kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка урока "Менің отбасым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды  қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: семинар-тренинг

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока "Менің отбасым"»

Сабақтың жоспары

Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: семинар-тренинг

Көрнектілігі:  отбасына арналған слайд-шоу, бейнекөрініс, ұлағатты, даналық сөздер

Даналық сөздер: «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз»; «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле өлгенше соны таныр қиядан», «ХХІ ғасырда отбасы тату, өнерлі болуы тиіс»

Барысы:

Семинар-тренингтің жоспары:

І.Психологиялық дайындық

ІІ. «Мен отбасыммен мақтанамын» слайд-шоу

ІІІ. «Отбасы-аялы алақан мекені» сурет салу

ІҮ. «Сәлем-сөздің анасы» мақал-мәтелдің жалғасын табу

Ү. «Салауатты өмір біздің болашағымыз» флешмоб

ҮІ. «Бала тәрбиесі» бейнекөрініс

ҮІІ. «Адам есімінің түстері» тренинг

ҮІІІ. «Әдептілік-әдемілік» дастархан басындағы әдептілік (қойылым)

ІХ.Қорытынды

1. Психологиялық дайындық

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге

Алақанға ұрайық.

Психологиялық сәт. «Еркелету» жылулық шеңбері. (ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту).

- Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» - әріпіне ұқсайды.

«О» - әріпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

Бала десе елжіреп, еміренбес жүрек болар ма? Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде ата-аналардың атқаратын қызметі зор. «Баланы таба білсең, баға біл», «Баланы сүйсең тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» - деген мақал-мәтелдер баланы құр айналайын дей бермей, оны бесіктен тәрбиелеу қажеттілігі, тәрбие отбасынан, ата-анадан басталатындығы белгілі.

Отбасы – адамның эмоциясы, күйзелісі, көзқарасымен, қатынасымен байланысты емес, ол – ерекше фономен. С.И.Голод (1998) пікірінше, отбасы фономенінде құрылымдық өріс ерлі – зайыптылар және ата-ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.

Бүгінгі біздің сыныбымызда «Менің отбасым-менің бақытым » атты семинар-тренинг ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі семинар-тренингімізге қош келдіңіздер демекпіз.

2.Отбасымыз келіп жетті ортамызға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен ортамызда..

«Мен отбасыммен мақтанамын» атты слайд-шоумен таныстыруға ортамызға Алиакбаровтар отбасын ортаға шақырамыз.


3.Ыстық - ау кім - кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген
Өмірдің соқпағымен өрге тартып
Алдымен адам бол деп жетелеген

Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған- дей келе келесі кезекті әкелеріміздің «Отбасы-аялы алақан мекені» атты тақырыпта салған суреттеріне берсек.

4. Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық.

Кенжеғұловтар отбасы мен Асқаровтар отбасы сіздерге арнап мақал-мәтел дайындап келген екен. Бізге мақалдың алғашқы қатарын ғана айтады, ал біз сол мақалдардың жалғасын табуымыз қажет.

1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)
3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4. Оқу - білім бұлағы (Білім - өмір шырағы)
5. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
7. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)
8. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
9. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)

10.Отансыз адам (Ормансыз бұлбұл)

5. Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Спортшы отбасылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

Келесі кезекті Бегмановтар отбасы мен Шакуовтар отбасына берсек. Ортада флешмоб.

6. Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолыңда — демекші ата-ана мен баланың дайындаған «Бала тәрбиесі» атты бейнекөріністі тамашалайық және өз ойымызды ортаға салайық.

7. «Адам есімінің түстері» тренинг

Мақсаты: Адамның есімі маңызды екенін сезіндіру, өздерінің және басқа адамдардың есіміне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарау, әрбір адамды дұрыс сезініп, оны тек жақсы жағынан көруге және қабылдауға, алған әсерін ашық айтуға шақыру. Қиялды, шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: қарындаштар, қағаздар

Мына қағаздарға өздеріңіздің ұнататын түстеріңіз бен есімдеріңізді жазыңыздар. Әр түске қарап сіздің қандай қасиет, қабілеттеріңіз бар екенін айтып береміз.

Қызыл түс – энергия түсі, ол адамды іс-әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез-құлқы батыл тұлға.

Сары түс – көңілді түс адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – іскер, мінез-құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын.

Қызғылт сары түс – шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар – жауапкершілігі мол, өз сезімдеріне мықты.

Жасыл түс – адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Осы түсті таңдап алған адамдар мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.

Көгілдір түс – сенімділік, үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар - өз-өзіне сенімді, рухани байлығы мол.

