-В дыбысы – дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен бояймыз. В дыбысы орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі. В дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (электронды оқулық). -Енді В дыбысының жазылуын үйренейік. Сергіту сәті: Мен көрсетіп тұрған буындарды әндетіп айтайық. Енді Қоянның сендерге тапсырмасы бар екен. Қане ашып көрейікші. Бір аяқты, бір басты, Жүгіреді тым қатты (велосипед). Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды (автобус). Табанында жолы бар, Төбесінде қолы бар. (Трамвай) Жұптық жұмыс -Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық. | | Т | Р | А | М | В | А | Й | А | В | Т | О | Б | У | С | | | | | | | | | | | | | | | | | В | Е | Л | О | С | И | П | Е | Д | В | А | Г | О | н | | | | | | | | | | | | | | | -Велосипедтің қандай пайдасы бар? «Шашылған буындар». Топтық жұмыс 1-топ: Бәйге 2-топ: Көкпар 3-топ: Теңге алу 4-топ: Аударыспақ -Балалар, қандай сөздер шықты? -Бұлар қазақтың ұлттық ойындарына жатады. -Бұл ойын туралы не білесіңдер? - Ұлттық ойындар туралы мағлұмат алып, ойнап көрейік. 1. «Бәйге» бейнефильмі. Бәйге ойынын ойнап көрейік. Мына сөздерді оқы. Вагон, велосипет, аквариум, автобус 2. «Теңге алу» бейнефильмі. Қандай дыбыс екенін тап. 3. «Ханталапай». Әр топтан 4 оқушы шығады. 4. «Аударыспақ», «Көкпар» ойындары (бейнефильм). Бұл ойындарды текке ойнамаған. Ол кезде соғыс өте көп болған. Сондықтан ер адамдарды төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, батырлыққа тәрбиелеген. -Бұл бейнефильмнен көрген ұлттық ойындардың көбі немен байланысты болған екен? -Олар атты не үшін қолданған? Ендігі тапсырма мәтінмен жұмыс Аударыспақ – бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ойында аты мықты, білікті жігіттер жеңіп шығады. Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жуас жылқы таңдап алады. Ойыншылар жердегі орамалды іліп алу керек. Сонда жеңімпаз атанады. Бәйге – бұл ат жарысы. Бәйге атына салмағы жеңіл жас балалар мінгізіледі. Бәйгенің үш түрі бар: Аламан бәйге, Құнан бәйге және Жорға жарысы. Сергіту сәті «Бәйге» әніне билету |