kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Р дыбысы мен әрпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

окаесчрлнвегдғ.шлуғлоғ.ноғуыыылығгноғ.енвлггл

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Р дыбысы мен әрпі»

«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН» «ҚАРАЛДЫ»

Мектеп директоры: О­қу ісінің меңгерушісі: Қаулы № 1

Ж.Кулиева Акпаева.Р.Т Хайруллаева А.Э

__­­­­­ _____ ______ ___ ____ _______ ___ ____ _______







КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешова Мадина Баубековна

Сыныптар 4«Е,Ж,З,И»,0 «З»












Барлық сағат саны_____


Сынып9» З,Ж» ,7» И «



МұғалімУтешова Мадина Баубековна


І жарты жылдық сағат саны__


ІІ жарты жылдық сағат саны__


Барлығы _________________аптасына_________________________


Жоспарлық бақылау жұмысы:_

7сыныптар

Жиынтық бағалау (әдебиет)_____Тоқсандық жиынтық бағалау_4__

Жиынтық бағалау (Қазақ тілі) _ ____Тоқсандық жиынтық бағалау_4_



Жоспарды құрған негізі :Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы№ 545 бұйрығына

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2013 жылғы 3 сәуірдегі№ 115 бұйрығына


Оқулық авторы

Қазақ тілі мен әдебиеті

Сыныбы

Оқулық авторы

Баспасы

жылы

1

7


Алматы «Атамұра»

2017

2

9










МҰҒАЛІМ КҮНТІЗБЕСІ

Ай және тоқсан бойынша оқу күні және апта саны

ІХ



Х

ХІ

ХІІ

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

БАРЛЫҒЫ

25



24

23

25

19

24

17

24

22

Жыл бойы

49


48

62

46

204

16 апта 1 күн

17 апта 4 күн

33 апта 5 күн























Бекітемін____________Ж.Ш Кулиева

директор

Мұғалімге үлес

Сынып

Пән

Аптасына

Сағаттар саны

жылдық

Сыныптағы сағат саны

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІV тоқсан

7

Қазақ тілі мен әдебиеті

5







9

Қазақ тілі мен әдебиеті

5
































Сабақ кестесі және үзілістер

І ауысым

Сабақ

Үзілістер

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1








2








3








4








5








6








7








8









ІІ ауысым

Сабақ

Үзілістер

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1








2








3








4








5








6








7








8

















Түсінік хат

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығына сәйкес 2-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына

192-қосымша ретінде берілген негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) әзірленген.

  1. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты –ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

  2. «Қазақ тілі»оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;

  2. тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;

  3. аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;

  4. мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.

  1. Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5 – сынып аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

6 – сынып аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

7 – сынып аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

  1. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

  1. «Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) болжау;

2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;

3) мәтіннен ақпаратты анықтау;

4) негізгі ойды анықтау;

5)тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;

6) сөйлеу мәдениетін дамыту.

  1. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. ақпаратты түсіну;

  2. мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;

  3. мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

  4. мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;

  5. мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;

  6. оқылым стратегияларын қолдану;

  7. әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

  1. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. жоспар құру;

2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

  1. жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

  1. эссе жазу;

  2. оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;

  3. мәтіндерді түзету және редакциялау.

  1. «Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі» келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. орфографиялық норма;

  2. орфоэпиялық норма;

  3. лексикалық норма;

  4. грамматикалық норма;

  5. пунктуациялық норма.

«Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұны:

1) тыңдалым және айтылым:

дәйексөз, үзінді негізінде мәселені болжау, әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау, астарлы ойды анықтау, тұрмыстық, әлеуметтік мәтіндерді талдау арқылы негізгі ойды анықтау, перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау, коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу;

2) оқылым:

тұтас және аралас мәтіндердегі ақпаратты салыстыру, тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін тану, мақала, аннотация, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, ғылыми және публицистикалық стильде жазылған мәтіндерді талдау, сілтеме жасау;

3) жазылым:

тезистік жоспар құру, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу, графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу, аргументативті эссе жазу,бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау;

4) әдеби тіл нормалары:

орфографиялық норма: бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу;

орфоэпиялық норма: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

лексикалық норма: сөздік қор мен сөздік құрам;

грамматикалық норма: сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді және етістікті сөз тіркестері, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері, сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен айқындауыш мүшелері, жай сөйлем,жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі;

пунктуациялық норма: қабаттаса қолданылатын тыныс белгілері.

Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары

Оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сабақты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданылуы мүмкін (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым). Әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылады. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалғандары жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.

Пәнаралық байланыс, шынайы өмірмен байланыс

5-8-сыныптарда берілген тақырыптарды меңгерту барысында «Ғылымға кіріспе», «Бейнелеу өнері», «Дене шынықтыру», «Технология», «Өзін-өзі тану», «Қазақстан тарихы» пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Пәндерді кіріктіріп оқыту кезінде басқа пән мұғалімдерімен бірлесіп, командалық сабақ жоспарларын әзірлеуге болады. Сондай-ақ, осы пәндермен кіріктірілген сабақ жоспарын құрып жүргізуіне болады. Мұғалім қазақ тілін басқа пәндермен тығыз байланыста оқыту арқылы оқушының академиялық сөйлеу және жазба тілін қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады. Лексикалық тақырыптар ретінде сұрыпталып іріктелінген мәтіндер мен оларға байланысты құрылған тапсырмалар шынайы өмірге сай жағдаяттардан туындап немесе соған жуықтатылуы тиіс. Сонымен қатар, оқу материалдарының мазмұны мен тапсырмалардың орындалу логикасы оқушылардың даму деңгейіне сәйкес ойлау, түсіну ерекшеліктері бойынша таңдалынады.

Грамматиканы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқыту

Орта мерзімді жоспарда оқушылар меңгеруге тиісті грамматикалық тақырыптар көрсетілген:

- тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу;

- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

- сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану;

- сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;

- тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану;

- сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана білу;

- жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану;

- сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану.

Қазақ тілін қазақ мектебінде ана тілі ретінде дәстүрлі оқытуда грамматиканы «тіл формасынан тіл мазмұнына қарай жүрумен» оқытып келсе, грамматиканы функционалдық оқытуда «тіл бірлігінің қызметінен оның формасына қарай жүру» логикасына қарай өзгерді.

Бір жағынан, нақты мәнмәтінде, мәтінде қандай грамматикалық құралдар қатысып тұрғанын көрсету мақсаты көзделінсе, екінші жағынан, грамматикалық тәсілдер тобы арқылы берілетін семантикалық функцияларды талдау мен жинақтау көзделеді.

Грамматиканы функционалдық тұрғыдан оқытуда грамматикалық бірліктердің функциялары мен формалары тығыз бірлікте қарастырылады.

Грамматиканың формалды жағы – грамматикалық бірліктердің таптарға жіктелуі, категорияларға бөлінуі арқылы танылады.

Енді осы грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту функционалдық грамматиканың міндеті болып табылады.

Сөйтіп, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру бірізділігі оның білдіретін мағыналық қызметімен тығыз байланыста жүргізілуі керек. Ондай мүмкіндіктер мәтіндерді қолдана отырып оқытуда молынан табылады. Қазақ тілін оқытудың жаңа басым бағыттары: функционалдық, мәтінге негізделген коммуникативтік әрекет. Сондықтан қазақ тілі сабақтарының заманауи талаптары: тіл бірліктерінің мәтінқұраушы және көркем-бейнелегіш функцияларын таныту негізінде құрылған жаңа білім мазмұны, грамматиканы функционалдық негізде оқытудағы мәтіннің білім көзі ретіндегі маңызды орны, қазақ тілі мен қазақша сөйлеу және жазба тілінің тұтастықта танылуын көздейтін жаттығулар жүйесі.

Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытудың әдіс-тәсілдері

Орта мерзімді жоспарда ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылардың оқу және ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған. Коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалымалды, тыңдалым және тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс.

Тыңдалымға арналған сабақ құрылымы:

• Тыңдалымалды тапсырмалар: тақырыпты талдау; тыңдалымның кейбір бөліктерін тыңдау арқылы көтерілген мәселені болжау; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырып аясындағы оқушы біліміне қозғау салу.

• Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге, сондай-ақ астарлы ойды түсінуге бағытталады.

• Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастары мен тұжырымдарын білдіріп, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда тыңдалым/ айтылым дағдысы қатар жүреді. Мұғалім тыңдалымнан кейінгі айтылым тапсырмаларын пікірталас, дебат, сұхбат және т.б. белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырады.

Оқылымға арналған сабақ құрылымы:

• Оқылымалды тапсырмалары: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

• Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі тапсырмалар нақты ақпаратты табуға, салыстыруға арналуы тиіс. Оқушылар функционалдық стиль түрлерін (публицистикалық және ғылыми стиль) тілдік құралдардың қолданылу ерекшелігіне қарай ажырата алуы тиіс.

• Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай құрылуы керек.

Жазылымға арналған сабақ құрылымы:

Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағды қатарына жатады. Өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: аннотация, тезис, реферат, мақала, электронды хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.

Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы.

Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі.

Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Соныменқатар, үлгілероқушығақалайжазуыкеректуралыидеяны да береді.

Ал егермұғалімоқушыларғажазылымныңбарлыққадамдарыменжұмысжасаудықамтамасызетсе, бұлжазылымүдерісідепаталады. Толығырақайтқанда, жазылымдыжоспарлауданбастап, алғашқынұсқасынжаздырту, түзету, тексеругедейінгіоқушылардыңәрекетінұйымдастыру. Бұлоқушыларғажазылымныңәртүрліаспектілеріменәртүрліуақыттажұмысжасайбілугедағдыландырады. Мысалы, жоспарлаукезеңіндеидеялардыойлаптабадыжәнеұйымдастырады, алғашқынұсқасынжазукезеңіндеөзойларынжеткізуүшінқажеттісөздерді, сөйлемқұрылымдарыніздейді, түзетужәнетексерукезеңіндежазылымныңұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағыидеялардыбағалауға, яғниөзжұмысыныңартықшылығы мен кемшіліктерітуралыойлануғамүмкіндікбереді.

Белгілібіржазылымдытолықорындауүшінбірнешеқадамдаржасалады:

• Әуеліжазылуыкөзделгеннәрсеніанықтапалу;

• ойыңдыдұрысжеткізудіжоспарлау;

• алғашқынұсқасын (өзгертілуімүмкінжазылымтүрі) жазыпкөру;

• түзетужәнередакциялау (қателердітүзетужәнемазмұнынтолықтыру);

• тексеріпшығу (сауаттылыққатексеружәнетүзеу);

• дұрыснұсқаны (екіншінемесесоңғынұсқаныжазыпшығу) жазу.

Орта мерзімдіжоспардағыоқумақсаттарынжүзегеасырудаұсынылғанәдіс-тәсілдерменқатар, мұғалімөзітиімдідептапқанбасқаәдіс-тәсілдерді де қолданаалады.

Ресурстарменжұмыстуралы


Қазақтілісабақтарындамұғалімоқулықтарменқатар, ғаламторжелісіненалынғанестужәнекөруматериалдарын, аудиохабарламаларды, телебағдарламаларды, газет-журналдарданалынғанақпараттарды, кесте, диаграмма, сызбалардаберілгенмәліметтерді де таңдайалады.

Оқужоспарындаұсынылғанресурстармұғалімүшінбағыт-бағдарретіндеберіліпотыр. Мұғалімолардықажеттілігіне, сыныпдеңгейіне, жасерекшелігінеқарайөзгертеалады.


Ескерту. Пән мұғалімдері сыныптағы оқушылардың деңгейін ескере отырып, күнтізбелік жоспарда ұсынылған оқу мақсаттарына өз қалаулары бойынша өзгерістер енгізе алады.













Түсінік хат

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8-сыныптарына арналған қазақ әдебиеті пәнінің түсінік хаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы№ 545 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2013 жылғы 3 сәуірдегі№ 115 бұйрығына 193-қосымша Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқубағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) мен Кіріктірілген білім беру бағдарламасына негізделіп құрастырылды. Түсінік хат мектеп оқушыларының қазақ әдебиеті пәні бойынша білімі мен түсіну, жауап беру, анализ және интерпретациялау, бағалау, салыстыру дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту.

Қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында қалыптастырылатын коммуникативтік дағдыларға сілтеме, оқыту мақсаттары, оқытуда ұсынылатын әдіс-тәсілдер жүйесі, мұғалімге ескертулер мен оқыту ресурстары бөлімдері қамтылды.

5-сыныпта қазақ әдебиеті пәнін оқытудың жылдық жүктемесі - 68 сағат, аптасына – 2 сағат;

6-сыныпта қазақ әдебиеті пәнін оқытудың жылдық жүктемесі - 68 сағат, аптасына – 2 сағат;

7-сыныпта қазақ әдебиеті пәнін оқытудың жылдық жүктемесі - 68 сағат, аптасына – 2 сағат;

8-сыныпта қазақ әдебиеті пәнін оқытудың жылдық жүктемесі - 102 сағат, аптасына – 3сағат.

Оқу мақсаттарымен жұмыс. Оқушылар «Түсіну және жауап беру» дағдысы бойынша әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын анықтайды. Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы танылатын образын ашады. Көлемі шағын үзінділерді жаттау арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Көркем мәтіндерді оқу арқылы оқушыда мәтіннің мәнін түсіну, мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады. Көркем мәтінді оқу оқушылардың тұлғасы дамып-жетілуін, оның интеллектісі, сөйлеу әрекетінің төрт негізгі түрі (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптасуын, оқырмандық әрекеті мен қызығушылығы дамуын, осылар арқылы оқу әрекеттері компоненттері мен жан-жақты машық-дағдылар қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушының көркем мәтінді ажырата тани алуы үшін, әрқайсысының маңыздылығын түсінуі, оны өмірлік жағдаяттарда саналылықпен қолдана алуы үшін оқудың саналы оқу, дұрыс оқу, жүгіртіп оқу, мәнерлеп оқу т.б. түрлері қолданылады.

Оқушылар әдеби шығарманың құрылысын, композиция жасалу тәсілдерін, екі нәрсені, құбылысты (оқиғалар желісін, кейіпкерлерді т.б.) салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеу тәсілдерін меңгере отырып, «Анализ жасау және интерпретациялау» дағдыларын қалыптастырады. Эпикалық шығармадағы жазушының авторлық тұлғасының көріну қалпын, суреткерлік шеберлігін анықтайды. Көркем шығармаға түрлі деңгейдегі талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері (шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау т.б.) дамиды. Мәтінмен жан-жақты жұмыс жасау үдерісінде қаламгердің тілдік көркемдегіш құралдарды қолдану лабораториясына талдау жасайды. Шығармадан алған әсерін сипаттайды, авторға арналған хат, өлең жазады.

Көркем шығарманың бейнелі-мәнерлі тілдік құралдарын қабылдай алу, автор жасап шығарған өмір картинасын санасында орналастыру, көркем мәтіндегі себеп пен салдардың байланысын анықтау, көркем шығармадағы автордың көзқарасын түсіну, мәтіннің негізгі ойын, идеясын анықтау (мұғалімнің көмегімен) т.б. талдау әдістерін қолдануды меңгереді.

Оқушылар орындайтын ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы «Бағалау және салыстыру» дағдылары қалыптасады. Салыстыру тәсілінің мынадай түрлерін меңгереді:

 салыстырылатын нысандардың тек ұқсастығын табуды мақсат ететін салыстыру;

 салыстырылатын нысандардың тек айырмашылығын табуды мақсат ететін салыстыру;

 салыстырылатын нысандардың ұқсастығы мен айырмашылығын қатар табуды мақсат ететін салыстыру.

Оқушылар көркем шығармадағы жекелеген эпизодтар арқылы тарихи құндылықтар мен кейіпкерлерді талдап танып, ол құндылықтарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып бағалайды. Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде өзінің рухани дүниесіне берген әсерін бағалайтын сыни хабарлама жазады. Көркем шығармаларға түрлі мақсаттағы салыстырмалы талдау жасау дағдысын дамыту үшін сыныптан тыс оқитын қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады және жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығымен байланыстыру мүмкіндігі беріледі.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша бір сабақта бір немесе бірнеше оқу мақсатын алуға болады. Мұғалім оқу мақсаттарының комбинациясын шебер пайдалана білуі керек.

Пәнаралық байланыс. Әдебиет пәні мектепте оқылатын басқа тіл пәндерімен, тарих, жаратылыстану, бейнелеу өнері, музыка және басқа да пәндермен тығыз байланыста үйлесім табады.Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан, оқушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуын күшейтіп, оқу әдістерін белсендіреді. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын қалыптастырады. Шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім көрінісін, топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып, оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысты кеңінен қолдану оқушының дүниетанымын қалыптастырады.

Әдіс-тәсілдер туралы.

Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың педагогикалық тұғырлары «Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту», «Коммуникативтік-функционалдық бағдарлы оқыту», «Ақпараттық-коммуникациялық бағдарлы оқыту» бағытында болғандықтан, осыған сай педагогикалық әдістер мен тәсілдер жүйесі қолданылады. Атап айтқанда, әдістер жүйесі мынадай жіктемеде жүйеленді:

– әңгіме, пікірталас, дәріс, кітаппен жұмыс – репродуктивтік сипаттағы танымдық белсенділікті дамытатын білімді меңгеру әдістері;

– классикалық проблемалық әдіс (Дьюи бойынша), коммуникативтік жағдаяттық әдіс, идеялар банкі – ми шабуылы, дидактикалық ойындар: еліктеу ойындары, іскерлік ойындары – оқушылардың өзіндік жұмыс арқылы шығармашылық танымдық белсенділікпен проблемаларды шеше отырып білім алу әдістері;

– импрессивтік әдістер, экспрессивтік әдістер, шығармашылық тапсырмаларды орындау әдістері, оқу-практикалық әдістер– оқушылардың көркем әдебиетті көркем өнердің басқа түрлерімен байланыста қабылдау арқылы танымдық белсенділігін дамыту әдістері;

– көркем әдебиетті меңгеру арқылы сурет салу, проблемаларды шешудің ең оңтайлы және тиімді жолдарын шешу және таңдау әдістері – шығармашылық міндеттерді жүзеге асыруды көздейтін практикалық әдістер;

- пікірталас, өзіндік жұмыс, классикалық проблемалық әдістер.


Ресурстармен жұмыс. Қазақ әдебиетін оқыту үдерісінде оқу материалымен байланысты түрлі үнтаспа, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, ғаламтор материалдарын, электронды оқулықтарды, АКТ құралдарын пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттыру көзделінеді. Сонымен қатар оқыту ресурстарының қоры театр, мұражайлар мен кітапхана, тарихи ескерткіштерге саяхат жасату арқылы кеңейеді.


«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасында ұсынылған көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға автордың идеясын толықтүсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға қосымша мүмкіндік болады. Бір шығарманы толық оқып, талдай білген оқушы өз бетімен оқыған шығармасын сыныпта меңгерген дағдылары бойынша барлық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетімен оқылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен байланыстылығы сақталынып отырады.


Ескерту. Пән мұғалімдері сыныптағы оқушылардың деңгейін ескере отырып, күнтізбелік жоспарда ұсынылған оқу мақсаттарына өз қалаулары бойынша өзгерістер енгізе алады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Р дыбысы мен әрпі

Автор: Карлова Лаура

Дата: 22.11.2018

Номер свидетельства: 486993

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(32) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "271995"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883898"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(34) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi-1"
    ["file_id"] => string(6) "271996"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883906"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "О о дыбысы мен әрпі"
    ["seo_title"] => string(19) "o_o_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "390809"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486889542"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?? дыбысы мен ?рпі."
    ["seo_title"] => string(15) "oodybysymienrpi"
    ["file_id"] => string(6) "260776"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449001364"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""?? дыбысы мен ?рпі""
    ["seo_title"] => string(18) "uu-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "307134"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458275934"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства