kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сейлова Ляззат Алдабергеновна

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока на тему "Әуежай" 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сейлова Ляззат Алдабергеновна»

У-11 тобының студенттеріне арналған қазақ тілі және әдебиеті мен

өзін-өзі тану пәнінің интеграцияланған сабағы


Л.А.Сейлова

Қостанай педагогикалық колледжі,

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы


Күні\Дата\Date: 13.05.2019 ж.

Топ\Группа\Group: У-11

Студент саны: 12

Пән\Предмет\Subject: Қазақ тілі және әдебиеті

Сабақтың тақырыбы\Тема занятия\Theme: ӘУЕЖАЙ

Сабақтың үлгісі\Тип занятия\Type of the lesson: Практикалық сабақ

Сабақтың түрі\Вид занятия\Kind of the lesson: Жаңа сабақ

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, табандылық, сабырлылық, мейірімділік.

Мақсаты\Цели занятия\Objectiyes:

Әуежай тәртібін сақтайды, қауіп төнгенде дұрыс әрекет жасай алады, отбасы құндылықтарын дамытады, бағалайды.

Көрнекі құралдар\оборудование\Resources: Презентация, бейнетаспа, таратпа қағаздар

Сабақтың барысы\План занятия\Plan:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу;

  • Түгендеу;

  • Жаңа сабаққа баулу;

  • Қайырлы күн, студенттер! (Сыртқы интеграция)

Шеңбер болып, тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

- Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын. Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір-бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасаып, жылы лебіз білдіріп, жақсы тілектер айтайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Кіріспе

Күрделі сөздер - Сложные слова


Сложное слово состоит из двух и более простых слов (корней).

Күрделі сөздер 4 топқа бөлінеді:

Сложные слова делятся на 4 группы:


Қосарлы сөздер (Парные, пишутся через дефис)

Мысалы (Например): ата-ана, жан-жануарлар


Біріккен сөздер (Слитные, одно слово состоит из нескольких корней)

Мысалы (Например):

Бәйтерек, Белбеу, Бүгін


Қысқарған сөздер (Сложносокращенные, т.е. аббревиатуры)

Мысалы (Например):

ҰБТ, БАҚ, ҚПК

Тіркесті (тіркескен) сөздер (Словосочетания, несколько отдельных слов, обозначающих один объект)

Мысалы (Например):

Балалар бақшасы, Ауыл шаруашылығы


БІРІККЕН СӨЗДЕР
Біріккен сөздер – екі немесе одан да көп сөздерден бірігіп, тұтас бір лексикалық мағынаны білдіреді. Сөздер ешбір қосымшасыз бірігеді. Біріккен сөздердің екі түрі болады:

1. Кіріккен сөз 2. Біріккен сөз

(Сложные слова – это два или несколько сращенных слов, имеющих одно лексическое значение. Такие слова соединяются без каких-либо связывающих морфем).

1.Кіріккен сөз – түбір тұлғасы сақталмай, дыбыстық өзгеріске ұшырап, ықшамдалып, бір лексикалық мағына береді. (Сращенные слова – слова, в которых корни не сохраняются в первоначальном виде, подвергаются звуковым изменениям, адаптируются и дают одно лексическое значение). 
Мысалы: қол+қап – қолғап, алып+бер - әпер, бұл+жыл – биыл, алып+кет - әкет, қара+ала+құс – қарлығаш 
2.Біріккен сөз – түбір тұлғасы сақталып, бір лексикалық мағына береді.
(Слитное написание основ – слова, сохранившие корневые формы и имеющие одно лексическое значение). Мысалы: тас+бақа, ақ+сүйек, Қызыл+құм, Берді+бек, әлде+кім, кей+бір т.б.


  • Кез келген адам өмірінде бір рет болса да әуежайда болып көрген шығар. Наверно каждый человек хотя бы раз был в аэропорту.


  • Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін: біреуіміз қарсы аламыз, екіншіміз шығарып саламыз, үшіншіміз бір жаққа ұшып жатамыз. Причины бывают разные: одни встречают, вторые провожают, третьи уезжают куда-то.


  • Шынында, әуежай болмаса заманауи үлкен қалалар өмірін елестету мүмкін емес. По правде говоря если бы не было аэропортов то невозможно представить жизнь больших современных городов.


