|   Күні: 6/11/2017  Сынып: 1 «А»   |    Қатысқандар саны:    Қатыспағандар саны:   |  
  |   Сабақтың тақырыбы   |    Сыныптан тыс уақытта. Ш дыбысы мен әрпі.   |  
  |   Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)   |    1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;  1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану;  1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу;  1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою:   |  
  |   Сабақтың мақсаттары   |    Барлығы: Әріпті таниды, дыбыстап айта алады.  Көбі: Дауыссыз дыбыс екенін ажырата алады, қандай түспен белгіленетінін ажыратады.    Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.   |  
  |   Жетістік критерийлері   |    Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.    Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.   |  
  |   Құндылықтарды дарыту   |    Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.     |  
  |   Пәнаралық байланыс   |    Дүниетану, музыка   |  
  |   АКТ қолдану дағдылары   |    Аудиожазба , таныстырылым.   |  
  |   Тілдік құзыреттілік   |    Ш дыбысы мен әрпі.   |  
  |   Сабақ барысы   |  
  |   Сабақтың жоспарланған кезеңдері   |    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет   |        Ресурстар   |  
  |   Сабақтың басы  Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру  5 минут   |    Біз балдырған баламыз,  Құстай қанат қағамыз.  Дүниені аралап,  Оқып білім аламыз.  Көзді салып қараңыз,  Былай қанат қағамыз.  /Б.Бөрiбаев/  – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!   |            Шаттық шебері                               |  
  |   Сабақтың ортасы  8 минут           |    №1 Тыңдалым.  №2 Оқылым.  Шар Шара Шарлар Шора Шашу Шортан   |        Таныстырылым, оқулықпен жұмыс   |  
  |   Сергіту сәті  1 минут   |    Тереңдет ойыңды,  Тiк ұста бойыңды.  Құстарға ұсайық,  Қалықтап ұшайық.  Шық алға оң қанат,  Шық алға сол қанат,  Шаршаған кездерде  Қонайық жорғалап.  /Б.Бөрiбаев/   |    Сергіту сәтіне арналған жинақ   |  
  |   Қызықты тапсырма  8 минут   |        №3 Өздері таңдап алған карточкалардағы сөздерді оқу   |    Түрлі тапсырмалар   |  
  |   Аяқталуы      16 минут               |    №4 Оқылым.    Аш Шаш Ал Алша Ар Арша Ша    Шора Ша Шашу Шу Шула  -Шора, шана ал. –Шара,шашу шаш.  №5 Сен шарларға құттықтау сөздерін жазар едің?       |            Оқулық, дәптерлер.       |  
  |   Сабақтың соңы  2 минут       |    Рефлексия       Сабақ ұнаса, тапсырмалар    түсінікті болса ЖАСЫЛ      Сабақтағы тапсырмалар аздаған    қиындықтар туғызса САРЫ      Сабақ мүлдем түсініксіз, әрі    тапсырмалры қиын болса ҚЫЗЫЛ           |        Кеменің суреттері   |  
  |   Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?     |        Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?         |    Пәнаралық байланыс    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы  АКТ  Құндылықтармен байланыс (тәрбие)   |  
  |   Қолдау көрсету.  Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.   |        Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)       |    Өнер, ана тілі сабағы  Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.   |