі. 1.Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберіне тұрады. -Арайлап таң атып келеді. -Не дейміз? -Қайырлы таң дейміз. -Күлімдеп күн шығып келеді. -Не дейміз? -Қайырлы күн дейміз. -Күнге қарап қандай тілек айтамыз? -Күніміз сәтті, көңілді болса екен деп тілейміз. -Қонақтарға қандай сиқырлы сөз айтамыз? -Қайырлы күн ұстазым! Қайырлы күн достарым! Қайырлы таң қонақтар! 2.Сыныпты топқа бөлу. Топ жетекшісін сайлау. Топ ережесін сақтау. Кубизм. Қарлығаш құсы туралы не білеміз? Қарлығаштың ұясы қалай суреттелген? Бір күні қандай қауіп төнді? Жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерін әңгімеле. Жылан туралы не білеміз? Қарлығаш жыланнан қалай құтылды? Қорытынды: -Біреуге зорлық, қиянат жасамау керек. Қатыгез болмауға тәрбиелеу. Мейірімді, ынтымақшыл болу керек екенін түсіндіру. Қызығушылықты ояту. -Балалар сендермен “Бейнені тап”ойынын ойнаймыз. Экранға назар аударайық. -Кімнің , қай автордың бейнесін көріп тұрсыңдар? Автор сендерге бұрыннан таныс па? -Иә, С.Сарғасқаев атамыз – балалар жазушысы. -Автор туралы не білеміз? -Автордың шығармалары постер, слайдтан көрінеді. Мағынаны тану. -Біз бүгін С.Сарғасқаев аталарыңның “Шыбық” әңгімесімен танысамыз. ”Аквариум” әдісі. -Балалар оқиғаны тыңдай отырып, көз алдарыңа елестете отырып, мәтінді мұқият тыңдаймыз. Қандай жаман, жақсы қасиет туралы айтылады, ой қорытамыз. Оқулықпен жұмыс. “Ойлан – бірік - талқыла” 1-топ. Көктем мезгілін суреттейтін үзіндіні тап. 2-топ.Бақыттың ұсынысы немесе өтініші қандай еді? 3-топ. Бақыттың табандылығын, еңбекқорлығын суреттейтін тұсты тауып оқы. 4-топ. Темірдің өкініші туралы тауып оқы. Сөздікпен жұмыс. Тесе – кетпеннің кішкене түрі. Мұғалім А3 парағын таратады. 1-топ. Бақытқа мінездеме. 2-топ. Темірге мінездеме. 3-топ. Ортақ белгі. 4-топ. Мақалды жалғастырып жаз. Еңбегің қатты болса, Жегенің ...... ............. . Еріншектің ......... бітпейді. Еңбек етсең ........... , ..... ........ ........ . Балалар сендерге әдемі, сиқырлы қалпақтар таратамын. Ой толғаныс. “Де Боно” ойлаудың сиқыры 1-топ. Қызыл қалпақ Әңгіме туралы не ойлайсындар? 2-топ. Ақ қалпақ. Фактілер. Әңгіме мазмұнын қазіргі өмірмен байланыстыруға бола ма? Осындай балалар бар ма? Қажетті ақпаратқа назар аударады. 3-топ. Сары қалпақ. Позитив. Әңгімедегі баланың орнында болсаң не істер едің? 4-топ. Қара қалпақ. Жағымсыз. Әңгімедегі жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз. -Қандай жағымсыз оқиғалар болды?(қандай кейіпкер бар?) 5-топ. Жасыл қалпақ. Жаңа идея айтады. 6-топ. Көк қалпақ .Қорытынды ой айтады. “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” дегендей. Балалар тапсырманы өте жақсы саралап, ой қорыттыңдар. Енді сиқырлы қалпақтарыңды шешіп, әркім өз орнына, тобына отырсын. Дәптермен жұмыс жүргізіп, ой қорытамыз, ой толғаймыз. “Автор орындығы” әдісі. 1-топ. Бақытқа хат. 2-топ. Темірге хат. 3-топ. 5 жолды өлең Еңбек 4-топ”Ағаштардың пайдасы” пайымдау мәтінін құрастыру. Сабақты қорытындылау. Еңбек - бәрін де жеңбек. Мұғалім қорытындылайды. Топ басшысы топ мүшелерін бағалау парақшасына бағалайды. Мұғалім қорытынды бағалайды. Мәтінді мазмұндау. Еңбек туралы мақал-мәтел жинастыру. | Шаттық шеңберіне тұрады. Әдемі гүлдерді таңдап алып, түсіне қарай топқа бөлінеді. Жауап береді. “Бас бармақ” бағалау Бағалайды Автор . Көреді, автордың аты-жөнін айтады. Жауап береді. Оқушылар автор туралы әңгімелейді. 1оқушы автор туралы әңгімелейді. Топтағы оқушылар кеңеседі. 1оқушы автор шығармаларын атайды. Әр топ тапсырманы орындайды, жауап береді. Рөлге бөліп оқу. Дәптермен жұмыс істейді, жазады. Экранда көрінеді. Оқушы 1-топ А3 Бақытқа мінездеме 2-топ. Темірге мінездеме. 3-топ. Ортақ белгісін жазады. Тақтаға іледі. Венн диаграммасын құрастыру. Экрандағы мақалды толықтырып жазады. Осы түске байланысты топқа бөлінеді. “Де Боно” ойлаудың сиқырлы қалпақтарына лайықталып бөлінген топтар жауап береді. Әр топтың жауабы тыңдалады. Әр топ тапсырманы орындайды, айтады. Бағалау “Бағдаршам” әдісі. Оқушылар жауап береді. Топ басшысы бағалайды. |