Күні:
Сынып: 1
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Сыныптан тыс уақытта. С дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары
Барлығы:С дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
С дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
8 минут
№1 Әңгімені тыңдап, мазмұнын айтуға дайындал.
№2 Ребусты шеш.
«Балық аршу» ойыны (Шығармашылық тапсырма )
Бір қабығын алған сайын С дыбысы бар сөз тауып, оған сөйлем ойлап айту. Мысалы: Самат судан балық ұстады. Олсазан екен. Балық өте семіз болды. Самат оны сатты.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма
8 минут
№3 Дәптеріңе шыққан сөздің сызбасын сал.
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- С дыбысы сөздің қай буындарыңды кездеседі?
- С дыбысынан басталатын сөздер айтайық?
«БАСПАЛДАҚ» ойыны
С -
С - -
С - -
С - -
Әліппе серігі оқулығындағы өлеңмен жұмыс:
Сара келіп сабақтан,
Сан шаруаны тындырды:
Самауырға салатын
Сексеуілді сындырды.
Сазан балық қуырды,
Сауды сары сиырды
Түрлі тапсырмалар
Аяқталуы
16 минут
1. Өткен Сс дыбыстарың қандай дыбыс?
2. Сс дыбысына сөздер ойлаңдар
3. Сақина сөзіне сөйлем құрастыр
Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.
Микрафон
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Оқу ісінің меңгерушісі: