Саба?ты? та?ырыбы: С дыбысы мен ?рпі
Саба?ты? ма?саты: 1. С дыбысы мен ?рпімен таныстыру. 2. Балаларды? с?здік ?орын, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.
3.Сауатты ?демі жазу?а ?йрету;
Саба?ты? типі: аралас саба?;
Саба?ты? ?дісі: с?ра? – жауап, т?сіндіру,талдау.
Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та, б?лтты?, сыр?аны?, самаурынны?, сиырды?, сада?ты?, сарымса?ты?, с?бізді?, с?тті?,тасты? суреттері
Просмотр содержимого документа
«С дыбысы мен ?рпі. »
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің
МАД мұғалімі
Өтепова Ақгүл Сайлаубайқызы
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. С дыбысы мен әрпімен таныстыру. 2. Балалардың сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Сауатты әдемі жазуға үйрету;
Сабақтың типі: аралас сабақ;
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бұлттың, сырғаның, самаурынның, сиырдың, садақтың, сарымсақтың, сәбіздің, сүттің,тастың суреттері
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Армысың, Алтын күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан достым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым
Бәріміз тату дос болайық!
Өткен сабақты қайталау
Б дыбысы қандай дыбыс?
Сөздерді буынға бөлу: бала, Болат, бақа, баба, бота
Жаңа сабақ
- Балалар ненің даусын естіп тұрсыңдар?
- Бұлттан не жауып тұр?
-Жаңбыр жауып тұр.
- Қандай әріп?
- Бәріміз с деп айтып көрейік.
- С дыбысы қалай айтылып тұр?
- С дыбысын айтқан кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады.
-Бәріміз с деп айтып көрейік
- С дыбысы созылып айтылмайды. С дыбысы дауыссыз қатаң дыбыс.
-Ендеше с әрпін қай үйге қоямыз?
Ойын :«Кім тапқыр?»
-Суреттегі заттардың атын айтып, с дыбысының сөздің басында, қай сөздің аяғында келетінін айту.
Дыбыстық талдау
-Сағат, асық, қас сөздеріне дыбыстық талдау жасау
Кітаппен жұмыс
-Кітапта берілген буындар мен сөздерді оқу.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
С әрпінің баспа түрін ауада жазамыз. С әрпін үзік сызықтардың үстінен бастырып жазамыз.
Ойын : «Ғажайып алаң»
-Бос орынға өткен әріптерді қойып сөз құрайық.
-Берілген схемаға қарап, үш сөзден тұратын сөйлем құрастырайық
Сабақты бекіту
Сақинаны, салғызды,
Сарымсақты, сәбізді.
Бастап тұрған қай әріп?
Сапсыз орақ тәрізді.
Мадақтау.Балаларды мадақтау