  • Қазіргі уақытта күн сайын қаншама адам жердің бір түкпірінен екінші түкпіріне 3-4 сағатта жетіп жатқан жоқ па? В настоящее время день за днем множество людей за 3-4 часа летают из одной точки мира в другую.



  • Біздің әуежайлардан АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Аустралияға, Таиландқа, Швейцарияға ұшып кету үйреншікті жай болды. С нашего аэропорта можно улететь в такие страны как США, Великобритания, Австралия, Таиланд, Швейцарию стало привычным делом.

  • Заманауи әуежай-үлкен кешен. Современный аэропорт-это большой комплекс.


  • Онда әртүрлі қызмет түрлері көрсетіледі: рейсіңізді күтіп отырғанда тамақтанып алуыңызға, шашыңызды сәндеп, киіміңізді тазартып алуыңызға мүмкіндік бар. Там предоставляют всевозможные услуги пока вы ждете свой рейс-можно пообедать, сделать прическу, почистить свои вещи.


  • Яғни, мұнда адамдарға барлық жағдай жасалған. Здесь человеку предоставлены все условия.

  • Көптеген халықаралық әуежайларда рейс кейінгіге қалдырылатын болса, қонақүйлері бар. Во многих международных аэропортах если рейс переносят то там есть гостиницы.


  • Қазіргі әуежайлар ыңғайлы, таза, онда барлық инфрақұрылымдар ескерілген. Сейчас аэропорты удобные, чистые там есть все инфраструктуры.


ІҮ. Жаңа сабақ.


4.1.Жаңа сөздер

аэропорт-әуежай

халықаралық -международный

рейс кейінге қалдырылған-рейс задерживается

ұшқыш – летчик

аспансерік – стюардесса

Жолсерік-проводник,

ойынсерік-партнер,

жағажай-пляж,

саяжай-дача,

саябақ-парк,

саяжол –аллея,

жағалау-побережье,

жолсерік кіпапша-путеводитель

ұшақ – самолет

тікұшақ - вертолет


4.2. сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құру.

Аэропорт, халықаралық, ұшқыш, аспансерік


4.3. Диалог құру. «Әуежайда», «Танысу» (Ішкі интеграция)


Алдымен ұшақтың ішінде айтылуы мүмкін хабарландыруды тыңдап алыңдар. Содан кейін рөлге бөлініп, бір-біріңе сұрақтар қойыңдар, жауап беріңдер.


Ұшқыш.

Мырзалар мен ханымдар! Сіздермен тілдесіп тұрған ұшқыш. Мен сіздерді біздің ұшағымызда көргеніме қуаныштымын, қош келдіңіздер! Біздің рейсіміз-Нью Йорктегі Джон Ф. Кеннеди атындағы әуежайға тікелей ұшатын рейс. Қазір біз 11000 метр биіктікте ұшып келеміз. Біздің ұшу уақытымыз жобамен 8 сағат 45 минутқа созылады. Нью-Йоркте 15:10-да боламыз. Біздің Боинг-737 ұшағымен ұшқандарыңызға рақмет!

Аспансерік. Мырзалар мен ханымдар! Назар аударыңыздар! Ұшқыш «Белдіктеріңізді байлаңыздар» деген таблоны өшірді. Бірақ, өтінеміз, отырған кездеріңізде белдіктеріңіз байлаулы болсын. Назарларыңызға рахмет!


Летчик.

Дамы и госпада! С вами разговаривает летчик. Я рад виеть вас в нашем самолете, добро пожаловать! Наш рейс прямой рейс на аэропорт в Нью Йорке под названием Ф. Кеннеди. Сейчас мы на высоте 11000 метров. Наш полет по времени составит 8ч 45 минут. В Нюю Йорке мы будем в 15:10. Спасибо, что выбрали нашу авиацию Боинг-737.

Стюардесса. Дамы и господа! Обратите внимание! Летчик отключил таблон «Пристигните ремни». Но, просим когда вы сидите пристигнуть ремен. Спасибо за внимание!


4.4. Мына белгілер нені білдіреді? Что означают эти знаки?

Телефон пайдалануға болмайды. Шылым шегуге, алкоголді ішімдіктер пайдалануға болмайды.

Ү. Мәтін бойынша жұмыс. Топқа бөлу.

5.1. Мәтінді орыс тіліне аударып, тірек схемасы арқылы түсіндіру.

5.2. Мәтіннен біріккен сөздерді табу.

5.3. Постер арқылы түсіндіру.

