1 2-13 мин 1 мин. 1мин 2 мин 1 мин | Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту. -Балалар бугін сабаққа Дымбілмес келді, ол үнемі сендермен жаңа білім алады. Сондықтан Дымбілместің себетін жаңа біліммен толықтырайық. Тазартады киімді. Тазартады үйіңді. Не дейді бұл бұйымды? ( Щётка) - Балалар щетка сөзінде таныс емес дыбыс бар ма? Щ щ дыбысының айтылу артикуляциясы. -Щ дыбысын айтқанда ауыз қуысыңда қандай өзгеріс болды? а)Щ дыбысын айтқызу. Айтылу ерекшелігі арқылы қандай дыбыс екенін тапқызу. Оқулықпен жұмыс Айтылуы жағынан қай дыбысқа ұқсайтынын тапқызу. ә)І топ. Көкөністен жасалатын дәруменді көже... ( борщ). ІІ топ. Құрамында тұз көп болса қандай дейміз?... (ащы). ІІІ топ. Бірі тісті жуады,бірі шаңды қуады...(щетка). б) -Щ дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді? -Бұл сөздер қазақтың төл сөзеріне жата ма? г)Мәтінді оқып, таныстырамын. « Таныс емес әріпті тап» ойынының мақсатын түсіндіремін. Сергіту сәті. Щетка, щетка, щеткалар Неше түрлі щетка бар, Бірі тісті жуады , бірі шаңды қуады. Бірі киім тазалап,бірі шашты тарайды. «Жоғалған әріп» ойынының мақсатын түсіндіру. Дәптермен жұмыс. Щ щ әрпінің элементтерін анықтату, жазылу жолын анықтату,ауада, тақтада жазып көрсету. Көркем жазу ережесін естеріне түсіру.Дұрыс отыруларын қадағалау. Бағалау Стикер арқылы оқушылар өздерін бағалайды. Сабақты Дымбілместің себетіндегі алмалар арқылы қорытындылатамын. Рефлексия Оқушылармен кері байланыс орнату | Әрбір алған жаңа ұғымдар, сөздер,жаңа білімдерін алмаларға жазып Дымбілместің себетіне салып отырады. 1-алма. Щ дауыссыз дыбыс. 2-алма.Айтылу ерекшелігіне қарай Ш дыбысына ұқсайды. 3-алма.Щ сөздің басында, ортасында, соңында келеді. 4-алма.Көбінесе басқа тілден енген сөздерде кездеседі. 5-алма.Щ әрпі жазылу жағынан Ш әрпіне ұқсайды. 6-алма. Щ әрпі 4 элементтен тұрады.(3 ілмек,1 ілгек) 7-алма. Щ-негізгі және жоғарғы қосымша жолға жазылады. щ- негізгі жолға жазылады. Оқушылар қандай дыбыс екенін табады. Щ щ 1.Ерініміз сәл дөңгелене алға қарай жылжиды. 2.Тіліміздің ұшы күрек тістерімізге қарай сәл көтеріледі. 3.Дыбыс еркін шықпайды. Оқушылар дыбысты айтады . Айтылу ерекшелігі арқылы қандай дыбыс екенін табады. Қай дыбысқа ұқсайтынын табады. ә) І топ.Борщ ІІ топ.Ащы ІІІ топ. Щетка сөздеріне тақтада дыбыстық талдау жасайды. б) Оқушылар Щ щ дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында келетінін және Щ щ дыбысының басқа тілден енген сөздерде ғана кездесетін табады.(СТОҮ) г)Оқушылар «Түртіп алу» әдісі арқылы мәтіннен Щ әрпін тауып сызады, мәтінде неше рет кездескенін айтады.( 5) « Жоғалған әріп» ойыны арқылы сөздерді табады.(щетка,тұщы,ащы) Щ әрпінің элементтерін анықтайды, өткен әріп элементтеріне ұқсастығын табады. Щ әрпін жазудағы басталу нүктесін анықтайды Ауада жазып жаттығады. Жазу жолын анықтайды. Дәптердегі үлгі жазуды бастырып жазады. Өз-өздерін бағалау Әр қатардан 2-3 оқушыдан шығып сабақтан алған білімдерін қорытындылайды. Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы білдіреді. |