3 | 5 мин | І Білу «Серпілген сауал»
Дыбыс деген не? Дыбыс нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Дауысты дыбыстар Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, ұ Жіңішке дауысты дыбыстар:ә, ө, ү, і, е Дауыссыздар Буын құрай алмайды Түрлері: қатаң, ұяң, үнді 24 дауыссыз бар Қатаң дауыссыз: қ, п, т, ш ,щ, ц, ч, ф, с, х, һ. Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, з, ж Үнді дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у Ендеше, Қ қандай дыбыс? Ғ қандай дыбыс? Қ, Ғ дыбысының айтылуы туралы не білеміз? Көкөністердің аттарын атайық. Көкөністердің қандай пайдасы бар? (витамин, адам денсаулығына пайдалы емдік қасиеті бар). Осы көкөністердің ішінен асқабақ, қызанақ, орамжапырақ сөздеріне Ы дыбысын қосып айтып көрейікші. (асқабағы, қызанағы, орамжапырағы). Бұл сөздердегі Қ дыбысы қалай өзгерді? | Топта оқушылар сұрақтарға жауап береді Қорытынды шығарады Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, Қ дыбысы Ғ-ға айналады. Оқулықта берілген ережемен салыстырады Е Р Е Ж Е: Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, Қ дыбысы Ғ-ға айналады. Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Мысалы: Орақ – орағы, жапырақ – жапырағы |
|
5 | 10 мин | ІІ. Түсіну. Дәптермен жұмыс Көркем жазу. Кк Гг Оқулықпен жұмыс жасау 1-жаттығу: Сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру. Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі, гүлзар. К – дыбысы қай буындарда кездесіп тұр? Г – дыбысы ше? К, Г - қандай дыбыстар? | Сөздерді оқу, мағынасын түсіндіреді, к – дыбысы қай буындарда кездесіп тұрғанын айтады Шаршы әдісі арқылы бағалап отырады |
|
6. | | ІІІ. Қолдану 1- топ 2-жаттығу: Санамақты жатқа оқу, К мен аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жазу. Бас бармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек. 2- топ Суретпен жұмыс Суреттегі заттардың атын жаз. Сөздерге і дыбысын қосып айту, сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналды? Иесі оның сәби, Әрі төсек, әрі үй. (бесік) төсек, бесік сөзіне і әрпін қосып айту, жазу. 3- топ Берілген сөздердің аяғына у әрпін қосып жазу: төк – төгу, төгілді, төгеді. Ек – егу, егілді, егеді. Тік- тігу, тігілді, тігеді. Сөк –сөгу, сөгілді, сөгеді. | Топпен жұмыс К мен аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жазады Үйрек + і – үйрегі терек + і – терегі шүмек + і – шүмегі бөбек + і- бөбегі
Суреттегі заттардың атын жазады.
Берілген сөздердің аяғына у әрпін қосып жазады Бағдаршам арқылы тексереді | Оқулық
|