ӘУЕЖАЙ

Әуежай – әуе көлігі құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын. Бұл ұғым гректің aer – ауа, француздың port және латынша portus, яғни айлақ деген екі сөзінің бірігуінен шыққан. Құрамына аэродром, аэровокзал, т.б. ғимараттар, техникалық қызметтер, құрал-жабдықтар енеді. Жабдықталу және тасымалдау дәрежесіне қарай халықаралық және жергілікті аэропорттар болып ажыратылады. Қазіргі таңда әуе көлігінде қызмет атқаратын жас мамандарды стюардесса деп атаса, жүргізушіні ұшқыш деп атайды. Аэропорт радиолокатормен, автоматты радиотехникалық құралдармен, жарық сигналы жүйесімен, навигациялық құрылғылармен, т.б. жабдықталады. Аэропорттың орнын таңдағанда оның қалаға қатынауға ыңғайлы болуы, қалада шуды көбейтпеу мақсатында едәуір қашықтыққа орналастыру, аэропорт жанында биік кедергілердің болмауы, т.б. ескеріледі.

Аэропорттың негізгі бөлігі – аэродром. Онда ұшақ ұшатын және қонатын жолақты жолдар, бағдарлану жолы, ұшақ тұратын орындар, т.б. болады. Ал аэропорттың қызмет көрсету-техникалық аймағына жолаушылар кешені (аэровокзал, аэровокзал алаңы, перрондар, қонақ үй, т.б.),радионавигациялық және ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін т.б. ғимараттар, сондай-ақ жүк тиеу және түсіру кешені жатады. Ірі аэропорттардың аумағы мыңдаған гектарға жетеді (мысалы, Нью-Йорктегі Кеннеди аэропорты) және оларда бір мезетте бірнеше ұшақ қонып және ұшып жатады. Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында аэропорт бар. Алматы аэропортында тәулігіне, орташа есеппен 4 мың (жаз айларында 6,5 мыңға дейін) жолаушыға қызмет көрсетіледі.


ӘУЕЖАЙДА

Кішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін 1931 жылы негізі қаланған шағын әуежай, бүгінгі күні, Астана қаласының әуежайы, 80 жыл өткеннен кейін, Еуразия континентіндегі қазіргі әуежайларға сай келетін әуежайлардың бірі болып табылады. Әуежайда тәулік бойы алыс және жақын шетел аймақтарына ұшатын 40 шақты ұшаққа қызмет көрсетіледі. Әуежай алыс және жақын шетелдердің құрамындағы 14 авиакомпанияның тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет көрсетеді. Бұлар, «Эйр Астана», «СКАТ», «Жетісу», «Трансаэро», «Россия» ГТК, «Люфтганза», «Этихад Эйруэйс», «Австрия авиажелілері», «Туркиш Эйрлайнз», «Аэросвит», «Узбекистон Хаво Йуллари», «Белавиа», «Евро-Азия Эйр», «Украина халықаралық авиажелілері» және басқалар. Жыл сайын Астана әуежайында кем дегенде екі-үш авиакомпания жаңа рейс ашады.


ҰШАҚТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

  • 1885 жылы орыс теңіз офицері А.Ф.Можайскийдің жобасымен адамды көтеріп ұша алатын дүние жүзіндегі ең тұңғыш ұшақ жасалды. Онда осы заманғы ұшақтың барлық белгілері, корпус, құйрық, қанат, шасси, басқару жүйесі, мотор қондырғысы болды. Сынақ кезінде бұл ұшақ жерден көтерілгенмен, сәлден кейін бір бүйіріне жантайып кетіп, қанатын сындырып алады. Сол себепті Можайскийдің ұшақ жасау  жұмысы тоқтап қалады.

  • 1894 жылы Англияда конструктор Х.Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп қалады.

  • Ағайынды У. және О. Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 жылы сенімді басқарылатын және 1,5 сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. Авияция (латынның «авис» - құс деген сөзінен шыққан) өмірге осылайша келді.

  • 1924 жылы 26 мамырда А.Н.Туполевтің конструкциясы бойынша түгелдей металдан жасалған, совет ұшағы – аспанға көтерілді. Осы кезден бастап металл ұшақ жасаудағы ең негізгі материалға айналды.

  • С.В.Ильюшиннің конструкциясы бойынша танкіге қарсы жасалған   ұшағы– Ұлы Отан соғысы жылдарында дүние жүзіндегі ең жақсы ұшақ деп танылды.

  • 50-жылдары алғаш рет Кеңес Одағында жылдам ұшатын (сағатына 1450км) бір орындық ұшағы, 60-шы жылдары американың «Фантом» ұшақтары жасалды.

  • 90 жылдардың басында әскери ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3.000 – 3.500 км, биіктігі 30.000 м, ұшу қашықтығы 15.000 км-ден дәрежеге асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті.


ҚАЗАҚСТАН ӘУЕЖАЙЫ

«Шымкент» әуежайы шектеусіз әуе кемелерінің барлық типтерін қабылдайтын халықаралық әуежай болып келеді.  Тәулік бойы режимде жұмыс істеп, ол кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылауды толық көлемде қамтамасыз етеді. ИСО 9001:2008 халықаралық стандарттардың  ХСС талаптарына сәйкестік сертификаты және IQNet  бірыңғай халықаралық үлгідегі сертификаты бар.  
Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға, Жақын және Алыс Шығыстың елдеріне көліктік ағымдардың қиылысында, Ташкент қаласынан 100 км, Бішкек қаласынан 450 км, R482, B142, B114, P206, B30  халықаралық әуежолдарының қиылысында Алматы қаласынан 700 км қашықтықта, ыңғайлы орналасуы оны тура және транзиттік әуерейстерді жасау үшін өте пайдалы етеді.

   Әуежай жақын және алыс шетел елдеріне қатысты тұрақты жолаушылар рейстерін жүзеге асыратын көптеген әуекомпанияларға қызмет көрсетеді, оның ішінде: «Эйр Астана», «СКАТ», «Трансаэро», «FLY Dibai», «BEK AIR», «S7».  
«Шымкент» әуежайынан Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарына, сонымен қатар ТМД елдерінің, алыс және жақын шетелдің қалаларына тұрақты рейстер жүзеге асырылады: Мәскеу, Новосибирск, Стамбул, Анталия, Үрімші, Дубай.

Алматы әуежайы 1935 жылы қолданысқа берілді. 1990 жылға дейін ол ҚААБ (Қазақ АА Басқармасы) құрамына кірді. 1991 жылғы 26 сәуірде «Алма-Ата аэропорты» болып қайта құрылды. 1993 жылдан бері дербес құрылымдық бірлік болып саналады. 1994 жылы ол «Алматы аэропорты» болып өзгертіліп, оның жұмысын өзінің құқықтық мұрагері - «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ жалғастырды .

Астана қаласының әуежайы 1931 жылы кішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін ашылған. Бүгінде 86 жыл өткеннен кейін, әуежай Еуразиядағы ең заманауи әуежайлардың біріне айналды. Онда тәулік бойы алыс және жақын шетел аймақтарына ұшатын 80 шақты ұшаққа қызмет көрсетіледі. 1948 жылдан бастап ауыр ұшақтарды қабылдай бастаған әуежай 1956 жылы тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Мекеме деректеріне сәйкес, 2016 жылы әуежайдан 3 миллион 419 мың 484 жолаушы ұшқан және 49 мың 365 рейс орындалған. Астана әуежайынан Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарына, сондай-ақ ТМД елдерінің Мәскеу, Ташкент, Омбы, Санкт - Петербург, Красноярск, Киев, Минск, Екатеринбург, Баку, Новосібір қалаларына тұрақты рейстер ұшады. Сондай-ақ алыс шетел қалалары: Франкфурт, Вена, Әбу-Даби, Ыстанбұл, Бейжің, Анталия, Үрімші, Шарджа, Лондон, Бангкок қалаларына дейін рейстер ұшады. Сондай-ақ әуежай «Эйр Астана», «СКАТ», «Жетісу», «Бек Эйр», «Трансаэро», «Люфтганза», «Этихад Эйруэйс», «Австрия авиажелілері», «Туркиш Эйрлайнз», «Аэросвит», «Узбекистон Хаво Йуллари», «Белавиа», «Украина халықаралық авиажелілері», «Чайна Саузен Эйрлайнз», «Эйр Арабия», «Ресей»  және өзге де алыс және жақын шетелдердің 15 авиакомпаниясының тұрақты рейстеріне қызмет көрсетеді. Жыл сайын Астана әуежайында кем дегенде екі-үш авиакомпания жаңа рейс ашады. Биыл ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай, Астанадан Бейжің, Хелсиньки, Ереван, Варшава, Франкфурт қалаларына тікелей әуе рейстері ашылды. 


ҮІ. Өлеңді мәнерлеп оқу.


ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ


Мөлдір, тұнық көк аспан,

Сол аспанға жарасқан

Самолеттей сұңқармен,

Ұшқан құспен таласқан,

Ұшқыш болғым келеді!


Көңілі – дария, ойы – аспан,

Асқар шыңнан бойы асқан,

Ай, күнімен аспанның

Әзілдескен, сырласқан

Ұшқыш болғым келеді!


Күнге күліп, күй тартқан,

Айға әнін тыңдатқан,

Бақыт жырын жырласа,

Таң шолпанын қуантқан

Ұшқыш болғым келеді!


Тыңда туып түлеген,

Тас түлектей көреген,

Көк қойнында тояттап,

Шың басында түнеген

Ұшқыш болғым келеді!


Жат жерлерге қонбаған,

Жатқа көңілі толмаған,

Асыл затты сұңқардай

Өз ұясын қорғаған

Ұшқыш болғым келеді!


Мұздай болат киінген,

Батпан қару үйірген,

Қорғап бақыт ұясын,

Тас түлектей түйілген

Ұшқыш болғым келеді!


Ар, намысын ақтаған,

Жүректе сыр жаттаған,

Туған елін-ұясын

Жан-тәнімен сақтаған

Ұшқыш болғым келеді!


Ұшқыш болмай немене!

Қуат бітті денеме!

Қанатым бар қайыспас,

Жастарға ісім өнеге,

Ұшқыш болғым келеді!


ҮІІ. Жұмбақ шешу.


1 . Құстан аумайды, 
Көкте заулайды. (Ұшақ) 

2.Қанаты бар, жаны жоқ , 
Табаны бар, аяғы жоқ . 
Өзі ұшады, аспанда жүреді , 
Теңізден де, таудан да өтеді.( Ұшақ)

3.Вот стальная птица
В небеса стремится,
А ведёт её пилот.
Что за птица? 
(Самолёт)

4.Железная птица 
В небе кружится, 
По сигналу пилота 
На землю садится.
(Самолёт)

5.Кто мне скажет, что за птица
В небесах, как ветер, мчится,
Белый чертит за собой
След в лазури голубой?
А ведёт её пилот! –
Что же это? – … 
(Самолёт)

6.Не птица, а летает, 
Не грузовик, а с кабиной, 
Не летучая мышь, а с крыльями.
(Самолёт)

7.Не птица, а летает, 
Не грузовик, а с кабиной, 
Не летучая мышь, а с крыльями.
(Самолёт)


ҮІІІ. Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорыту.


ІХ. Үйге тапсырма: «Қостанай әуежайы» туралы эссе жазу.


Х. Бағалау.



Әдебиет\Литература\Literature:

  1. Исаев С. М. «Қазақ тілі» Алматы -1993

  2. Балақаев М., Жанпейiсов Е., Томанов М., Манасбаев Б. «Қазақ тiлiнiң стилистикасы» Алматы-1974

  3. Бектұров Ш. К. «Қазақ тілі» Атамұра – 2006

  4. Байсақалова Ұ. С. «Қазақ тілі» Астана – 2007

  5. Бектұрова А. «Қазақ тілі для начинающих» Алматы -1994

  6. «Қазіргі қазақ тілі» Алматы – 2004

  7. «Самоучитель казахского языка» Аруна – 2005

  8. Құрманова А. Қ. «Қазақ тілі» Көкшетау -2008


Бұқаралық ақпарат басылымдары:

  1. «Казахский язык и литература в русской школе» журналы

2. «Білім беру мекеме басшысының анықтамалығы» журналы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Сейлова Ляззат Алдабергеновна

Автор: Сейлова Ляззат Алдабергеновна

Дата: 12.11.2019

Номер свидетельства: 526692

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Сейлова Ляззат Алдабергеновна"
    ["seo_title"] => string(32) "seilova_liazzat_aldabergenovna_1"
    ["file_id"] => string(6) "510170"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1557823633"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Сейлова Ляззат Алдабергеновна"
    ["seo_title"] => string(32) "seilova_liazzat_aldabergenovna_2"
    ["file_id"] => string(6) "526692"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1573541903"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства