kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары: " Менің Отаным" 4- класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен 4 сыныпта "Менің Отаным" атты ашық сабақ өткіздім. Сабақта әр түрлі әдістерді қолдандым. Сабақ оқушыларға ұнады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: " Менің Отаным" 4- класс»


Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: «Менің Отаным» жайлы мәлімет бере отырып, Қазақстан жайлы білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту. “Отан” туралы өлеңді меңгерту, мазмұнын аша алуға үйрену.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас  сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекі - құралдары: сөзжұмбақ, тапсырмалар, жаңа сөздер енгізілген презентация, интерактивті тақта, суреттер, фишкалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:       

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Бүгін кім кезекші?

- Ал кәне, айта қойшы кім сыныпта жоқ?

Тіл дамыту.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Аптаның қай күні?

-Ауа райы қандай?

-Ал енді отыра ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 51-бет. 5-тапсырма. Мәтінді мазмұндау.

Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын қорыту.

  • Біз қай мемлекетте тұрамыз?

  • Біздің Президентіміз кім?

  • Елордамыз қай қала?

  • Рәміздерді ата, авторлары кім?

Сабақтың ұраны: «Бір ауыз сөз болса да, дауыстап айт, ең бастысы үнсіз қалма».

Девиз урока: Вспомним золотое правило нашего урока: «Хоть промолвишь одно словечко, главное не молчи».

IІI. Жаңа сабақ:  А). Кіріспе сөз.

1-Тапсырма. - Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін, сөзжұмбақты шешейік.

Ал енді балалар сұрақтарға жауап бере отырып, бір-бірден тақтаға шығып жаза қойайық.

.

1 Слайд. Ең алдымен сөзжұмбақты шешіп алайық, сұрақтары:

1. «Изобилие» сөзінің аудармасы? (молшылық)

2.Қазақстан Республикасының рәмізі? (ту)

3.Қазір қандай ай? (қараша)

4. Қазақстан Республикасының рәмізі (әнұран)

  • Сонымен балалар, қандай сөз шықты? Дұрыс балалар: «Отан»! Жақсы, балалар!

Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

  • Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отан».

Ендеше бүгінгі сабақта «Отан» тақырыбы төңірегіне байланысты тапсырмалар орындаймыз.

Балалар, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күн мен айды, тақырыбымызды тақтадан жазып аламыз.

  • Мәтінмен жұмыс жасамас бұрын, алдымен сөздік жұмысымен танысайық. Бұл сөздер мәтінмен байланысты, 1-1 ден оқып шығыңдар.

2- тапсырма. Сөздікпен танысу. Сөздік жұмысы.

Елбасы- глава государства, Президент

 Ұлт өкілдері-  наций

Қонақжай- гостеприимный

Ұлттық – национальный

Дәстүр - традиций


( Мұғалім бір рет оқиды, бірнеше оқушы кезекпен орысша-қазақша бөлек оқып шығады). ( 2 мин)


3- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Тақтада.

  1. Мұғалім бір рет мәнерлеп оқиды.

  2. Оқушылар 2 рет өз бетінше оқып шығады.

  3. Әрбір оқушы оқып, аударады. (5 мин).

  4. Мәтіннен көптік жалғаулары бар сөздерді тауып, дәптерлеріне жазып алып сызады.


Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – бай, үлкен, әдемі мемлекет. Қазақстанның Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Онда таулар мен өзендер, ормандар мен көлдер бар. Біздің елімізде әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқы қонақжай халық және ұлттық дәстүрге бай.



4- тапсырма. 56-бет. Өлеңді оқып, талдау.

Отан – атам,

Отан – әкем!

Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса

Неге біздер

Дейміз оны: «Атамекен?!» (Жарасқан Әбдірашев)


5- Тапсырма. Жазбаша тақтамен жұмыс.

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.

1.Менің елім - ... . 2. Мемлекеттік тіл - ... ... . 3. Қазақстанда 16 желтоқсанда ... күні. 4. Біздің астанамыз - ... ... . 5. Қазақстанның табиғаты - ... . 6. Біздің қаладан Астанаға ... барады. 7. Мен Отаным туралы ... айттым.

Керекті сөздер: қазақ тілі, ән, Қазақстан, Тәуелсіздік, поезд, Астана қаласы, әдемі.

Сергіту сәтін өткізу.

6- тапсырма.Балалар қазір біз «Отандық алма ағашын» жасаймыз. Ауызша.

  • Қағаз бетіне бүгінгі сабақтан түйген ойларынды жазыңдар. Тақтада
    (Оқушылар кезекпен айтып, алма ағашының жапырақтарын тақтаға жабыстырады. )
    1. Атамекен
    2.Туған жер
    3.Достарың
    4.Ауылың
    5.Өз үйің
    6.Кіндік тамған жерің
    -Балалар, алма ағашын жасап шықтыңдар, бәріміз Отанымызды қорғап жүрсек осылай алма ағаштары көбейе береді де еліміз мықты болады.
    ІV. Сабақты қорыту:   А) Пысықтау сұрақтары:

- Отан деген не?

- Қазақстан қандай мемлекет?

- Қазақстанның табиғаты қандай?

- Сенің Отаның қай жер?

- 16 желтоқсанда ҚР-ның Тәуелсіздігіне неше жыл болады?

-   Туған жерге, Отанға, елге байланысты  қандай  мақал-  мәтелдер, өлеңдер  білесіңдер?

 Рефлексия: 

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

 V. Үй тапсырмасын беру:  56- бет  4- тапсырма жаттау.

 

VІ. Бағалау. Оқушыларды білімдері мен сабаққа қатысқандарына қарай бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сабақ жоспары: " Менің Отаным" 4- класс

Автор: Кудиярова Аймара Баглановна

Дата: 31.01.2019

Номер свидетельства: 497998

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "?зін-?зі тану п?ні 9 сынып 25-ші саба? «Адам мен Отбасы»"
    ["seo_title"] => string(56) "ozin-ozi-tanu-p-ni-9-synyp-25-shi-sabak-adam-mien-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "274882"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452456769"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "«Адам мен Отбасы»"
    ["seo_title"] => string(16) "adam-mien-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "274886"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452457595"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "?зін-?зі тану «Адам мен Отбасы»"
    ["seo_title"] => string(30) "ozin-ozi-tanu-adam-mien-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "274891"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452458148"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "?аза?тарды? 1812 жыл?ы Отан со?ысына ?атысуы "
    ["seo_title"] => string(50) "k-azak-tardyn-1812-zhylg-y-otan-sog-ysyna-k-atysuy"
    ["file_id"] => string(6) "167325"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423067425"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Екінші дүниежүзілік соғыс 9 класс Дүниежүзі тарихы"
    ["seo_title"] => string(58) "iekinshi_duniiezhuzilik_sog_ys_9_klass_duniiezhuzi_tarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "386404"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485938454"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства