№1 Айтылым..Суретпен жұмыс.Үйде.. Әңгіме құрау. Отбасында ең үлкені кім? –Әже. -Мен атам мен әжеме кім боламын? Суреттердің алғашқы әріптерінен жауабын табамыз .Немере.Осы сөзде бірдей 3 дыбыс естіліп тұр.Ол- Е дыбысы мен әрпі. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру №2 Кестемен жұмыс. Кестедегі сөздерді оқу және жазу. Елік әже терезе немере Дыбыстық талдау жасау. №3 Оқылым.1)Іштей оқыту2)Дауыстап оқыту Мәтінді дұрыс түсіну үшін мұқият тыңдау. Орманда Жазғы демалыс кезінде достарымызбен ауыл маңындағы орманға саяхатқа бардық. Орманның іші салқын. Ауасы таза. Біз күні бойы таза ауада ойнап, жақсы демалдық. Әлден уақытта жел соға бастады. Ағаштардың бастары теңселе бастады., Орман іші шуылдап кетті.Осы кезде бір қызықты байқадық. Тиіндер секіріп жүрген қарағайлардың түбінен бірнеше кірпі жорғалап шыға келді. Олар бастарын жоғары көтеріп тұра қалды. Аспаннан бір нәрсе күткендей орындарынан жылжымай тұр. Бір кезде ағаштың басынан тиіндердің жинап қойған саңырауқұлақтары түсе бастады. Кірпілер дайын саңырауқұлақтарды тікендеріне шаншып алып, індеріне қарай жорғалай жөнелді. Біз олардың қылықтарына таңдана қарадық және мәз болдық. Оқиға қай кезде болды? Балалар нені байқады? Кірпілер қандай әрекет жасады? Олар саңырауқұлақтарды не үшін жинап алды деп ойлайсыз? Осы мәтіннен не түйдіңіз? №4 Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жаз. Ор – ман,а –уа , жел, ти – ін, қа –ра – ғай, кір – пі,са- ңы – рау- құ – лақ. |