kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары: "Мен дүқенге барамын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Применяется на уроке казахского языка для 4 классов. Имеются физминутки.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Мен дүқенге барамын"»

Сабақтың тақырыбы: Кітап дүкеніне барамыз.
Сабақтың мақсаты: 
а) Білімділігі:
берілген тақырып аясында сұхбаттасу. Тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу. 
ә) Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын диалог арқылы қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. 
б) Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, сұхбаттасу, өздік жұмыс. 
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сурет.
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Отырыңдар.
-Сынып сабаққа дайын ба?
-Көңіл-күйлерің қалай?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Тапсырманы дерлік орындадық па? 
-Қане, олай болса, үй жұмысын тапсырайық. (тапсырманы жалпылай сұрақтармен және жекелеп сұрап шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Дүкеннің қандай түрлері болады?
-Сендер кітап дүкеніне жиі барасыңдар ма?
-Кітап дүкенінен қандай кітаптар сатып аласыңдар?
IY. Жаңа тақырып:
Грамматика. Үстеу.
Үстеуді, мекен үстеуді кестені пайдалана отырып пысықтап шығу.
1. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздікпен жұмыс: 
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу 
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
ертегі - сказка ғылым- наука
әңгіме - рассказ әдеби шығарма – художественное произведение
2. Мәтінмен жұмыс:
-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату
-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу
-мәтінді аударту
Кітап дүкенінде
Біздің қаламызда кітап дүкендері көп. Оның бірі Саттар Ерубаев көшесінде орналасқан. Дүкен көп қабатты үйдің бірінші қабатында 
орналасқан. Іші кең, тамаша. Дүкенде көркем әдеби шығармалар, оқулықтар, әлем әдебиеті, балалар әдебиеті сатылады. Жарас пен Әділ кітап дүкеніне келді. Жарас өзіне 6-


сыныпқа математика, қазақ әдебиеті оқулығын, ал Әділ ағылшын тілі мен Қазақстан тарихы кітабын сатып алды. 
3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:
Берілген сұрақтарға жазбаша жауап жазу. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау.
-Біздің қаламызда кітап дүкендері қай көшеде орналасқан?
-Кітап дүкенінде қандай кітаптар сатылады?
-Сен кітап дүкенінен қандай кітаптар сатып аласың?
1- тапсырма.Сұхбатты жалғастырып әңгімелесіңдер. 
-Сәлем, Айдар!
-Сәлем, Ардақ! Халің қалай?
-Рахмет, халім жақсы.
-Сен география пәніне арналған атлас картасын алдың ба?
-Жоқ, мен әлі сатып алған жоқпын.
-Онда кітап дүкеніне бірге барып, сатып алайық.
-Жақсы, жақын маңда кітап дүкені бар ма?
-Иә, бар. Ермеков көшесінде.
-Онда, кеттік!
-.....................
5-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құраңдар.
V. Бекіту. 
-Сонымен бүгінгі сабақта не істедік?-Қандай жаңа сөздермен таныстық?-Қандай мәтін оқыдық?-Мәтінде не туралы айтылды?
VI. Бағалау.
YII. Үйге тапсырма: 
-30-бет 3-4-тапсырма.
3- тапсырма. Берілген әңгімені толықтырып жазыңдар.
Біздің көшеде ... дүкені бар. Дүкенде ... сатылады. Мен дүкеннен ... сатып алдым. ... бағасы бес жүз жиырма теңге. 
4- тапсырма. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңдар. 
Майра өзіне қызықты кітап сатып алыпты. 2. Марина керекті кітаптарын кітап дүкендерінен іздеп жүр. 3. Асан сауда орталығына жиі барады. 4. Сауда орталығының бірінші қабатында азық – түлік сатылады. 5. Астыңғы қабатта кафе де бар. 6. Екінші қабатқа эскалатормен көтерілуге болады. 7. Айқын кітап дүкенінен балаларға арналған ертегі, әңгімелер, жұмбақ- жаңылтпаштар жинағын сатып алды.
YIII. Рефлексия:
Сабақ керемет өтті Сабақ жақсы өтті Сабақ нашар өтті

IX. Сабақ соңы.















2 – сынып.

Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым.

Сабақтың мақсаты:

Оқу құралдары атауларын қайталау. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс құрастырып айта алуға, сауатты жазуға қалыптастыру.Түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: оқуқұралдары атауларын орынды қолдану, оқу құралдарын қалай пайдаланатынын айта алу,сөздерге көптік жалғауын дұрыс жалғай алу,

Тұлғалық: оқуқұралдарын ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап ,түсіндіру, оқу, аудару, жазу, ойын, жеке, жұптық, топтық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: кітап, суреттер, тән дыбыстар, карточкалар, кесте, тірек сызбалар.Оқу құралдарының суреттері.Төртінші артықты тап.Интерактивті тақта, слайдтар, сөзжұмбақ, смайликтер, стикерлер, жұлдызшалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.

1.Психологиялық дайындық.

Армысың көк аспан,

Армысың алтын күн,

Армысыңжер – ана,

Армысыңжандосым.

Мінеекіқолым бос,

Жүрегімежылуқос.

2.Фонетикалық жаттығу.

(тән дыбыстарға байланысты жаңылтпаштарды қайталау)

Ән,ән,ән, Ән әлемі,

Сән әлемі,

Әлия әдемі,

Әсия әдемі.

Қарға, қарға, қарғалар, ...

3.Сұрақтарға жауап алу.

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Бүгін ауа райы қандай?

- Көктем айларын кім айтады?

- Көктемде не ериді?

- Бүгін сәуірдің нешесі?





II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

Ойшақыру.

Оқу құралдары

III. Сабақта.

1.Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

— Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, қонақтар келіп отыр, өзіміздің алған білімдерімізді сабақта көрсетейік.

Балалар, бүгін сабақ барысында  сендерді жұлдызша арқылы бағалаймын. Дұрыс жауаптар  үшін, тапсырманы дұрыс орындаған үшін   жұлдызша  таратамын.

Жұлдызша саны  бойынша сабақ соңында баға қоямын.

2.Ойын. «Қай әріпті жоғалттым?» Сөздерден тән дыбыстарды дұрыс тауып айтып, тақтаға жазып, дауысты, дауыссыз дыбысты анықтау.

3. Топтық жұмыс. Мектептің тапсырмасы.

«Сөмкені жина» ойыны.(тақырыпты бекіту үшін)

Ойын ережесін еске түсірейін: Мектепке оқу құралдары суреттерін сөмке суретіне жинау керек. Мектеп суретіне ілінген оқу құралдарының артындағы тапсырмаларды орындау. Сурет алынған соң артында тапсырмалар шығады.

Буынға бөліп жаз.

Қайшы, сызғыш, қалам, сөмке, кітап, дәптер.

  1. Көптік жалғауларын жалға. Қалам+дар, достар+тар, бояу+лар, ұштағыш+тар, желім+дер, сөмке+лер.

  2. Сөз тіркестерін қазақшаға аудар.

Красивая сумка, синяя тетрадь, белый ластик, длинная линейка, большая книга, новая ручка, мой дневник.

Сергіту сәті.

  1. Жұппен жұмыс. «Адасқан сөздер» ойыны. Орны ауысқан сөздерді ретімен қойып,сөйлем құрастыру. 

Дұрыс сөйлем құрастыр.

Кірді,мұғалім, сыныпқа.

Сыныпта, оқимын, екінші, мен.

Әдемі, оқу құралдарым, жаңа, менің, таза, және.

Сурет саламын, мен, қарындашпен .

Бар, оқу құралдарым, менің.

Ұштаймын,қарындашты, ұштағышпен

ІV. Сабақты бекіту.

«Не жоқ?» ойыны

Ойын шарты: Тақтаға күнделік,қалам,кітап суреттері ілінеді. Балалар көзін жұмады. Оқу құралдарын бірі алынып тасталады. Балалар қай сурет жоқ екенін табады.

  • Қай топ, сөмкеге көп оқу құралдарын жинады, анықтау.

