?азіргі кезде елімізде білім беруді? жа?а технологиялары пайда болып, білім саласы елеулі ?згерісті бастан кешіруде. ?азіргі уа?ытта білім беруді? ерекшелігі- баланы жеке т?л?а ретінде ?арап, оны? білім ар?ылы дамуын ?арастырып отыр. Соны? бірі Кембридж университеті сындарлы о?ыту теориясы –?лемдік жо?ар?ы де?гейге ?ол жеткізген танымал о?ыту теориясы. Осы кезе?де біз о?ытуда?ы Кембридж т?сіліне негізделген ?аза?стан Республикасы педагог ?ызметкерлеріні? біліктілігін арттыру курсыны? ?шінші де?гей ба?дарламасын ме?герудеміз. Ал?аш?ы «Бетпе- бет» кезе?інде ал?ан білімімізді мектепте т?жірибе ж?зінде ?олдану керек болды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа технологиялары пайда болып, білім саласы елеулі өзгерісті бастан кешіруде. Қазіргі уақытта білім берудің ерекшелігі- баланы жеке тұлға ретінде қарап, оның білім арқылы дамуын қарастырып отыр. Соның бірі Кембридж университеті сындарлы оқыту теориясы –әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген танымал оқыту теориясы. Осы кезеңде біз оқытудағы Кембридж тәсіліне негізделген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгей бағдарламасын меңгерудеміз. Алғашқы «Бетпе- бет» кезеңінде алған білімімізді мектепте тәжірибе жүзінде қолдану керек болды. Бастауыш сыныпта балалардың тіл байлығы мен сөздік қорына ерекше көңіл бөлу керек. Сондықтан , оқудың жаңа әдіс -тәсілдерін әдебиеттік оқу пәнінде қолдандым. Сабақты жоспарлау кезінде «Мұғалімге арналған нұсқаулықты» басшылыққа алдым. «Аталған Бағдармадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйрені,соның нәтижесінде еркін , өзіндік дәлел- уәждерін нанымды жеткізе білетін ,ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.» [Нұсқаулық, 6-бет] Қазіргі кезде әдебиеттік оқу пәнінен жоспар бойынша «Атадан қалған асыл мұра» тарауының «Ертегілер» бөлімін оқып жатырмыз. Соның бірі : «Сақина» ертегісі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз
сөзімен әңгімелей білуге, өз ойын анық жеткізе білуге
үйрету,ертегіні сыни тұрғыдан талдай білуін, сөздік қорын
1. Мен әр сабақты оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру үшін, психологиялық тренингтен бастаймын. Келесі кезеңде оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, бір біріне жылы, жақсы тілек тілеуді айттым. Олар бір біріне рахмет айта отырып, жақсы тілектерін бір біріне арнап шықты. Мысалы , олар бір біріне сабақты жақсы оқуларын, ата- анасының, мұғалімнің айтқан тілін алуын, әдемі, әдепті болып өсулерін тағы сондай жақсы тілектерді тіледі.
Топқа бөлу: Бұл сабақта оқушыларды адамға жақын жүретін құстар суреттерімен бөлдім. Олар тауық, қаз, қарлығаш, балапан, үйректің суреттерін алып, сәйкесінше сол құстардың атымен бес топқа бөлінді. Топқа бөлінгеннен кейін интербелсенді тақтадан мультик түріндегі берілген сергіту жаттығуын жасады. Сергіту сәтін де, топқа бөлуді де , оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алдым. Сабақты бастамас бұрын топ ережесін есімізге түсірдік. Топтың ережесін ің жоспарын балалармен бірге алғашқы сабақта құрған едік. Ол ережеде топпен бірге, бірлесе жұмыс жасау, бірін бірі тыңдау, тәртіп сақтау, уақытты үнемдеу, сабаққа бәрі қатысу туралы жазылған.Оқушыларға бүгін де бағалау парақшалары арқылы өз өзімізді, бағалайтынымызды түсіндіріп, оларға бағалау критерийлері көрсетілген бағалау парақшаларын таратып бердім. Ол критерийлерде үй тапсырмасын толық орындау, сабаққа жақсы қатынасып. сұрақтарға жауап беру, топтық жұмысқа белсене қатысу туралы жазылған. Білімдерін тексеру мақсатында әр топқа сұрақтар дайындап келу туралы тапсырылған.Оқушылар бір біріне дайындаған сұрақтарын қойды. Мысалы: Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады ? Ертегінің қандай түрлері бар? «Қасқыр мен түлкі « қандай ертегі түріне жатады ? тағы сондай сұрақтарға жауап берген оқушылар топ басшысы болып сайланды. Осылай оқушылардың арасында диалог пайда болды. Оқушылардың сұрақтар дайындауға біраз төселіп қалғандарын көрдім. Бұл олардың сыни тұрғыдан ойлай біуіне ықпал етеді. Үй тапсырмасын сұрауда «Кубизм» әдісін қолдандым. Олар ойыншықты бір біріне лақтыра отырып, үйге берілген «Ұр тоқпақ» ертегісін әңгімелеп айтып шықты. Дана, Жанель, Диас, Ердос. Ж ігер, Досымжан, Арайлым , Мейірім тағы басқа оқушыларым сабаққа жақсы дайындалып келіпті.
Үй тапсырмасын қорытындылай келе , оқушылардан осы ертегіден қандай ой түйгендерін сұрадым.Бұл сұрақтар арқылы оқушылар үй тапсырмасын қаншалықты меңгергенін көрсетті. Олар сыни тұрғыда ойланып айтты. Олар адамдарды алдау жаман қасиет екенін айтып ертегіні қорытындылады.. Бүгінгі жаңа тақырыппен таныстырмай тұрып, оларға топпен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын білдіретін , құмырсқалар мен пингвиндердің ұйымшылдығы туралы бейнефильм көрсетілді. Оқушылар қызығып көріп, біраз демалды. Осы интербелсенді тақтамен жұмыс істеуде өзімнің 6-шы сыныпта оқитын қызым Аружанның көмегі тиді. Фильмді көргеннен кейін балалар өз ойларымен бөлісті. Олар топпен бірге жұмыс істеудің ерекшелігін біле бастады. Жаңа тақырып: Оқушылар жаңа тақырыптың атын электронды оқулық арқылы берілген ребусты шешу арқылы тапты. Жігер( үздік оқушы) оны талдап айтып , ертегінің аты: «Сақина» екенін тапты. Ертегінің мәтінінің бірінші бөлімін интербелсенді тақтадан тыңдап, екінші бөлімін өздері іштей оқып, бір бірімен талдады.Ертегінің мәнін түсіну үшін оларға түрткі болатындай сұрақтар қойдым. Олар ертегі шал мен залым зергер туралы екенін айтты. Оқулықпен жұмыс: Оқулықта берілген мағынасы қиын сөздермен жұмыс болды. Оқушыларға сұрақ қоя отырып, ол сөздердің мағынасын аштық. Мысалы: Жиһаз- қымбат зат. Бітік- мол. Арам пиғылды- жаман ойлы. Арам пиғылды-оңбаған, залым. Келесі тапсырмада ертегінің негізгі ойын түсіну үшін, оларға «Сақина» ертегісін бөліктерге бөліп, постер қорғау жұмысын тапсырдым. Олар постер жұмысын қорғауға қызыға кірісіп кетті. Оларға ең бірінші суретін салу ұнайды. Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі топқа берілген тапсырма. Олар ортақ проблемалар арқылы, диалогтік қарым- қатынасқа түсіп, бір шешімге келеді.
«Сыныптағы диалогты әңгімені дамытудың Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.» (МАН 40-бет) Әр сабақтағы постер қорғау жұмыстарындағы әңгімелесу түрлері зерттеушілік әңгіме деп ойлаймын. Өйткені , «Барнс(1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша , зерттеушілік әңгіме - мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі.» ( МАН) 40-бет. Келесі кезектегі тапсырма постер жұмыстарын қорғау болды. Оқушылар өздерінің жауаптары дайын екендіктерін алақандарын түйістіру арқылы білдірді.
Әр топ кезек- кезек шығып, өз жұмыстарын қорғады. Мысалы: Гүлім, Мұхамедали, Ерлан,Аяулым, Аяжан тағы басқа оқушылар ертегінң жақсы түсініп, өз ойларын еркін айта бастады. Тақырыпты жақсы түсінбегендерге, жауап бергенде мүдіріп, сенімсіз сөйлегендерге жетелеуші, бағыттаушы сұрақтар қойып, олардың ертегі бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. «Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдалануға болады.» (МАН) 41- бет. Мен осы сұрақтардың үш түрін оқушы білімін дамыту үшін қолдана білдім деп ойлаймын. Маған Нұрсәуленің, Азаматтың, Мақпалдың тағы басқа оқушылардың жауаптары ұнады. Олар ертегідегі шал мен кемпір өз мақсаттарына сыйқырлы сақинаның көмегімен емес, өз еңбектерінің арқасында жетті- деп сыни тұрғыдан ойлап айтты. Алишер, Аяна, Усеиндердің сөйлеу дағдыларын дамыту керек Келесі тапсырма интербелсенді тақтадан «Сақина» қандай ертегі түріне жататынын табу керек болды. Оған оқушылар «Сақина» шыншыл ертегі түріне жатады деп жауап берді. Ертегіні қорыту мақсатында оқушылар ертегінің негізгі түйінді ойын, яғни еңбек ету екенін жазды. Соңғы тапсырмада интербелсенді тақта арқылы берілген ВЕНН диаграммасында «Ұр тоқпақ « ертегісі мен «Сақина» ертегілерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты табу болды. Ұқсастығын Ердос пен Хазимухамет, Халима тапты. Ердос сыни тұрғыда ойлай отырып, екі ертегіде де адамдарды алдау болды, яғни «Ұр тоқпақ» ертегісінде балалар шалды алдаса, «Сақина» ертегісінде зергер шалды алдады деп айтты. Хазимухамет екі ертегінің де кейікерлері шалдар деп сыни тұрғыда мән бере айтты. Халима екі ертегіде де сыйқырлы заттар бар деп айтты, Олар « ұр тоқпақ», « піс, қазаным, піс», «құс есегім, құс», «сыйқырлы сақина» деп сыни тұрғыда ойланып айтты. Айырмашылығын Диас ойлап айтты. «Ұр тоқпақ» қиял- ғажайып ертегілер түріне жатады, ал «Сақина» шыншыл ертегі түріне жатады деп тапқырлықпен айтты.
Сабақта оқушылар табыс критерийлері бойынша өзін өзі, бір
бірін , топпен бағалауды үйрене бастады. Барлық оқушылар
күліп тұрған смайликтерді алуға тырысты.
Алдағы уақытта оқушылардың бір бірін тыңдап, ынтымақтаса
жұмыс істеуіне көңіл бөліп, сабақтарда қызықты әдіс- тәсілдерді