Қоңыр түс – еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келеді.

Қара түс – ақ көңіл, шыншыл.

Ақ түс - өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.

8. Дастархан басындағы әдептілікке байланысты шағын қойылымға берейік.

(Аналарымыз үйден әзірлеп келген астарын дастарханға қояды)

Қорытынды

Абай атамыздың жетінші, сегізінші, оныншы қара сөздерінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болады.

“Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұл тәннің құмары… Біреуі білсем, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген”. Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесіне негізгі көмекші бірден бір ата-ана екендігі айдан анық. Бала болашағына негіз салушы – ата-ана.

Ана - бала, бала - ана бір ұғым
Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар осымен бүгінгі біздің «Менің отбасым-менің бақытым» атты семинар-тренингіміз аяқталды.



    Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі.
    Безендірілуі: кітап көрмесі жасалып, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, гүл, шар, суреттер т.б. ілінген.
    (Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады).
    Жүргізуші:    Сәлем, ата – алтын күн
                Сәлем, қарты халқымның!
                Бақытты болғын балалар,
                Ашық болсын күніңіз!
Жайнай берсін жүзіңіз! – дей келіп,
«Мен және менің отбасым » деп аталатын мерекемізді бастаймыз.
    Бүгінгі мейрамымызды біз өзіміздің ата-әжелеріміз, ана мен әкелерімізге арнаймыз. (Сырттан иттің үрген дауысы шығады).
    Міне менің көмекшім де келіп қалыпты ғой! Кір, кір қуаныштымыз.

Күшік:        Мен күшікпін, ақ күшік!
            Қырағы да, сақ күшік.
            Түні бойы жатпаймын,
            Қоралы малды сақтаймын.

            Әжем мені мақтайды,
            Тамағымнан қақпайды.
            Ақылды итке санайды,
            Аппақ жүнімді тарайды.

            Мен де оған еркелеп,
            Әжеме жылы қараймын.
            Мен күшікпін, ақ күшік!
            Қырағы да, сақ күшік.
            Түні бойы жатпаймын,
            Қоралы малды сақтаймын.
    (Өтебай Тұрманжановтың өлеңінен өзгертіліп алынған). 
    Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім.
Жүргізуші:
-    Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақтарды шешкенді ұнатасыңдар ма?
-    Ия!
-    Олай болса менің көмекшім сендерге жұмбақтар жасырады, сендер оларды шешуге тырысыңдар.

Күшік:
-    Менің де қоятын шарттарым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, ән салып беріңдер.
1-жұмбақ:
    Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз?
                                                                                                   (АТА)
2- жұмбақ:
    Айтары мол ғұлама,
    Көп жасаған бұл адам.
    Әкесі ол әкеңнің
    Білер оны сұраған. Ол кім?
                ( Атаң)
    Енді  Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші?
    Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой.

1. Бала:            Ата
            Айтады ертек жан атам,
            Ақ сақалын салалап.
            Құмарымды тарқатам,
            Жер мен көкті аралап.
            Ертегілер еліне,
            Бір шегетін сапары,
            Ардақтаймын өмірде,
            Асқар таудай атамды.

2.Бала:            Біздің атай
            Күлімдейді келіп бар бала,
            Қоршайды оны айнала!
            Алаңда, бақта, сайда да,
            Солармен бірге қайда да.

            Мойнына бірін мінгізіп,
            Біріне бетін сүйгізіп.
            Көкірегінде күн жүзіп,
            Көреді күнде мың қызық.

            Ойнатып бәрін келеді,
            Ойыншық әкеп береді.
            Көңілі қандай таза еді,
            Жүрегі қандай кең еді!

3 - Жұмбақ:            Бұл кім?

            Бала, бала, бала деп,
            Түнде шошып оянған;
            Түн ұйқысын төрт бөліп,
            Түнде бесік таянған;
            Аялы қолда талпынтқан;
            Айналасына ас қойып,
            Өзенді көлдей шалқытқан;
            Қолын қатты тигізбей,
            Кірлі көйлек кигізбей,
            Иісін жұпар аңқытқан.
            Қаймақты сүттей қалқытқан;
            Суық болса жөргегін,
            Қорғасындай балқытқан;
            Бұл кім?  (Ана)
                            Ыбырай Алтынсарин
            
            Әлпештеп өзіңдей өсірген,
            Нағашы әжеңнің баласы.
            Төрінде жалпиып көсілген,
            Бұл күнде жиеннің анасы
            Ол кім?                   
                        (Анаң)
Жүргізуші: Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...). Ал енді аналарымызға арнап ән шашуын шашайық!

1. Бала:            Ана туралы жыр
                    (Әні бар)

Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым
Өзіңе арналған.

Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым,
Іздедім сен үшін, 
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Ете гөр қанағат,
Әзірге берерім –
Балалық махаббат,
Балалық жүрегім.
Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған
Әнімді қосып ал.
            Ғафу Қайырбеков


    Абзал ана

    Өлеңін жазған – Ж. Молдағалиев
    Әнін жазған – Б. Дәлденбаев

      Солғанша гүлім күнде тоңып,
       «Ана!», «Ана!» деп ән салам
      Кетейін мейлі жүзге толып,
      Бөбекпін мен саған.
            Қайырмасы:
      Ана, ана, ана,
      Мәңгі дос сен ғана.
      Абзал ана, ана,
      Көңілің кең дала.
      Данасың сен,
      Дарасың сен.    
      Анажан аңсаған,
      Арналды ән саған.
        
    Қарызбын әжім, ақ шашыңа,
    Көзіңнің жасына.
    Өзіңсің бақыт бақшасы да,
    Өмірдің басы да.

Жүргізушы: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА)
    Сондықтан анамызға арнап алғысымызды айтайық.

2-Бала:    Анамызға мың алғыс

        Аялаған, баптаған,
        Асыраған сақтаған.
        Сақтандырып күнде еппен,
        Айтып бәрін үйреткен
                 Анамызға мың алғыс!

        Ерлік еткен біз үшін,
        Еңбек еткен біз үшін,
        Еркелеткен біздерді,
        Еркіндеткен біздерді.
            Анамызға мың алғыс!

        «Адал бол, - деп, - балдырған»,
        Әділдікке баулыған.
        Жүрегінде – махаббат,
        Тілегінде – марқабат
            Анамызға мың алғыс!
                        Жаппар Өмірбеков.

4 - ші жұмбақ:
-    Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).
5 – ші жұмбақ:
        Атаңның баласы
        Кей кезде таласып,
        Қаласың әжеге
        Білгенің асады кәдеге?
        Ол кім?
                    (Әкең)
            
1-Бала:            Әке

        Атам айтса «Ұлым» деп,
        Әжем айтар «Күнім» деп,
        Екеуінен қаймығып,
        Айтады әкем «Інім» деп.

        Ықыласы бір менде,
        Бір шытпайды қабағын.
        Үйде, түзде жүргенде,
        Соған ұқсап бағамын.

2-Бала:            Жан әке
            Өлеңін жазған –Х.Талғаров
            Әнін жазған – М.Ілиясов

        Қамқорсың, әке, өмірде,
        Қуатым – сенсің көңілге.
        Әлпештеп мені өсірдің,
        Ұшармын ертең көгіңде.
                Қайырмасы:

        Аңсадым жылы сөзіңді,
        Ақылшым болған кезіңді.
        Есімде, әке, сақтаймын,
        Асқар биік өзіңді.

        Арманың едім аңсаған,
        Әкелем бақыт мен саған.
        Ұрпағың болып жалғастым,
        Қуаншы, әке, сен соған.

                Қайырмасы:

        Теңіздей шалқып жүремін,
        Сүйенер сенсің – тірегім.
        Барсам да қайда, жан әке,
        Өзіңмен бірге жүрегім!

Қайырмасы.

6 -шы жұмбақ.
-    Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).
7 – жұмбақ:
    Аймалайды күнім деп,
    Мейірімді жүзі күлімдеп.
    Тәтті – ақ дейді немере
    Бал шырындай үнің деп.
    Ол кім?
                (Әжең)    
-    Ал сендердің әжелерің не істей алады? (Балалардың жауабы). Енді әжелеріңізге арнап өлеңдер айтып берейік.

1-Бала:                Әже ақылы

            Әжем – Ақыл бесігі,
            Мейірімімен тербеткен.
            Мен де ақылды боламын,
            Аман-есен ержетсем.

                    Менің әжем.

            Маған ақыл беретін,
            Әжем менің асыл жан,
            Сипап жақсы көретін,
            «Құлыным» деп басымнан.

            Жақсылыққа үйретіп,
            Жамандықтан шектейді,
            Ертегі айтып беретін,
            Әжеге ешкім жетпейді.

2-Бала:            Әрқашан, әже, аман жүр
                    Өлеңін жазған- М.Көбегенов
                    Әнін жазған- Ә.Қиясов

            Гүліндей боп өзің сүйген өлкенің,
            Әже, сенің жігіт болды тентегің.
            Мұхиттарға сапар шегіп барамын,
            Арманымның көтеріп ақ желкенін.

                Қайырмасы:
            Өзіңнің ерке балаң бұл,
            Арнайды бүгін саған жыр.
            Жақсылық тілеп жолыма
            Әрқашан, әже, аман жүр.

            Аяладың, мәпеледің жасымнан,
            Мен де сенің табылушы ем қасыңнан.
            Қуаныш қып менің өскен бойымды,
            Естен кетпес сипайтының басымнан.

                Қайырмасы

            Көңіліңді торламасын қайғы-мұң,
            Аққу-қаздан арылмасын айдының.
            Ақ жаулығың ақша бұлттай желбіреп,
            Қуанышпен қарсы ала бер таң нұрын.
    Жүргізуші: Ал, Ақкүшік, тағы кім отбасы туралы өлеңдер біледі екен?
    1. Бала:     Ең жақын адамдар –
            Әкем мен анам бар.
            Әкемнің әкесі – 
            Ақ басты Атам бар.
            Әкемнің шешесі – 
            Ақ шашты Әжем бар.

            Ұлдардың үлкені – 
            Бір туған ағам бар,
            Қыздардың үлкені – 
            Бір туған әпкем бар.

            Үлдардың кішісі - 
            Бір туған інім бар,
            Қыздардың кішісі-
            Бір туған қарындас
            Әпкеге – сіңілі бар.

Ақ күшік:
    - Өте ақылды, тапқыр балалар екендеріңді көрдім. Сендермен бірге болғаныма қуаныштымын. Менің бүгінгі дайындаған жұмбақтарым таусылды. Ал енді кел балалар ойын ойыншықшы:    ҚУЫР-ҚУЫР – ҚУЫРМАШ. (ойын)
    Сергіту минуты. Санамақ «Бір үйде біз нешеуміз?»

І. Бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусақтардың бір рет түгел атын айтып береді:
            Бір үйде біз нешеуміз?
            Кел санайық екеуміз
            Бас бармағым – атам,
            Балан үйрек – апам,
            Ортан терек - әкем,
            Шылдыр шүмек – анам,
            Кішкентай бөбек – мен.

ІІ. Бұдан кейін: Бас бармақ. Балалы үйрек. Ортан терек. Шылдыр шүмек. Кішкентай бөбек, - деп, саусақтарға түгел ат қойып шығады. 5 саусақ түгел жұмылады. Тағы да бармақтан бастап былай деп 5 саусақты түгел жазады:
    
            Сен тұр, қойыңа бар,
            Сен тұр, түйеңе бар,
            Сен тұр, жылқыңа бар,
            Сен тұр, сиырыңа бар.
            Сен, кішкентай бөбегім, әлі жас екенсің, қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.
    Енді осы шынашақтың өзін алақанның шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

            Қуыр-қуыр қуырмаш,
            Балаларға бидай шаш.
            Әжең келсе, есік аш,
            Қасқыр  келсе, мықтап бас – деп шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды.
Жүргізуші: Біз отбасымыз туралы жұмбақтарды шештік, ойын ойнадық. Енді Ақ күшікке рахметімізді айтайық, біздің көңілімізді көтеріп, зор қуанышқа бөледі.
    Ал, балалар, осымен әдеби- музыкалық кешімізді аяқтаймыз.
    Қош – сау болыңдар! Көріскенше күн жақсы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Разработка урока "Менің отбасым"

Автор: Сабитова Куралай Сагиндыковна

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396040

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Разработка урока "Мені? отбасым" по казахскому языку  для 3 класса "
    ["seo_title"] => string(67) "razrabotka-uroka-mienin-otbasym-po-kazakhskomu-iazyku-dlia-3-klassa"
    ["file_id"] => string(6) "166233"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422936430"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "разработка урока по теме : Отбасы сыйласты?ы "
    ["seo_title"] => string(45) "razrabotka-uroka-po-tiemie-otbasy-syilastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "181150"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425307429"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Разработка урока "Отбасы" "
    ["seo_title"] => string(23) "razrabotka-uroka-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "107508"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1403278455"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Разработка урока по казахскому языку "Отбасы" "
    ["seo_title"] => string(45) "razrabotka-uroka-po-kazakhskomu-iazyku-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "108447"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1403699467"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Разработка урока по казахскому языку:"?аза? отбасы" "
    ["seo_title"] => string(52) "razrabotka-uroka-po-kazakhskomu-iazyku-k-azak-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "172347"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423810098"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства