Балаларды «Шаттық шеңберіне» шақырамын. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойын Бір дыбысты айтып, допты балаларға беріледі. Бала сол дыбыстан басталатын сөз ойлап табу керек. Топқа бөлу. Қобдишалар беріледі, түстеріне қарап топқа бөлініп отырады. Жаңа тақырыпқа кіріспе. Балалар, мына суреттерді пайдаланып, сабағымызды жалғастырайық. Жапырақтар суреті көрсетіледі. (Құмырсқа мен шегіртке жапырақтың астында жасырылған). -Мына жапырақтың астында жәндіктер жасырылған кәне көрейікші. Жапырақтың астынан құмысқа көрінеді. -Бұл қандай жәндік? «Құмырсқа» сөзін буынға бөлейік. -Неше буын бар? -Неше буын болса сонша бұршақты алдарыңдағы қорапшаға салыңдар. Жаңа тақырып Енді құмырсқа туралы ертегі тыңдайық: Жайқалған шөптің арасында бір құмырсқа өмір сүріпті Ол күні бойы тыным таппай еңбек етеді екен. Бір күні дән іздеп келе жатқан құмырсқаның құлағына жағымды әуен естіледі. «Бұл әнді айтып жатқан кім?» деп жан-жағына қараса, жайқалған шөптің арасынан бір жәндікті көреді. «Құмырсқы бұл жәндікке жақын келіп: -Сен кімсің?- деп сұрайды. -Жәндік мен ш-ш-ш-шегірткемін,-дейді. -Сен керемет әнді қалай айтасың? - Мен ш-ш-ш-шырылдаймын-дейді. -Мен шөпте тұрамын. Сол кезде құмырсқа шөптің арасынан бір дәнді көреді де бәрін ұмытып үйіне қарай сүйрей жөнеледі. Жолда келе жатқан құмырсқаның құлағына шегірткенің көп айтқан дыбысы келе береді». -Ол қадай дыбыс еді кім айтады? -Ш дыбысы дұрыс айтасыңдар. Айнаға қарап дыбысты ажырату. (дауыссыз) -Қандай текшемен белгілейміз? (көк) Сергіту жаттығуы. Жаңылтпаш: Шеше, шеше сынды кеше неше кесе. Ертегіні жалғастырайық. Қыс мезгілінің суреті көрсетіледі. «Қыс түседі. Құмырсқа жылы үйінде жатса есікті баяу біреу тықылдатады. Құмырсқа «Бұл кім?» десе есіктің ар жағынан әлсіз ғана «ш-ш-ш» деген дыбыс шығады». -Сендер де осылай ақырын айтып көріңдерші. Бұл кім деп ойлайсыңдар? Оның дауысы неге ақырын шығып қалған? «Осы дыбысты ести сала құмырсқа кім екенін бірден біліп, тез есігін ашады.Шегірткені жылытып, тамақтандырып болған соңң оны өзінің жақсы көретін ш дыбысының таңбасымен, әрпімен таныстырады.» Балаларға Ш әрпі көрсетіледі, неге ұқсайтыны сұралады. Қанша таяқшадан тұратыны сұралады. Ш дыбысынан келетін сөздердітабу. (шалбар, шана, шаңғы, шелек, шар, шаң, шөп, шөже, шегіртке) Кел оқиық. Шарларға жазылған буындарды оқу. ША-ШУ, ША-НА, АР-ША, ША-ЛА, ША-РА Қол жаттықтыру, дәптермен жұмыс. V. Сабақты қорыту. Ертегі бойынша сұрақтар қойылады: -Бүгінгі тыңдаған ертегі сіздерге ұнады ма? -Сендерге құмырсқа мен шегірткенің қайсысы көбірек ұнады? -Құмырсқа шегірткеге қандай әріп үйретті? Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. |