Саба?ты? та?ырыбы: «Г дыбысы мен ?рпі»
Саба?ты? ма?саты:
1. Білімділік: О?ушылар?а Г дыбысы мен ?рпін таныту, с?здегі орны туралы т?сінік беру. Ол берілген с?здерді о?у ж?не жазу?а ?йрету.
2. Дамытушылы?: Балаларды? с?йлеу м?нерін, байланыстыра с?йлеу да?дыларын, с?здік ?орларын, ж?мба? шешу, с?з ойлау ар?ылы тіл байлы?тарын дамыту.
3. Т?рбиелік: Балаларды ?йымшылды??а, ??ыптылы??а баулу, таза, сауатты жазу?а т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: аралас саба?.
Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та, суреттер кеспе ?ріп.
Саба?ты? барысы:
I. ?йымдастыру кезе?і.
1. О?ушылармен амандасу, т?гендеу
2. Психологиялы? дайынды?.
ІІ. ?ткен саба?ты ?айталау
?ажайып с?т: (балалар та?дана ?арайды)
-Тапсырмаларды орындау ар?ылы Ма?та ?ыз бен мысы?ты татуластырайы?.
Ма?та ?ыз, Мысы? бізбен бірге отырып, бізді? балаларды? білімдерін тамашала?дар.
III. Жа?а саба?
Талды? тапсырмасы
М??алім: Аналар?а сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Б?л немене балалар,
?зуге адам ?имайтын. (Г?л) Сиырды? тапсырмасы
Дидактикалы? ойын « Кім шапша?» ойыны. Д?кеншіні? тапсырмасы /с?здерді о?у/
IV. Сергіту с?ті. ?ыздарды? тапсырмасы
Д?птермен ж?мыс.
Ауада жазу, та?тада к?рсету.
Бас ?ріп, кіші ?рпін жазу.
VI. Жа?а саба?ты бекіту.
Тыш?анны? тапсырмасы
Дидактикалы? тапсырма «Си?ырлы санды?»
VII. Жа?а саба?ты ?орытындылау.
Дидактикалы? ойын « Кім шапша?» ойыны.
Шарты: Гг дыбысы бар с?здерді ойлап тауып буын?а б?лу. Ба?алау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба?: Сауат ашу «Г дыбысы мен ?рпі» »
Сабақ: Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету. 2. Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту. 3. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер кеспе әріп. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу 2. Психологиялық дайындық. Сыныбымыз тап - таза Борда дайын тақтада Денемізді жинақтап Отырайық партаға ІІ. Өткен сабақты қайталау Мұғалім: - балалар біз сауат ашудан нені үйрендік? Оқушылар: - оқуды жазуды. Мұғалім: - дыбыс дегеніміз не? Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Мұғалім: - әріп дегеніміз не? Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз. Мұғалім: - дыбыстар нешеге бөлінеді? Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс. Мұғалім: - әріптерден не құралады? Оқушы: - сөз. Мұғалім: - сөзден не құралады? Оқушы: - Сөйлем. Мұғалім: - сөйлем қандай әріппен жазылады? Оқушы: - бас әріппен. Мұғалім: - сөйлемдерден не құралады. Оқушы: - мәтін. Өте жақсы. Мұғалім: - өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық? Оқушы: Ү дыбысы. Мұғалім: Ү дыбысы қандай дыбыс? Оқушы: дауысты жіңішке. Үкі, Үйрек суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасау.
Ғажайып сәт: (балалар таңдана қарайды) Ой балалар, бір жылаған дауыс естіледі. Ол ненің дауысы? Қай жақтан шығады? - Қане, көрейікші, ол кім екен? Ой балалар, мынау мысық қой. - Мысық саған не болды, неге жылайсың? Мысық: - Мақта қыз менің құйрығымды жұлып алды, бер десем бермейді. Осы кезде «Мақта қыз» кіріп келеді. - Мақта қыз мысықтың құйрығын неге бермейсің? Әне көрмейсің бе мысық жылап тұр ғой. Мақта қыз: - Мысық менің қатығымды төгіп тастады, сондықтан мен оның құйрығын жұлып алдым. - Балалар, мен сендерге бірнеше тапсырмалар алып келдім, осы тапсырмаларды жақсы орындасаңдар, мен мысықтың құйрығын қайтарып беремін. - Балалар, Мақта қыздың тапсырмаларын орындайсыңдар ма? - Иә - Тапсырмаларды орындау арқылы Мақта қыз бен мысықты татуластырайық. Мақта қыз, Мысық бізбен бірге отырып, біздің балалардың білімдерін тамашалаңдар. III Жаңа сабақ
Талдың тапсырмасы Мұғалім: Аналарға сыйлайтын, Аралар бал жинайтын. Бұл немене балалар, Үзуге адам қимайтын. (Гүл) Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр. Оқушылар Гг дыбысы. Мұғалім олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г дыбысы және әрпімен танысамыз.. Мұғалім: Г дыбысы, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, сөздердің басында ортасында кездеседі. Гүлдің суреті. ГҮЛ - гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір - бірімізге сыйлаймыз.
Дидактикалық ойын « Кім шапшаң» ойыны. Шарты: Гг дыбысы бар сөздерді ойлап тауып буынға бөлу. Сиырдың тапсырмасы /сөздерді оқу/ Е - гін – егіс алқабы, бидай егетін алқабы. Е - геу - үйге қажетті қолданылатын құрал. Е - гіз - бірге туған екі адам. Се - гіз - сан: жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақытта өтеміз). Ке - ре - ге - киіз үйдің бөлігі «шаңырақ, уық кереге» Ше ге - күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір - біріне біріктіру үшін шеге қағады. Мез гіл - уақыт, жылдың төрт мезгілі бар. IV. Сергіту сәті. Шаршағанда ырғалып Гүлге ұқсап дем алам Қолымызды қозғалтып Гүлдей болып жайқалам. Дүкеншінің тапсырмасы Дәптермен жұмыс. Ауада жазу, тақтада көрсету. Бас әріп, кіші әрпін жазу. VI. Жаңа сабақты бекіту.
3 - тапсырма: «Сиқырлы сандық» Әрбір суреттің атауынан «Г» дыбысын тап және оның қай сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты әрбір сөзді сандыққа сал. «Г»дыбысы бар сөздің басында келсе, 1 - ші сандыққа саламыз. Сөздің ортасында келсе, 2 - ші сандыққа, сөздің соңында келсе, 3 - ші сандыққа саламыз. Балалар тапсырмаларды орындайды. Гүл-нар- 1 - ші сандыққа е-гін- 2 - ші сандыққа гүл- 1 - ші сандыққа е-геу- 2 - ші сандыққа ке-ре-ге- 2 - ші сандыққа е-гіз- 2 - ші сандыққа салады. - Дұрыс балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар. Дидактикалық ойын « Кім шапшаң» ойыны. Шарты: Гг дыбысы бар сөздерді ойлап тауып буынға бөлу. VII. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалім: қандай дыбыспен таныстық, Г дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?