Просмотр содержимого документа
«Сандар ?леміне саяхат жасау »
Сабақтың тақырыбы: 1-5 сандары
Сабақтың мақсаты: 5-ке дейінгі реттік және есептік санауды бекіту, заттарды топқа бөліп үйрену, геометриялық фигураларды қайталау. Сандық қатынастарды меңгерту, санау білімдерін арттыру.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Балалардың көңілін сабаққа аудару:Бір,екі,үш,сыныптың іші тып-тыныш,сабағымызды бастаймыз. 2.Ауызша жұмыс: Сандық және реттік санауды ұйымдастыруға арналған үлестірмелі материалды пайдалану. Көп қабатты үй, пойыз вагондарын. реттік санауда қолдану. Сыныптағы балаларды санау. Доппен ойын жүргізу. Балалар қатарға тұрады да, санап шығады. Жүргізуші кімге доп лақтырса, сол адам реттік нөмірін айтады. Реттік нөмірді жүргізуші атауға да болады. Мысалы, ол «алтыншы» деп айтқанда, алтыншы тұрған бала бір қадам алға аттап, «Мен алтыншы!» деп жауап береді де, допты қағып алады 3.Оқулықпен жұмыс: №1 тапсырма. «Вагондардың ретін атау. Кімнің артында кім тұрғанын айту». Тапсырмаға байланысты ойын-жаттығулары:. - Вагонды жасыр, бірақ балаларға нешінші екенін айтпа. Балалар қай вагон екенін табу үшін сұрақтар қояды. Басқа балалар сұрақ қояды:- Сенің вагоның бірінші ме? (Жоқ, иә). Сенің вагоның қызыл ма? Онда ит отыр ма?Осы сияқты сұрақтар қою арқылы балалар жасырылған вагонды табуға тырысады №2 тапсырма. Түсі әртүрлі 1-5 дана шеңбер, шаршы, кесінді, үшбұрыш салынған. Тапсырма: Фигуралардың неше тұрі болса, сонша таяқша сал. Қай фигуралар тең екенін анықтату. Суретте түсі бірдей фигуралар саны қанша болса, сонша таяқша салу.
Сергіту жаттығуы.
Жаздық, жаздық, көп жаздық,
Шаршады біздің саусақтар.
Бір, екі, үш
Демаламыз, жинап күш.
4. Өзіндік жұмыс: №3 тапсырма. №2 тапсырмадағыдай сызықшалардың көмегімен санын жазу. Неше көк, сары, жасыл моншақ бар. Моншақты жіпке өткізу ретін ата, тізу кезінде жіпке неше және түсі қандай моншақ өткізгеніңді сана, мәселен, бір жасыл моншақ өткізгеннен кейін, екі көк моншақ бояуға да болады.
№4 тапсырма. Балалармен фигуралардың белгілері мен қасиеттерін қайталау. Балалар объектілердің ұқсастығын табады. Шартты белгінің (жапсырмалар) көмегімен олардың ұқсас белгісін көрсету. Фигуралар пішіні, түсі, көлемі жағынан ерекшеленеді.
5.Қорыту: Ауызша санау,1-ден 5-ке дейін тура санау,кері санау.
Жеке балаларға санату,Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау,мадақтау,