kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шаттыққа толы жүрекпен" өзін -өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін - өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары. Бастаыш сыныптарға арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шаттыққа толы жүрекпен" өзін -өзі тану пәнінен сабақ жоспары»

Сабақтың тақырыбы: ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету

Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сеніділігін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Жаңа ақпарат

Біз бақытты баламыз!

Жылай қалсақ, жұбанамыз,

Ақыл тыңдап, тіл аламыз,

Біз тәртіпті баламыз!

Таңда ерте тұра аламыз,

Беті-қолды жуа аламыз,

Біз ұқыпты баламыз!

Үлкендерді сыйлаймыз біз,

· Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?

· Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

· Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?

Әңгімелесу

Өзін-өзі тану сабақтары арқылы адам өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сабақта сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, бақыт, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады.

Өзіңді тану

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу – өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзіңнен үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? – деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? – деп ойла.

Өзін-өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсініктеріңді айтыңдар.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.












Сабақтың тақырыбы: ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН

Білімділік мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету

Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сеніділігін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Бірлік

Отан

білім

Махаббат

Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің.

Балапан

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

1.Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

2.Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Суретке қараңдар. Төмендегі сұрақтарды қолдана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

Жағдаятты шешу

1. Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?

2.Адамның дамуына не ықпал етеді?

3.Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер байқадыңдар?

4. Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?

Жүректен жүрекке

Біз осылай өсеміз

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



Сабақтың тақырыбы: Арайлап атсың әр таңым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарыс қатынас жасауды үйрету

Дамытушылық мақсаты: сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: өзін және айналасындағы адамдарды сыйлау және қуанта білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік!

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

· Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

· Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?

Жаңа ақпарат

Бос қайық

Бір данышпан өз оқушыларына былай деді:

– Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.

Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе-бет жалғыз қалдым.

Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу-ыза қыса бастаса, өзімнен-өзім күлемін де: «Бұл да бос қайық!» деп, сабама түсемін.

· Аңызда адам көңіл күйінің қандай сәті сөз болады?

· Өздерің аңыздан қандай қорытынды жасар едіңдер?

· «Бос қайық» әдісін өмірде қалай қолдануға болады?

Ойын

Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар, қуаныш адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді.

Суреттегі балалардың бет-бейнелеріне қарап, қандай көңіл күйде тұрғанын әңгімелеп беріңдер.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Арайлап атсың әр таңым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарыс қатынас жасауды үйрету

Дамытушылық мақсаты: сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: өзін және айналасындағы адамдарды сыйлау және қуанта білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Әңгімелесу

Өмір деген жарыста,

Шаттанғын, дос, қалыспа!

Өзіңнің, өзгенің көңіл күйін қалай көтеруге болады деп ойлайсыңдар?

Жаңа ақпарат

Тиін мен қасқыр

Тиін бұтақтан-бұтаққа секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр ұшып тұрып, оны жемекші болады.

– Қоя бер мені! – деп, тиін жалына бастайды.

– Жақсы, қоя берейін, бірақ осы тиін біткен неге сонша көңілді боласыңдар, соның себебін айтшы маған. Мен үнемі жабығып жүремін, ал сендер төбемізде асыр салып ойнайсыңдар да жүресіңдер.

– Ең әуелі мені ағаштың басына жібер, сол жерде тұрып айтайын, әйтпесе сенен қорқамын, – деп жауап береді тиін оған.

Қасқыр тиінді қоя береді. Ол ағаштың басына шығып алып:

– Сен өзің зұлымсың, содан ылғи жабығасың да жүресің... Ал біз болсақ, қайырымдымыз, ешкімге жамандық жасамаймыз, сондықтан үнемі көңілді боламыз, – дейді.

· Тиін неліктен үнемі көңілді жүреді?

· Жақсы көңіл күйде жүру үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Жүректен жүрекке

Жақсы көңіл күй:

1. тез түсінісуге септігін тигізеді;

2. өзара достасуға көмектеседі;

3. сыйластыққа негіз болады.

Көңілді балалар әні

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Бәрін білгім келеді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушы, оқу, білім туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: жақсы оқушы болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Бақытты балалық шақ

Жарастықпен жайнатып өмiр көркiн,

Гүл-бақшада сайрандап өскен еркiн.

Шат көңiлдi, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы iстi меңгеретiн.

Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулiм мектеп, кең сарай, түрлi алаң,

Не керектiң бiз үшiн бәрi дайын.

Бiлiм шыңын өрлеймiз басып алға,

Қиындық жоқ, бөгелiс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Көк туымыз желбiреп қолымызда.

· Адамға білім не үшін қажет?

· Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?

· Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?

· Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Әңгіме

Табанды бала

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді.

Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.

Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді.

Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.

Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.

Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.

Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.

Енді оған оқитын кітап керек болды.

Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді.

Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.

Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.

Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.

Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.

· Бала өз мақсатына қалай жетті?

· Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?

· Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?

Дәйексөз

Білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.

Білім адам игілігіне қызмет етеді.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: Бәрін білгім келеді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушы, оқу, білім туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: жақсы оқушы болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Өлеңді жаттап алыңдар.

Кітаптың жыры

Деме:

«Оңай үйренем».

Ақыл айтсам –

Егеспе.

Оқу деген – «Инемен

құдық қазу» емес пе?

Менің әрбір жолымда –

Өмірдегі үлесің.

Мен отырсам қолыңда,

Білмегенді білесің.

Көп пайдадан құр қалма,

Жалқауланып отырып.

Қолдан келіп тұрғанда:

«Кел, балалар, оқылық!»

· Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?

· Кітаппен қалай дос болуға болады?

Жүректен жүрекке

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Білім:

1. өзіңді, өзгені танытады;

2. өмірді түсінуге көмектеседі;

3. табиғат құпияларын ашады;

4. болашаққа жетелейді;

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.

1. Оқу – білім бұлағы.

2. Білім – өмір шырағы

3. Оқу – инемен құдық қазғандай.

4. Оқу түбі – тоқу.

Ақылшым – мұғалім

Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім.

Баулитын өмірге

Ақылшым – мұғалім.

Тіліңді аламын,

Айтқанды ұғамын.

Мен сендей боламын,

Ақылшым – мұғалім.

Арқаңда өзіңнің

Адам боп шығамын.

Бәрі алтын сөзіңнің,

Ақылшым – мұғалім.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға үйрету

Дамытушылық мақсаты: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

· Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?

· Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

· Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?

Әңгіме

Үш дос

Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:

– Ойындарыңа мен де қосылайыншы, – деп өтінді. Қазанқап:

– Ойынға қоспаймыз, – деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.

Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.

Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:

– Кел! Ойынға сен де аралас, – деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.

– Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.

– Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, – деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.

Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:

– Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, – деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.

· Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

· Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.

Өздерің ерекше сыйлайтын адамдар туралы айтып беріңдер. Оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайық деп ойлайсыңдар.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға үйрету

Дамытушылық мақсаты: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Жағдаяттарды шешіңдер:

1. Шығармашылық кездесу кезінде өзіңді қызықтырған сұрақ қойғың келді. Ол...

2. Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі...

3. Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді. Бірақ...

Рақмет, ата!

Әңгіме

Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жасар шамасындағы қыз тұрды.

Қасына келіп:

– Бұл жерде неғып тұрсың? – дедім.

– Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.

– Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?

Гүлнар.

– Кімнің баласысың?

– Әжемнің баласымын.

Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.

– Үйде кішкентай Сая бар.

Соған беремін. Рақмет, ата! – деп жүзіме қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.

· Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?

· «Үлкенге –құрмет, кішіге – ізет» дегенді қалай түсінесің?

· Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарыңа қандай құрмет көрсетесің?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Шаттыққа толы жүрекпен" өзін -өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Автор: Сағымғали Гүлжан Сағымғалиқызы

Дата: 24.11.2017

Номер свидетельства: 440567

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "?зін-?зі тану п?нінен "Шатты??а толы ж?рекпен" та?ырыбына саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(78) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-shattyk-k-a-toly-zhuriekpien-tak-yrybyna-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "245365"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446121666"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Жа?сы с?з жан?а ?уат"
    ["seo_title"] => string(25) "zhak-sy-soz-zhang-a-k-uat"
    ["file_id"] => string(6) "248225"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446699552"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства