Сабақ жоспары 5-бөлім Саяхат 7-сабақ
Тақырыбы: Біз «Медеуге» барамыз | Мектебі: Ямышев жалпы орта білім беретін мектеп Бөлім ; саяхат | ||||
Күні, айы 31.01.2018ж | Мұғалімнің аты-жөні: Сальменова Бибигуль Толеубаевна | ||||
1Б сыныбы | Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:______ | Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:____ | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 1.1.5.1 Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/ көрген мәтінді түсінеді. 1.2.4.1 Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндайды. | ||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: «Медеу» мұзайдынына баратынын және онда не істейтіні туралы (коньки тебемін) айта алады. | ||||
Оқушылардың басым бөлігі: Қазақстанның басқа да көрікті жерлерін айта алады, тақырып көлемінде «Медеу» мұзайдыны туралы ақпарат бере алады. | |||||
Кейбір оқушылар: Сабақта үйренген материалды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. Қазақстанның көрікті жерлері туралы қосымша ақпарат бере алады. | |||||
Бағалау критерийі |
| Дескриптор -суреттерді ажыратады -берілген түстерді ажыратады -сөздердің мағынасын түсінеді -сөз тіркестерін құрап айта алады | |||
Алдыңғы оқу | Өмірде қолданып жүрген сөздері арқы мысалдар келтіру, өздері білетінін айту | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған жұмыс | Ресурстар | |||
Сабақтың басы (2-5 минут) Шаттық шеңбері. Топқа бөлу. | Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! | А4 форматты ақ қағаздар Қарындаштар Карточкалар Аудиодиск Оқулық Интербелсенді тақта №2 жұмыс дәптері | |||
Сабақтың ортасы Сергіту сәті Жұптық жұмыс Топтық жұмыс | Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударды. Сурет бойынша оқушыларға «Медеу» сөзінің мағынасын түсіндіреді. «Медеу» мұзайдынының еліміздегі көрікті жерлердің бірі екені туралы, сондай-ақ онда коньки тебуге болатынын, қыста тауда шаңғы тебуге болатыны туралы ақпарат береді. 2-тапсырма арқылы оқушылар «Медеу» мұзайдыны туралы мәтінмен танысады.Мәтінді тыңдайды,қайталайды. Мәтін арқылы «Медеудің» Алматы қаласында орналасқанын, оның үлкен, әдемі екенін және онда коньки тебуге болатыны туралы біледі. А) Видео, слайд 3-тапсырмада берілген сөйлемді (Ол . тебеді.) толықтырып айту арқылы тебеді сөзін коньки, шаңғы, велосипед сөздерімен байланыстыра қолдануға көңіл бөлінеді. «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім тебемін сөзінің болымды, болымсыз түрде қолданылуын түсіндіреді. Оқушылар коньки сөзін шаңғы, велосипед сөздерімен алмастыра қолдануға жаттығады. 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді.Оқулықта берілген сөйлесу үлгісі тыңдалады, қайталанады. Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлеседі. Үлгі: -Сен қайда барасың? -Мен «Медеуге» барамын. -Сен не істейсің? -Мен коньки тебемін 1-топ.Сөздерден сөйлем құрайды. 2-топ. Суретпен жұмыс. .Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. | ||||
Сабақтың соңы (41-45 минут) Кері байланыс Кеме | Сабақты қоыртындылау мақсатында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызған туралы ой – пікірлерін білдіре алады. | ||||
Қосымша ақпарат | |||||
Қорытындылау | Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағанадағы сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
1.Сабақ барысында өзгерту енгіздіңіз бе? Неге? 2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? | |||||