Просмотр содержимого документа
«С дыбысы мен ?рпі »
С дыбысы мен әрпі
Ақтөбе қаласы
Құрашасай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Жазира Жексеновна
Сабақ тақырыбы: С дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: 1. Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру. 2. Жаңа С дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру. 3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, жұмбақтар, ұлттық киімдер мен бұйымдар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Тілек шеңбері» Балалар тілек шеңберінде бір - біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл - күй, достық сезімін сыйлайды.
ІІ. Қайталау: - Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай? - Өткен дыбыстарды және Б дыбысын қайталау. - Буындар: ба, бо, бу, би т. б. - Сөз: бас, бақ, бал, бар, бай, бор, бер, бет т. б. - Сөздерді буынға шапалақтау арқылы бөлгізу: бал - ға, ба - ла - пан, ба - нан.
ІІІ. Жаңа сабақ. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс) - Аптаның қай күні? (Сәрсенбі). - Сәрсенбінің сәтті күні бүгін біз С дыбысымен танысамыз. С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру. С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады. С дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс.
Жұмбақ шешу. Сақинаны, сандықты, Бастап тұрған қай әріп? Сәукелені, садақты. Сансыз орақ тәрізді. /С/
Кіруге адам батпайды, Аман - есен сақтайды. /Сандық/
Сандық - сөзін буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасату. «Ақшамшық» (сақина салу) ойыны: С әрпінен басталатын сөз ойлау.
ІV. Дәптермен жұмыс: - Ауада жазу. Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау. «Шай ішу» ойыны: ою - өрнекпен өрнектелген кеселердің сыртына жазылған сөздерді оқыту, дыбыстық талдау жасату. Сырмақ, сақа, сыр, сиыр, сүзбе, асық, сүт. Дыбыстық талдау: с - дауыссыз, ү - дауысты, т - дауыссыз Сергіту сәті: «Ұшты - ұшты» ойыны. Ұшты, ұшты – торғай ұшты! (ұшады) Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады). Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады). Ұшты, ұшты – балық ұшты! (ұшпайды).
VІ. Ойын «Екінші буыным қайда» суретті көрсетіп екінші буынын айтқызу. Тас - бақа, Жан - гүл......
VІІ. Қорытындылау.“Ақсүйек” ойыны: С әрпінен басталатын суретті атау, жазу, дыбыстық талдау жасау.
Сабақты бекіту. Сұрақ - жауап арқылы. Қыздар құлағына тағады - Сырға. Қыздар басына киеді - Сәукеле. Қыздар қолына тағады - Сақина. Уақытты көрсетеді - Сағат. Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын - Сүт. Сызуға арналған құрал - Сызғыш. Мектепте не оқимыз - Сабақ. Кітаптарды қайда саламыз - Сөмкеге.