  • Сабақта не туралы айттық?

V. Рефлексия

-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

Үш түрлі стикерлер арқылы сабақты түсіндім бе? сұрағына жауап беру, ойларын айту.

Жасыл түс – мен барлығын түсіндім, маған сабақ өте көңілді болды.

Сары түс – мен түсіндім, маған қызықты болды.

Қызғылт түс – менің түсінбегендерім болды, бірақ сабақ қызықты болды.

Смайликтерге жапсыру.

VІ. Қортындылау.

Жұлдызшалар арқылы бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру. Оқу құралдарының суретін салу.




































Сабақтың тақырыбы: “Алтын адам” туралы аңыз

Мақсаты: Мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, сөйлем құрастыруға үйрету. Мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, мәтін бойынша тіл дамыту жұмысын жүргізу. Қазақстанның мәдениетін білуге тәрбиелеу, Отанды, туған жерді сүюге баулу, ата-бабамызды құрметтеуге тәрбиелеу. 

Түрі: аралас, дамытпалы сабақ.

Әдісі: түсіндіру, іздену , сұрақ-жауап, тест.

Көрнекілігі: суреттер,сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

П.д. Сабағымызды бастаймыз,

Жалқаулықты тастаймыз.

Асыл сөзді жаттаймыз,

Есімізде сақтаймыз.

Ә). Мәтінді әңгімелеу.

«Алтын адам» туралы көрсету , табылған бұйымдар туралы айту.

.Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.[2] Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.[3] Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар– ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.[4] Көне дәуірдегі материалдық мәдениетөнермифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. 



III.Оқулықпен жұмыс

1.Сөздік жұмысы.

Қол бастау, көсем болу- әскери қолбасшы болу

Зер-әшекей

Мәртебелім-құрметтім

Төрт құбыла-дүниенің төрт жағы 

2. Оқу түрлері: А) Тізбектеп оқу.

Алтын адам осы киімдерді кие алды ма? (хрестоматия оқу).

Ә). Тауып оқу.

Алтын адамның айтқан қай сөзі орындалды, шындыққа айналды? Тауып оқың.


Тапсырмалар:

Дәптермен жұмыс.

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру. 


  1. Алтыннан жасалған , қару-жарағы,сақинасы. 


  2. Таңғалдырып келеді, өз ғажайыптарымен , бүкіл әлемді, археологиялық ескерткіштер. 


  3. Тапқан, «Алтын адам» ескерткішін, Кемел Ақышев. 


3.Топтастыр: «Сиқырлы сөздер сөйлейді» 

IV.Бекіту.





Тест. 

1.Алтын адам қашан табылды?

А) 1969ж Ә) 1970ж Б) 1971ж

2.Алтын адамды кім тапқан?

А) З.Самашев. Ә) К.Ақышев Б) Ш.Уәлиханов

3.Алтын адам туралы аңыздың авторы кім?

А) Б.Серікбаев Ә) Қаржаубай Омарұлы.

4.Алтын адам қайда табылған?

А) Шымкенттен. Ә) Атырау. Б) Есік қорғаны

5.Мәтіндегі «Алтын адам» кім?

Ол неліктен Алтын адам деп аталған.

А) Батырлығымен. Ә) зергердің досы болғадықтан. 
V.Бағалау.

«5» - 5 ұпай. «4» - 4 ұпай.»3» - 3ұпай.

VI.Қорытынды. Ән «Алтын адам»

Рефлексия.

VII.Үйге тапсырма: 

Мәтінді әңгімелеу. Жаңа сөздерді жаттау.Шығармашылық тапсырма: «Алтын адам» шығарма жазу.



















Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.


Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың ҮІІ модуль бойынша алған білімдерін тексеру, жұппен жұмыс істеу арқылы қосымша мәлімет алуға мүмкіндік туғызу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жұппен жұмыс жасап, ой бөлісу, пікір алмасу, ортақ тұжырым шығару, сыни тұрғыдан ойлау, өткен тақырыпты өз бетімен саралай білу дағдыларын арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың жағымды көзқарастарын қалыптастыру, қазақ тілін үйренуге деген ынталарын арттыру, бір-бірінің пікірлеріне сыйластықпен қарауға үйрету.

Түйінді идеялары: жұппен жұмыс істеу барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, әңгіме, диалог, қарапайым және күрделі сұрақтар), өзін-өзі реттеу, оқытудағы басқару және көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын пайдалану арқылы оқушылардың коммуникативтік қатынас жасау дағдылары, алған білімдерін пайдаланып тұжырым жасау, өзекті мәселені өз бетімен шешу, өз пікірін мүлтіксіз білдіріп, ортақ келісімге келу дағдылары дамиды. Талантты және дарынды балалармен жұмыс (қосымша ғылыми деректерге сүйену, ізденіс) оқушылардың білім, білік, дағдыларының артуын көздейді.Оқушылардың орындаған жұмыстарына жазбаша түсініктеме беру кері байланыс орнатады.

Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны тексеру сабағы.

Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс, өзіндік жұмыс, «балық сүйегін» толтыру, әңгімелесу, суретпен жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, бор, тапсырмалар қағазы, үлестірме кеспелер, суреттер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, Үшінші (негізгі) деңгейге арналған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Қазақ тілі» 5-сынып, Алматы «Атамұра» 2010.

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Жоспар

7 модульді іске асыру

Қосымша

Ұйымдас-тыру кезеңі:

Ауызекі сөйлесу

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Қалдарың қалай?

- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

- Қазір қандай ай?

- Бүгін қазанның нешесі?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Бүгін далада ауа райы қандай?

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Сыныпта бүгін кім жоқ?

- Үй жұмысы қандай болды?

- Рақмет, отыра ғой. (2 минут)

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

(Диалог: мұғалім-оқушы)

 

Үй жұмысын тексеру

Оқушылардың рефераттарын жинап алу, бір төмен, бір орташа, бір жоғары деңгейдегі оқушылар  рефераттарын қорғайды.

 

Нәтиже сабақтың алдында өткенді қайталап алу мақсатымен «Ыстық орындық» ойынын ойнау. (Оқушылар өткен тақырып бойынша орындықта отырған оқушыға сұрақ қояды, ол оқушы дұрыс жауап берсе орындықта отыра береді (5 сұрақ), егер қате жауап берсе, оның орнына сұрақ қойған оқушы отырады).

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

(Диалог)

 

Жаңа сабақ

 

Оқушыларға үлестірме кеспелер таратылады, әр кеспеде бір сөзден жазылады, оқушылар антоним сөздерді табу арқылы жұп қалыптастырады.

Қазанның жиырма тоғызы.

Нәтиже  сабақ.

Оқушыларға сабақ барысында орындалатын тапсырмалар беріледі, егер 4 тапсырманың барлығы қатесіз орындалса – «5», 3 тапсырма – «4», 2 немесе 1 тапсырма – «3», еш тапсырма орындалмаса – «2»  деген баға қойылатыны ескеріледі.      

Жұппен жұмыс

1-тапсырма

Әр жұп бір-бірімен ой бөлісіп, ортақ жауап жазуы тиіс.

1. «Отансыз адам, ормансыз - ...» мақалды жалғастырып, түсіндір.

2. Отан деген не?

2-тапсырма

Әр жұпқа бір-бір суреттен таратылады. Сол сурет бойынша:

1. Қандай ұлттың өкілдері тұрады? (жазу);

2. Бір қарапайым сұрақ құрастыру қажет.

Өзіндік жұмыс

3-тапсырма

1. Тәуелдік жалғаулары туралы не білесің? Айтып бер.

2. Оның қандай түрлері бар? ( жекеше,көпше)

3.Отан, дала, орман, тіл, ұлт сөздеріне тәуелдік жалғауларын жалға

Отан                      - сы

Дала                      - ым

Орман                    - і

Тіл                          - ың   

Ұлт                         - м

4. I Ү модуль бойынша қандай қиыншылықтар туындады?

 

 

 

 

 

 

 

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

(Формативті бағалау)

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

(Диалог: оқушы-оқушы)

Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

 

 

 

 

 

Бекіту кезеңі

4-тапсырма

«Балық сүйегі» әдісі

«Туған жерің  сен үшін неге қымбат?» сұрағына «балық сүйегін» толтыру.

