№2 сабақ Әдебиеттік оқу | Мектеп: «Ават орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуалдық мемлекеттік мекемесі |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні Рахимжанова С |
Тақырыбы | Сауысқан мен көкек |
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Ертегі мазмұнын оқиды, ертегі мәтінін меңгереді. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетінің шынайы өмірмен байланысын түсінеді. |
| Барлық оқушылар орындай алады: Ертегі мәтінін оқи алады, мазмұнын түсінеді. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сауысқан мен көкек бейнесін салыстырады. Көкекке ұқсас адам әрекеттеріне талдау жасайды. |
Кейбір оқушылар орындай алады: «Емші Еңбек» атты күлдіргі мысал ойлап жаза алады, энциклопедиялық анықтамалармен жұмыс жүргізе алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Құстар туралы мақал-мәтелдер айта алады, құс ұясы туралы білетіндерін ортаға салады. |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Сауысқан, көкек, ұя |
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Бірігіп көтерген жүк жеңіл Алма піс, аузыма түс. Еңбек түбі-мереке. |
Талқылауға арналған сұрақтар: Не себепті көкек өзі ұя салмайды? Неліктен көкек құр айқайлай береді? Сауысқанның көкекке көмектескісі келді ме? Өмірімізде көкекке ұқсас адамдар бола ма? |
Ишара: қол сигналдары, ым-ишаралар |
Алдыңғы оқу: | Құстар, құс ұясы туралы ресурс көздері |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы | Ресурстар |
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Басы Зейінді шоғырландыру жаттығуы 7 минут | А) Тақтаға құс, маймыл, жылан, піл, итбалық және ағаш суретін ілемін. Ағаштың басына кім бұрын шығады? Ә) Ал біз бүгінгі сабақта мақсатымызға жете аламыз ба? Үй тапсырмасын тексеру - Балалар, менде сиқырлы қорап бар. Бұл қорапта үш хат бар. Сол хаттың ішіндегі суреттерді аласыңдар. Кімге алтын балта суреті түссе, сол оқушы бүгінгі үй тапсырмасын айтып береді. Бас бармақ арқылы бағалау | Сұраққа жауап береді, болжайды Сабақ мақсатын бірлесіп қояды Алтын балта шыққан оқушы үй тапсырмасын айтады. Қалған оқушылар сұрақтарға жауап береді. | құс, маймыл, жылан, піл, итбалық және ағаш суреті |
Ортасы 28 минут | Ой қозғау. (Құстардың дыбысы ойналады) - Балалар, біз ненің дыбысын естідік? - Ал енді мына толық емес суреттерге қарап, бұлардың қандай құс екенін білесіңдер ме? (сауысқан мен көкек суреті) - Балалар, бүгінгі білімімізді «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймыз. Мәтінмен жұмыс. Іштей оқу Балалар, қане «Сауысқан мен көкек» ертегісін бәріміз өз беттерімізбен іштей оқып, түсініп алайық. («Көкек» әні) «Серпілген сауал» әдісі 1) Күнде ерте тұрып алып «Ұя керек», «Ұя керек» деп көршілерінің мазасын кетіретін құс? 2) Сауысқанның Көкекке шын көмектескісі келгенін қай сөзінен байқадың? 3) Сауысқан ұясын қалай салды? 4) Жұрт не себепті «көкек» деп атаған? Ой толғаныс «Ойлан. Топтас. Талқыла.» І топ – Сауысқан туралы қосымша ақпарттармен танысып, басқа топтарға түсіндіреді. ІІ топ – Көкек туралы қосымша мәліметпен танысып, басқа топтарға түсіндіреді. ІІІ топ – Құстарға ұя жасап, шағын мәтін құрастырады | Қызыл түс – түсінбедім, өз білімімді толықтыруым керек. Сары түс – жартылай түсіндім, әлі ізденіуім, оқуым керек Жасыл түс – толық түсіндім, сабақты жақсы меңгердім. Мәтінді өз беттерімен іштей оқып, меңгереді. (көкек)
(Сауысқан: -Екеуміз бірігіп берік үй істейік.Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,-деп айтқан сөзінен) (Ол ұясының қабырғасын жас бұтақтармен берік етіп өрді. Өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Сазбалшықтармен сылады. Қақпалы есік жасады. Ұясының астына мамықтан төсек төседі) (себебі, көкек қақсай-қақсай «керек» дегендегі «р»-ды айта алмай, орнына «көлек» деп айтқасын атаған) Топтық жұмыс жүргізілер алдында оқушылар қатар бойынша үш топқа бөлінеді. І-топ Сауысқан ІІ-топ Көкек ІІІ-топ Ұя «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. | оқулық 145-146-беттер |
Соңы 10 минут | Балалар, біз қандай тарау өтіп жатыр едік? - Абай атамыз бізге қандай асыл істерді айтып кеткен? «Бес асыл іс» Талап: «Ұйқасын тап» Өлексе жеп тауысқан Ала қанат ........ (сауысқан) Еңбек: Жұмбақты шеш Қайталап атымды Ән салып аламын Кез – келген ұяға Жұмыртқа саламын (Көкек) Терең ой: «Алма, піс, аузыма түс» мақалы ертегінің қай кейіпкеріне сай айтылған? (Көкек) Қанағат: Құстар туралы тыйым сөздер айт. - Құстың ұясын бұзба. - Жұмыртқасын жарма. - Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба. - Аққуды атпа. Рақым: Өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып оқы. ........(Не?) келіп,........... ..........(Нелер?) оралды. .....(Кімдер?) қуанып, ............ (Нелер?) жасады. Кері байланыс Бүгін ағаш басына кім қалай жетті? Мақсатымыз не еді? Мақсатқа жеттік пе? Құс боп ұшқандар бар ма? Піл боп жатқандар бар ма? Үйге тапсырма: Ертегіні түсініп оқу. «Емші Еңбек» атты күлдіргі мысал ойлап жазу. | Бес асыл іс бойынша тапсырмалар орындайды, жұмбақтың жауабын шешеді. (көктем) (құстар) (балалар) (ұялар) Оқушылар сабақтың басында ілінген суреттерге өз стикерлерін жапсыру арқылы өз-өзіне баға береді. Құс, жылан, маймылды таңдағандар сабақ мақсатына жеткендер, Итбалық пен пілдің суретіне өз стикерлерін жапсырғандар сабақта қиналған оқушылар. | |
Қосымша ақпарат |
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі) |
Ертегі мәтінін оқи алмайтын балаларға жұптық көмек ұйымдастырамын, қабілетті оқушылар ашық сұрақтарға сыни жауап береді. | Бағдаршам арқылы қалыптастырушы бағалаймыз, әр тапсырмада жақсы комментарий, мадақтау арқылы кері байланыс беремін. | Дүниетану, қазақ тілі АКТ слайд Еңбекқорлыққа тәрбиелеу |
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | |
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) 1: 2: |