Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға «зат – сан – цифр» сәйкестігін тағайындай алу білігін тиянақты қалыптастыру, 9 санын шығарып алу тәсілдері жайындағы білімді бекіту. 9 цифрын жазуды қалыптастыру. Сандар қатарын, сандарды санауға төселдіру. Ұзындықтарды салыстыруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға сандардың құрамы туралы білімдерін қайталай отырып, оқушылардың математикалық тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді бекіту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыру, қайталау, пысықтау, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: слайд, сандар құрамы, суреттер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қане өзіміздің қандай білімді, тәртіпті екенімізді көрсетейік. Ендеше бәріміз сыныпқа, тақтаға назар аударайық. Ал енді көздеріңді жұмыңдаршы. Көзімізді ашамыз.
- Не байқадық?
- Не өзгерді?
Бүгінгі сабағымызға үй құсы тауықта келіп қапты.
Балалар тауық жұмыртқалап балапан шығарайын деп тұр екен. Бірақ балапан шығармас бұрын тауықтың бізге берген тапсырмаларын орындайық.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Балалар өткен сабағымызда қандай санмен таныстық? (8)
8 санының құрамын айтыңдаршы?
4+4=8 5+3=7 7+1=8
Ол қай сандардан артық?
7<8 2<8 5<8 68 8<9 7<9 5<9
4. Сергіту сәті: Көңілді әуенге қимыл – қозғалыс жасау
Дәптермен жұмыс:
9 санының жазба түрін көрсету
5. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру кезеңі:
8+1=9 6+3=9 7+2=9 5+4=9
8<9 7<9 6<9 2<9 5<9
6. Сабақты қорытындылау:
Балалар бүгін қандай санмен таныстық?
Ол қандай сандардың қосындысы?
Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақ несімен қызықты өтті?
7. Үйге тапсырма: 69 – бет, 4 - мысал. Кел, ойнайық
8. Бағалау: Смайликтер, бармақ арқылы бағалау