Ол үшін оқушыларға қазақ тілінде түрлі пікірлер ұсынылады, оқушылар сол пікірлерді маңыздылығына қарай сүйек бойына орналастырады. Ең маңызды пікір балық басына, маңызы жоқ немесе маңыздылығы төмен пікір соңына жазылады.

Республикамыз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең әрі бай.

«Медеу» мұзайдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады.

Қазақстанда жалпы 48 262 көл бар.

Қазақстанның астанасы- жаңа қала Астана.

Табиғат – асыл қазына.

Қазақстанның тұңғыш Президенті- Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев .

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран.

Мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

 

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

 

Қорыту кезеңі

Жалпы сыныпқа арналған сұрақтар:

  1. Действие - әрекет,                        Облако - бұлт,

Государство -............                         Национальность -....................

2. Балалар, сендер туған жер деген не? Сұраққа жауап берер де, ойларыңа не келеді.

(ауызша жауап берген соң оқушылардың жауаптары стикерлерге жазылып, плакатқа ілінеді)

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

(Диалог, әңгіме)

 

Үй жұмысын беру

1 оқушы өзі етене жақын араласа қоймайтын 2 оқушымен бірлесіп, Қазақстан туралы  зерттеулері бойынша баяндама жазуы тиіс.  Сол баяндамаларын презентация арқылы қорғаулары тиіс.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

 

Бағалау кезеңі

Оқушылардың жұмыстарын жинап алып, орындау деңгейлеріне қарай баға қойып, түсініктеме жазу.









































Сабақтың тақырыбы: Спорттық сауықтыру кешені. 8 сынып

Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Білімділік:           Оқушыларға  спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра 

                               отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту. 

Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата   

                              отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.(жіктік 

                               дұрыс жалғануын бақылау) 

Тәрбиелілік:      «Спорттық сауықтыру кешені» деген сөздің    

                               мағынасын аша отырып, спортқа деген сүйіспеншілігін    

                                арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:      жаңа сабақ

Сабақтың түрі: тіл дамыту

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс

Көрнекілігі: кітап, дәптер,бор.

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Спорт». Ендеше бүгінгі сабақта «Спорт» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

«Менің отбасымның атаулы күндері»тақырыбы туралы  әңгімелеу.

ІІІ.  Жаңа сабақ

2. Лексикалық минимум: 

Пайдалы, Спорт пайдалы, секіреміз, жүгіреміз, жаттықтығамыз, велосипед, коньки тебу, допты тебеміз, айналысамын, ұнайды, намыс, намысын қорғаймын, былғары қолғап.

3. Сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастыру.

Спорт адамға пайдалы. Спорт үйірмесінде секіреміз, жүгіреміз. Мен допты тебемін. Арман велосипед тебеді. 

4.Диалог «Спорт» тақырыбына байланысты диалог құрастыр.

Сәлем!

Сәлем!

Сен қайдан келесің?

Мен .....   спорт кешенінен келемін.

Онда не істедің?

Онда футболға бардым. Сен волейболға бардың. Ол хоккейге барды.

Үйірмеге қатысасың ба?

Мен футбол үйірмесіне барамын. Сен волейбол үйірмесіне барасың. Ол хоккейге барады.

Спорт үйірмесінде не істейсіңдер?

Мен секіремін, жүгіремін, жаттығамын. Сен жүгіресің. Сен жаттығасың. Ол жаттығады.

Сен ....     спорттан жарысқа қатыстың?

Мен  футболдан жарысқа қатыстым. Сен футболдан жарысқа қатыстың. Ол футболдан жарысқа қатысты.

5. Сергіту сәті. 

Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.

6. Мәтінмен жұмыс. 

Тыңдалым. Балалар  мына суретте қай қаланы көріп отырмыз. «Медеу» бұл жерде қандай жарыстар болады?

Бұл жерде қысқы олимпиада болды.

7-тапсырма Берілген сөздердің аудармасын сәйкестендіріңдер.

пайдалы Упражнение

секіреміз Полезно

жүгіреміз Прыгаем

жаттығамыз Катаься на коньках

коньки тебу Занимаюсь

айналысамын Бегаем

намысын қорғаймын Защищаю честь

былғары қолғап Спортивный 

8-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.

Балалар     ....            алды.  Мен   ....       тебемін.  Біз  таудан    ...    сырғанаймыз.   Мұз айдынында   ....   тебеміз.  Айбек   ....    киді. Мен  ...   сатып алдым. Мен   ....   спортымен  айналысамын. 



(Балалар доп алды. Мен велосипед тебемін. Біз таудан шаңғымен сырғанаймыз. Мұз айдынында   коньки тебеміз. Айбек былғары қолғап киді.

 9-тапсырма. Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар.

 СӨЙЛЕМ ДҰРЫС БҰРЫС

Мен спортпен айналыспаймын

Маған қазақ күрес үйірмесі ұнайды.

Мен жарысқа қатыспаймын

Мен шетелге жарысқа бардым.

Мен Қазақстан намысын қорғаймын

Спорт адамға пайдалы

Рефлексия: 

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Бүгінгі сабақта қандай сөздерді меңгердіңіздер?

Үйге тапсырма: Спорт тақырыбында мақалдар жазу
































ВИКТОРИНА на тему:

«Государственные символы республики Казахстан»

Цели:

• Закрепить знания детей о Казахстане, формировать понятие «гражданин», 
• Развивать представления об уважительном отношении к Родине и государственным символам. 
• воспитывать чувства любви и гордости за свою многонациональную Родину - Республику Казахстан. 

Ход викторины:

Орг. момент.

«Казахстан любимый мой, 
Буду я всегда с тобой! 
Здесь и мама, и друзья, 
Это Родина моя!» 

       - Здравствуйте дорогие ребята, уважаемые коллеги, гости. Наша викторина посвящена государственным символам Республики Казахстан. А прежде чем приступить к викторине, давайте споем с вами гимн нашей страны. (играет гимн)

      - Наша страна – Республика Казахстан. Широко раскинулась она под ярким солнцем. Здесь есть и бескрайние степи, и высокие горы, и глубокие озера, и бурные реки. В полях колосится пшеница. В садах зреют ароматные яблоки. Поют звонкую песню родники. В городах и аулах Казахстана живут люди разных национальностей.

            4 июня 1992 года были впервые утверждены новые государственные символы независимого Казахстана. Этот день навсегда останется в истории страны как день рождения новой государственной символики.
                    Республика Казахстан – древняя и молодая земля. Она любима нами с детства и на всю жизнь. Как хорошо, что мы живём с вами в Казахстане. Мы все граждане своей страны. 

          - Ребята, прозвучало слово «граждане», как вы понимаете это слово? 
Деление на группы:          

- Давайте по кругу возьмёмся за голубую ленту и представим, что это границы нашей Родины. Теперь поднимем вверх и сделаем так, чтобы мы оказались внутри круга, а лента – снаружи. Лента образовала своеобразную границу Республики Казахстан. Мы родились и живём в Казахстане, значит мы граждане своей страны. Родина защищает нас и заботится о нас. Казахстан- это наш дом.

- посмотрите на ленты, каждый из вас взял ленту определенного цвета. Те дети которые выбрали ленту желтого цвета, к этому столу, а те дети лента которых синего цвета идут к другому столу.

             - А теперь вы можете проявить свои знания и эрудицию! Желаем всем удачи!

Мы будем задавать вам вопросы, а вы за каждый правильный ответ будете получать баллы. В конце урока мы узнаем, кто лучше знает о своей стране. 

             

 - Ребята, названия ваших команд имеет серьезное значение. Поэтому вы сегодня должны соответствовать этим названиям. Нужно выбрать капитанов команд.

         - Нашим гостям предлагаю стать жюри и справедливо оценивать наши команды. А в жюри у нас сегодня:____________________________________________________________

- На ваших столах лежат плакаты, фломастеры, карандаши. Ваша задача сейчас нарисовать флаг группы. Но вы должны не забывать, название ваших команд имеет серьезное значение. Будьте внимательны.

- а пока наши команды работают, ребята, давайте с вами вспомним, какие пословицы вы знаете о дружбе.

1 тур.- Игра «Мозговой штурм»:

         - Перед вами солнце, на лучах солнца находятся лучи. На каждом лучике находится вопрос, на который вы должны ответить. Вы должны сами выбирать кто из вашей команды будет отвечать. За каждый правильный ответ- 1 балл.

1. Столица Казахстана?

2. Первый президент РК?

3. Назовите государственные символы РК?

4. Назовите города Казахстана.

5. Какие народы живут в Казахстане?

6. Назовите казахские национальные блюда.

7. Государственный язык Республики Казахстан?

8. Первый космонавт РК. (Тохтар Аубакиров) 

9. Древнее жилище казахского народа. (Юрта)

- молодцы, на все вопросы вы ответили. Наше жюри подсчитывает баллы, а мы продолжаем.

2 тур. – Игра « Вспоминай-ка»:

- Чтобы выполнить второе задание, вам нужно вспомнить все то, что вы знаете о флаге. На Ваших столах лежат листы, на которых вы увидите вопросы . вам нужно ответить на эти вопросы. За каждый правильный ответ 1 балл.

Вопросы

Ответы

  1. Автор флага Республики Казахстан?

Автором Государственного флага является

Шакен Онласынович Ниязбеков.

  1. Какие два цвета присутствуют на флаге РК? Что они символизируют?

Голубой, желтый. Голубой означает ясное безоблачное небо и покой, мир и спокойствие, светлое и ясное будущее. Золотой- изобилие, богатство.

  1. Что символизирует луч и солнце на флаге?

несет тепло и свет всем народам;

  1. Что символизирует парящий орел на флаге РК?

священная птица, символ вечности.

  1. Что символизирует орнамент на флаге РК?

принадлежность Казахстану.

- пока наши команды работают, давайте с вами вспомним. Какие вы пословицы знаете о Родине?

Физкультминутка:

3 тур - Игра «Отвечай-ка»    

- настал последний тур, ваша задача вспомнить все что вы знаете о гербе РК. На ваших партах лежат листы. напишите, как называется части герба РК? За каждый правильный ответ – 1 балл.



-но и мы ребята с вами поиграем. Давайте с вами, поиграем в игру «Ребусы»:

Отгадать ребусы

  

 

 Подведение итогов. Подошел к концу наш конкурс- викторина на знание символов. 
И не даром наш Президент отмечает « Что именно Государственные символы РК - одна из незыблемых основ нашего суверенитета. Они выражают священный, объединяющий образ независимости Родины. Поскольку мы рассматриваем Независимость и Государственность как первооснову сохранения нации, как величайшую ценность. И сегодня можем с уверенностью говорить, что историческая миссия по воссозданию казахстанской государственности успешно выполнена» 







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сабақ жоспары: "Мен дүқенге барамын"

Автор: Муханов Амангельды Зейнуллович

Дата: 28.11.2017

Номер свидетельства: 441226

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Біз «Медеуге» барамыз"
    ["seo_title"] => string(23) "biz_miedieughie_baramyz"
    ["file_id"] => string(6) "416811"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495141381"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Біз " Медеуге" барамыз."
    ["seo_title"] => string(25) "biz_miedieughie_baramyz_1"
    ["file_id"] => string(6) "471737"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1527766269"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "«Ал?аш?ы ?о?ырау» салтанатты жиыны "
    ["seo_title"] => string(38) "alg-ashk-y-k-on-yrau-saltanatty-zhiyny"
    ["file_id"] => string(6) "227635"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1440850488"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Етістіктің түрленуін қайталау"
    ["seo_title"] => string(32) "ietistiktin_turlienuin_k_aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "409268"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492188395"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства