Оқу мақсаты | 1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу 1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы,мәндес,көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату 1.2.9 .1 Әріпті тану және ажырату,оны дыбыспен сәйкестендіру 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
Критерий | М дыбысы мен әрпін ажыратады,әріпті дыбыспен сәйкестендіреді Сөз,сөйлем сызбасын оқиды. Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы,мәндес,көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады Құрамында М әрпі бар сөздерді оқиды Дыбыстың сөз мағынасын өзгертуге қатыстылығын түсіндіреді. Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады |
Басы | Бір,екі,үш, Сынып іші тып-тыныш, Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. -Өткен сабақта біз қандай әріппен таныстық? -Ол қандай дыбыс? -Тақтайшаларыңа жазып көрсетіңдерші бұл әріпті. Буындар жазу: ды ыс ты ры сы шы ны уы Жұмбақ Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. -Ол кім? (ата) (ата туралы тақпақ айтады) Ата Айтады ертек жан атам, Ақ сақалын салалап. Құмарымды тарқатам, Жер мен көкті аралап. Ертегілер еліне, Бір шегетін сапары, Ардақтаймын өмірде, Асқар таудай атамды. Аймалайды күнім деп, Мейірімді жүзі күлімдеп. Тәтті – ақ дейді немере Бал шырындай үнің деп. -Ол кім?(Әже) (әже туралы тақпақ айтады) Менің әжем. Маған ақыл беретін, Әжем менің асыл жан, Сипап жақсы көретін, «Құлыным» деп басымнан. Жақсылыққа үйретіп, Жамандықтан шектейді, Ертегі айтып беретін, Әжеге ешкім жетпейді. Атаңның баласы Кей кезде таласып, Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге? -Ол кім? (Әке) (әке туралы тақпақ айтады) Әке Атам айтса «Ұлым» деп, Әжем айтар «Күнім» деп, Екеуінен қаймығып, Айтады әкем «Інім» деп. Ықыласы бір менде, Бір шытпайды қабағын. Үйде, түзде жүргенде, Соған ұқсап бағамын. Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған; Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған; Аялы қолда талпынтқан; Айналасына ас қойып, Өзенді көлдей шалқытқан; Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей, Иісін жұпар аңқытқан. Қаймақты сүттей қалқытқан; Суық болса жөргегін, Қорғасындай балқытқан; -Бұл кім? (Ана) Аналарың туралы не айтасыңдар? (ана туралы тақпақ айтады) Анамызға мың алғыс Аялаған, баптаған, Асыраған сақтаған. Сақтандырып күнде еппен, Айтып бәрін үйреткен Анамызға мың алғыс! Ерлік еткен біз үшін, Еңбек еткен біз үшін, Еркелеткен біздерді, Еркіндеткен біздерді. Анамызға мың алғыс! -Жұмбақта кімдер туралы айтылған? Әке,ана,ата,әже (сөздерді орысша,ағылшынша айтады) -Отбасы туралы әңгімені бекер көтермедің,себебі -Ортақ тақырып «Менің отбасым»деп аталады №1 тыңдалым -Суреттегі кімдер? (Мерей мен Әли) Екі оқушы диалогті оқиды. 2 оқушы диалог жүргізу арқылы өз отбасымен таныстырады. Сұрақтар қою арқылы отбасы туралы әңгіме жүргізіп, отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік туралы ойларын қорытындылайды. Сергіту сәті: Ағылшынша «My family»әнін тыңдайды. | Магниттік тақтайша оқушыларға алдын ала берілген тақпақтар Слайд We Are Family Song - My Family and ME! Acoustic Version - ELF Kids Videos |
Ортасы Дескриптор Дескриптор Дескриптор | 1)-Қандай әріппен танысатынымызды білу үшін мына дыбысты тыңдаңдаршы (Мысықтың даусы естіледі)-Бұл не? -Қандай дыбыс шығарды? (Мяу) -Мысық сөзі қандай дыбыстан басталады? -Ол қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? - Неліктен? (оқушылардың жауабы) ЭО тыңдау 2)Жұптық жұмыста Мысық сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Жұптар бір-бірін бағалайды. Бұл жұмыста еркеше қабілетті оқушы үлгерімі төмен оқушыға көмек көрсетеді. 3)Топтық жұмыста «Сөз жинау» ойынында суреттерді сәйкестендіреді. 1-топ оқушылары сандыққа М әрпіне басталатын, 2-топ М әрпі сөздің ортасында, 3-топ М әрпіне аяқталатын сөздерді салады. «Аялдама» бағалау түрімен өзара бір-бірін тексеріп, бағалайды. М әрпінің баспа, жазба түрімен таныстыру -М әрпі неге ұқсайды? ЭО 1-тапсырма Сергіту сәті Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Көркем етіп жазайық. 4) Өзіндік жұмыс: Дәптермен жұмыс: М әрпінің жазылуы ЭО 2-тапсырма №2 тыңдалым Ең үлкен ата, Атын ата. Ұжымдық жұмыста қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру. Үлкен сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді айтып, математика пәнімен байланыстырады. | Слайд Электронды оқулық «Әліппе» М дыбысы мен әрпі |
Соңы Кері байланыс | -Не жайлы айттық? Отбасындағы адамдар қалай өмір сүреді? -Қандай әріппен таныстық? Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, білімдерін қорытындылайды. «Бағдаршам»сигналдық картаның көмегімен сұрақтараға жауап алу -М дауыссыз дыбыс(жасыл) -М дыбысы сөздің тек басында ғана кездеседі(қызыл) -Неліктен? -М дыбысы созылмайды(жасыл) -Әке деген сөзді ағылшынша mothe дейді (қызыл) Себебі... -Мақта сөзі бір буыннан құралған(қызыл) Неліктен?(оқушылар дәлелдейді) Сабақ ұнады ма? Смайлик, «Басбармақ» | «Бағдаршам» сигналдық карта |