kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Р дыбысы мен әрпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

аааааааааааааааааааааааааааааааааааааасссссссссссссссссссссссссссссссссссс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Р дыбысы мен әрпі»

Қазақ тілі № 2

Буын
Буын — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та буын құрай алады.
Буынға тән негізгі белгілер:
1) дауысты дыбыссыз буын болмайды; 
2) дауысты дыбыстың өзі де буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.)
3)Бір буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп);
4) Буында мағына болмайды;
5) Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, ,буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді); 
6) қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі); 
Буын түрлері
Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын Буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін Буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын Буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, тарт, шәкірт.
Қазақ тілінде Буын құрамындағы дыбыстардың басын құрап тұратын фонететикалық заң — үндестік заңы (сингармонизм). Үндестік заңының әсерімен Буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз дыбыстар біркелкі жуан Буын (шана, жұлдыз) не жіңішке Буын (кө-мір, кү-шік), еріндік (жү-зүм, бү-күр) не езулік (қы-зық, жә-бір) болып айтылады. Егер тілімізде аралас (жуан, жіңішке) Буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Мысалы, педагог, параллелипипед, т.б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.

Сөздерді буынға бөліп оқу.Әр сөзде неше буын бар екенін анықтау 
Гүл,еден,мұз, асық, қобыз, сырнай,бағбан,әнші, балапан,домбыра. 
Тапсырмаларды оқушыларға тізбектеп оқыту. Олардың қателерін дер кезінде түзету.

Оқушыларды назарын суретке аудару. Оқу құралдарының аттарын атау. Заттардың атын буынға бөліп жазу. Дауысты дыбыстардың астын сызу. Сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау. 
Кі-тап, дәп-тер, қа-лам-сап, сыз-ғыш, ө-шір-гіш, қа-рын-даш.
Қорытынды: сөздегі буын саны дауысты дыбысқа байланысты екенін пысықтау. Сөзді буынға бөлгізу. О-қу-шы-лар-дың (5 буын), 5-буынды сөз 4 жолмен тасымалданады, бірақ біз осы сөзді 4 жолмен тасымалдай аламыз ба?
Тасымалдау жолын көрсету
1. Оқу-шылардың
2. Оқушы – лардың
3. Оқушылар-дың (жалғыз әріптен тұратын буын тасымалданбайды)

«Сәйкестендіру» стратегиясы 
Ата Ашық буын 
Ат Тұйық буын 
Тал Бітеу буын 
Қант  Өрт 
Ұл 




3.Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулығында дыбыс үндестігінің берілу жайы.

Дыбыс үндестігі

Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.

Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.

Дыбыс үндестігі
Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ыкпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.
Қазақ тілінде дыбыс үндестігінін үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.

ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз.
а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады.
Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес).
ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады.
Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес).
б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Қоныспек Қонысбек
Тыныспек Тынысбек
тас пер тас бер

в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Жанағорған Жаңакорған
кім гелді? кім келді?

КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.
Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес).
Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:
а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады.
Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Жампейіс Жанпейіс
Ермағамбет Ермағанбет

ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі.
Мысалы: айтылуы: жазылуы:
ашшы асшы
колхошшы колхозшы

б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады.

Мысалы:

айтылуы:

жазылуы

түс сал

тұз сал

Жасса

жазса

Божжігіт

бозжігіт

ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ.
Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді.
Мысалы: айтылуы: жазылуы:
Дошшан Досжан
Жаңгожа Жанқожа



4-сынып қазақ тілі оқулығында “Дыбыс үндестігі” тақырыбында мынадай жаттығулар берілген:

26-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап. Түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.

Тәуелдік жалғаудың түрлерін үйреткенде, буын үндестігі туралы ережелерді қайталап еске түсіру керек. Әсіресе дауысты дыбыстарға аяқталған сөздерге тәуелдік жалғауы I, II жақта -м, -ң (шеке-м, бәкі-қ) түрінде жалғану себебін, III жақта -сы, -сі (бала-сы, әке-сі) түрінде жалғанатынын салыстыру арқылы үйреткен жөн. Тәуелдік жалғауларын үйрету үстінде, кейінді ықпал заңының ережесін еске түсіріп, қ, к, п дыбыстарының г, г, б дыбыстарына айналатындығын терең түсіндіру үшін көбірек жаттығу жұмыстары жұргізіледі (мектеп — мектебім, тсшақ — тамагы, етік — етігі, қап — қабы т.б.).


4. Орфоэпия, орфография, графика. Фонетикалық талдау жасаңыз


5. Сөз мағынасы және оның түрлері. Сөздіктермен жұмыс.

Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасының грамматикалықжәне лексикалық түрлері болады. Грамматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа (сөз табына) тән екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлік өзгеріске түсу қабілетін (жіктелу, есептелу), сөз тіркесі мен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін (айталық, күлу, ыза болу, ашулану, ренжу — адамның психологиялық күйін білдіреді). Соған қарамастан, лексикалық мағынаның жеке қасиеті болатынын теріске шығаруға болмайды, өйткені келтірілген мысалдағы сөздердің әрқайсысына тән мағыналық айырмашылықтары бар. Полисемиялық құбылыс болғанда, лексикалық мағынаның ұқсас жайлары көп, бірақ олардың да тура және ауыспалы мағыналарының болатыны анық (жоғары-төмен, сұлу-келісті, қара (етістік)- қара (сын есім), ыржақтау-мәз болу т. б.). Сөздердің лексикалық мағыналары түсіндірме сөздікте белгілі бір контекстке байланысты нақтыланады.

Сөздікпен жұмыс
Орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Орыс мектебін бітірген оқушылардың кейін еңбекке араласқан кезінде мемлекеттік мәртебе алған тілде сөйлей алмауын болдырмау – пән мұғалімінің абыройлы міндеті. Осы бағытта істелетін күрделі жұмыстардың бір саласы – ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырады.
Тілі жақсы дамыған бала ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді.
Тіл дамыту – ой дамыту. Оқушылардың тілін дамытуға сөздік жұмысының маңызы өте зор. Себебі, сөздік жұмысы – тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі болып саналады. Егер оқушының сөздік қоры кедей болса, ол өзінің айтатын деген ойын нақты жеткізе алмайды. Сондықтан да сөздік жұмыс оқушылардың сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуына, сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыруына зор ықпал етеді.
Сөздік жұмысын әр сабақты өткізілетін тапсырмаларға байланысты жүргізіп отыру керек. Сөздікпен жұмыс істегенде, жаттығу орындағанда кәртішкелерді немесе суреттерді қолданғанда әрдайым қазақ тіліне тән дыбыстар қатысқан сөздерге мән берген тиімдірек. Жаңа сабақ сөздік жұмысынан басталады. Тіл дамыту жұмысының негізгі түрлерінің бірі – осы сөздік жұмысы. Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағын өтуде мұғалімнің аса зер салатын өзекті мәселелерінің
бірі де осы.
Тақтаға екі тілді сөздерді жазып, оны дәптерлеріне көшіріп, жаттатқаннан балалар ол сөзді жадыларында ұстай алмайды, ұғып алса да кейінірек ұмытып қалады. Сондықтан балаларға жаңа сөз үйретуде оның орысша баламасымен қоса суретін көрсетіп, жанына қатарласа заттың аты қазақша жазылады, оны бірнеше рет қайталатып оқытып, мағынасын түсіндірсе, бұл жұмыс әлде қайда ұтымды болады. Ал енді оны есте сақтау үшін сол сөздер бар сөз тіркесін құрып, күнделікті тұрмыста қолдана алатындай сөйлемдер құратып, оны дәптерлеріне жаздырып отырса, тіл дамыту жұмысы тиянақты жүргізілгені.
Әр жаңа сабақта оқушы бірнеше жаңа сөздер үйренеді. Жаңа сөздерді кестеге жазған дұрыс болады, себебі, олар жаңа сөздің аудармасымен ғана танысып қоймайды, сонымен қатар сол сөздің синонимін, антонимін, омонимдерді тауып жазады.
Мысалы: ақ – қара, таң – кеш, күн – түн, биік – аласа, сұлу - әдемі, көркем, сымбатты, түс – полдень, свет, слезь.
Жаңа сөздерді сөздік дәптеріне жазып, хормен және жеке – жеке оқиды.
Одан әрі мұғалім оқушыларға осы тақырыпта диалог құру тапсырмасын береді.
Мысалы: «Қыс» деген тақырып бойынша мынадай сөздік жұмысын жүргізуге болады.


Қазақ тілі 6-сұрақ

Бастауыш сыныптарда синонимдер туралы ешқандай теориялық түсінік берілмейді.Тек осы бағытта практикалық жаттығулар .ана жүргізіледі.Мұндай жаттығулардың негізгі түрлері төмендегідей:

А)Мағыналары жақын сөздерді тауып,топтап жазу:

Бауыр,іні,шаттану,кәрі,інішек,биік,қарт,зәулім,қуану.

ә)Берілген сөздерге синоним табу:батыр,мезгіл,әдепті,кездесу.

Б)Сөйлем ішіндегі белгілі бір сөзді оның синонимімен алмастырып жазу.

Ол өжет бала еді(қайсар,ержүрек).

Қаймықпаймыз қауіптен(қорықпаймыз).

Зәулім мектеп,алаңды(биік),

Көркем үйлі қаланы(әсем)

Құрылысшылар салады.

В)Берілген мағынасы жақын сөздердің біреуін таңдап жазу:Егінді биыл (тың,жаңа)жерге салдық.

Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер. Тілдегі бұл құбылыс туралы да оқушылар бастауыш сыныптардан бастап-ақ түсінік ала бастайды. Қарама-қарсы мағыналы сөздерге қатысты жаттығулардың оқулықтағы негізгі үлгілері мынадай болып келеді.

Көп нүктенің орнына қарсы мағынадағы сөзді қойып жаз.

Таза - ....

Күн - ...

Кең - ...

Көп нүктенің орнына сын есімдерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Қант тәтті болады, бұрыш (қандай) ... болады.

Үлкен кісі бастар, (қандай) ... кісі қостар.

Бұл жаттығуды орындау барысында оқушылар сын есім туралы алған түсініктерін бекіте түседі.Тәтті, үлкен сөздерінің қарсы мағыналарын ойлап тауып, бұл сөздердің нені бейнелейтінін анығырақ түсіне бастайды.

Оқушылардың мағынасы қарама-қарсы сөздержайында алған түсінігін бекіте түсу мақсатында бірнеше жаттығу түрлерін орындауға болады:

Қарсы мағыналы сөздерді сыңарларымен топтап жазу. Ол үшін сөздердің тізімі беріледі, оқушылар олардың қарсы мағыналы сыңарларын тауып, қос-қостан жазып шығуы керек.

Берілген сөздерге қарсы мағыналы сөз тауып жазу

Құрамында антонимі бар сөйлемнің жалғасын жазу.


«Сөз» бөлімінде сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарын саналы түрде ұғындыру көзделген. Сөздің лексикалық мағынасы оқушыларға сауат ашу кезеңінде таныстырылып, кейінгі сыныптарда дамытыла түседі. Оқушыларға сөздің белгілі бір заттың құбылыстың және т.б атауы байқатылады. Сөз мағынасына ерекше мән беріледі. Әр сөздің негізгі мағынасы болатынын, бірақ сөйлеу кезінде, яғни сөйлем ішіне енген сөздің негізгі мағынасы өзгеріп, үстеме мағынаға ие болатынын білу қажет.

Бағдарламада оқушылардың қабылдауына лайық, жиі қолданылатын синоним, антоним, омони сөздермен, тұрақты сөз тіркестерімен, берілетін ұғым, жұмыс түрлері әр сынып сайын біртіндеп күрделене түседі.

Сөздің грамматикалық мағынасы «Сөз құрамы», «Сөз таптары» тарауларында оқытылатын тақырыптар аясында таныстырылады, сөйтіп оқушылар сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары бәр сөздің өзінде тоғысатынын байқайды, сөз мағынасы туралы түсініктері тереңдей түседі.

Екінші сыныпта сөз және оның мағынасы туралы түсінік беріледі. Мағынасы жуық, мәндес сөздер, қарама-қарсы мағыналы сөздер, әрттүрлі мағынаны білдіретін сөздер таныстырылады. Сөздер іс жүзілік тұрғыда таныстырылады. Мәтіндегі сөздерді мағыналарына қарай ажырата білуге үйретіледі.

Үшінші сынып сөз туралы берілген білімді еске түсіріліп, бекітіле түседі. Сөз мағыналарымен жұмыс жүргізіледі, сөз өзінің тура мағынасынан басқа ауыспаы мағынада қолданылатыны және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатыны байқатылады. Мәндес және қарама-қарасы мағыналы сөздерді мәтіннен табуға, оларды топтастыруға, сөйлем ішінде қолдануға жаттықтырылады.

Төртінші сыныпта сөз мағыналары туралы түсініктер, мағынасы бір-біріне жуық сөздер, қарама-қарсы сөздер, көп мағыналы сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған жаттығулар орындатылады. Тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік беріледі, оқушылардың жасерекшеліктерінен лайық жеңіл фразеологизмдер таныстырылады. Мәселен: көзді ашып жұмғанша-лезде, жаны ашыды-аяды, төбе шашы тік тұрды-қорқты.



7. Омонимдер. Бастауыш сыныптың «Қазақ тілі» оқулықтарында омонимдердің берілуі

Омонимдер (гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

Ат — жұмыс көлігі;

Ат — есім, атау;

Ат — етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Қас деген төрт сөз бар:

қас — адамның қабағындағы қас;

қас — дұшпан, жау;

қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

қас — ердің қасы

Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.

Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.

Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.

Жасалу жолдары

Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:

1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;

2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.

3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;

4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.

Бастауыш сыныптың «Қазақ тілі» оқулығын алып, омоним тақырыбына талдау жасаймыз.




8.Фразеологизмдер.Бастауыш сынып «Қазақ тілі » оқулықтарында фразеологиздердің берілуі.

Фразеология (грек. phrasis-сөйлемше, logos-ұғым) – 
1) Тілдегі тұрақты тіркестердіқазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы; 
2) Бір тілдегі тұтас фразеологиялық қор. 
Фразеологизмдер үшін ең басты анықтама олардың тұрақты, даяр қалпында қолданылуы. Мысалы: ит өлген жер-алыс, тайға таңба басқандай-анық, жел аяқ-жүйрік, арқаны кеңге салу- асықпау т.б. фразеология негізінен психология, философия, тарих, этнографиямен тығыз байланысты.Өздеріне формасы жағынан ұқсас синтаксистік құрылымдардан ерекшелігі: сөздердің белгілі бір тұрақталған лексика грамматикалык құрылымдағана айтылатын ойта сәйкес болып, сол сөздің бастапқы жеке мағынасының жалпы заңдылыктарына бағынбауында.

«Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді камтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар (ізін суытпай, ақ қарға) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер. Фразеологизмнің негізгі және әмбебаб қасиеттері сөз мағынасының басқа мазмұнда қабылдануы немесе лексика грамматикалық транспозиция, сөз тіркесіндегі тұрақтылығымен қайталануы. Көпшілігі мақалдар мен мәтелдер және қанатты сөздерге жататын фразеологизиялық сөйлемдер мен тұрақты тіркестердің коммуникативтік қызметі диктум және модус (логикалық бағыт) деген мазмұндарға белінеді, сонымен бірге семантикалық екі жақтылық арқылы айқындалады.[1]

ты. 


9) Сөз таптары орыс. части речи — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:

а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);

ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;

б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.

Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар:

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Етістік

Үстеу

Еліктеу сөздер

Шылау

Одағай

Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау, демеулік, частицы, артикль т. б.) болып табылады. Типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөзтабы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері — зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес.[1]


10 сұрақ. Қазақ тілі.

Сөзжасам туралы түсінік. Сөзжасамға қатысты ұғымдардың бастауыш сынып бағдарламасы мен қазақ тілі оқулықтарында берілуі.

Сөзжасам– тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасамның тәсілдері:

Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;
Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;
Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;
Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2-4 сыныптар

2 сынып. Сөзжасам – 14 сағат.

Түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығы. Қосымшаның жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінетіндігі. Олардың әрқайсысының өзіндік белгілері.

3 сынып. Сөзжасам - 14 сағат.

Сөз құрамы жайында 2-сыныпта берілген ұғымдарды жинақтау, бекіту: түбірден қосымшаның айырмашылығын айту, қосымшалы сөздің түбірін табу, түбірге қосылып тұрған қосымшаның түрін айту.

Түбір сөз және туынды сөз.

Негізгі түбірге жұрнақтар қосылу арқылы туынды сөз жасалатыны. Туыңды сөз жасайтын жұрнақтар. Туынды сөз бен түбір сөзді салыстыру. Түбірлес сөздер.

Бір түбірден жасалған сөздердің түбірлес сөз деп аталатыны. Түбір сөзге әр алуан жұрнақ қосқызып, түбірлес сөздер жасату. Бір түбірден тараған сөздердің түбірін тапқызу, жұрнақ қосылғаннан кейінгі мағынасына назар аударту.

Қосымшалардың емлесі: қосымша жалғанғанда түбір сөздің көбінесе өзгермеуі; қосымшалардың сөздегі соңғы буынмен үндесіп жалғануы; қосымша жалғанғанда кейбір сөз түрлерінің соңғы дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы туралы түсінік (п, қ, ы ,і).

4 сынып. Сөзжасам - 10 сағат.

Күрделі сөз туралы жалпы түсінік.

Біріккен сөз. Біріккен сөздің жасалуы және оның жиі кездесетін түрлері.

Қос сөз. Қос сөздердің жасалуы. Қос сөздердің мәні жөне емлесі.

Қысқарған сез. Қысқарған сездердің жасалуы.




11. Жалаң сөз және оның түрлері. Жалаң сөздің бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулықтарында берілуі

Жалаң сөз дегеніміз — құрамында түбір сөздер мен түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбір сөздер. Мысалы: бас, бастық, басшы, басқар, басқарма деген сөздердің бәрі бірдей түбір сөздер емес, — түбірлес сөздер. 
Олардың ішінен тек бас деген сөз ғана түбір сөз болады.Бұл сөз осындағы өзге сөздердің бәріне бірдей тұлға жағынан да, мағына жағынан да негіз ретінде қызмет етеді. Осы ортақ негізді, түбірді әрі қарай тек дыбыстарға бөлшектеуге (мысалы: ба-с; б-ас, б-а-с) болады, бірақ ондай дыбыс бөлшектерінен ешқандай мағына шықпайды.

Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.ұрлысының негізін қалайды.

12. Күрделі сөздер және оның бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулықтарында берілу жайы


Күрделі сөз дегеніміз екі я онан да көп жалаң я туынды түбірлерден құралып, мағыналық, грамматикалық жағынан бір бүгін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөз. Мысалы: бүгін, биыл, сап-сары, ағайын-туысқан, қолқанат, айта отыр, ала жаздай, темір жол, жеті қарақшы, арқа суйеу, т.б.

Күрделі сөз. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық, боз торгай, қара торы, он уш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ, (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бесжылдық (бес және жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он уш (он және үш).

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді.

Сөйтіп, күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі болып табылады.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесін реформалаудың басты мақсаты- білім беру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Ол мұғалім мен оқушыда басты негізгі құзырет тіліктерді қалыптастыру арқылы шешіледі

Кез келген пәнді меңгеру үшін сауатты оқи, жаза білу керек. Оқығанын ұғу, айта білудің бастамасы аталған пәндерде қалыптасады.

Ақпараттық құзыреттілік білім алудың ең негізгі көзі оқулық арқылы беріледі. А.Байтұрсынов : «Оқу құралының ең ұлығы- бала оқытатұғын кітап, оның жақсы болып баланың жанын қинамасына жазудың тәртібі болу шарт», -деген болатын. Оқулық-оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына , оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелеп баяндайтын құрал десек те, қазақ тілінің негізі қаланатын бастауыш, жоғары класс оқулықтарында дидактиканың ғылыми принципінің талаптары сақталмайтынын көруге болады. Сөзіміз құрғақ болмас үшін деректер келтірейік. 4-класс оқулығы бойынша берілген күрделі сөздердің бір түрі «Біріккен сөздердің жазылуы» тақырыбы бойынша жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады. Мысалы: Сарыадыр, Шиліөзен.

Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады. Мысалы: Торайғыр, Мырзәлі. Кейбір біріккен сөздер өзгерген қалпында айтылуы бойынша жазылады деп, жаздыгүні, қыстыгүні, қолғап, Қарагөз, Телғожа, Амангелді сөздері ережеге байланысты мысал түрінде беріледі.


13. Морфемалар. Морфема бойынша бастауыш сыныпта берілетін білім мазмұны.

Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін осындай бөлшектері морфемалар деп аталады. Басқаша айтқанда, морфема дегеніміз – тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы.

Морфемаар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Олардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мәселен, жоғарыда көрсетілген «көлшікке» деген сөздің құрамындағы көл морфемасы негізгі лексикалық ма,ынаны білдірсе, -шік, және – ке морфемалары граммматикалық мағынаны білдіреді.

Морфемаларды ең алдымен түбір морфема және қосымша морфема деп екі негізгі түрге бөлуге болады. Түбір морфема дегеніміз – сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Бұл түпкі негіз сөздің құрылысының да мағынасының да негізгі ұйытқысы болып есептеледі. Өйткені түбір морфема сөздің негізгі негізгі лексикалық мағынасын білдіреді.

Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып. Оған қосымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз. Қосымша морфемаларөз ішінде жұрнақтар, жалғаулар болып бөлінеді. Бқл морфемалар жеке-дара қолданылмай, тек түбірге тіркестіріліп қана жұмсалатындықтан, оның тұлғасы да өзгеріп, түрленіп отырады. Сондықтан бір морфеманың дыбыстық бірнеше түрі болуы мүмкін. Мыс., - ды, ді, ты, ті, лы, лі – бір морфеманың түрі.

Қосымша морфемалар түбірге қалай болса солай жалғана бермейді. Біріншіден ,түір морфемалар мен қосымша морфемалардың қарым-қатынасы белгілі бір заңдарға сүйенеді.

Мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден сөз тудыратын және сөзден жаңа форма тудыратын қосымшалар жұрнақтар деп, ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаларды жалғаулар деп аталады. Жұрнақтар жаңа сөз жасайтын болғандықтанлексика-грамматикалық категория қатарына жатады. Форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатындықтан функционалды грамматикалық категория қатарына жатады.Ал жалғаулар сөз бен сөзді байланыстыратын категория болғандықтан, таза грамматикалық категорияға жатқызылады.

Жалғаулар төрт түрлі: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.



14 Грамматикалық мағына туралы түсінік. Грамматикалық форма. Грамматикалық категория.

Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтак-систік қүрылымдарға тән жинақты, дерексіз тіддік мағына. Морфология саласында сөз таптарының жалпы мағыналары болсын, сөз тұлғалары мен сөз тобының жеке мағыналары болсын, морфологиялық категорйялар деңгейіне сай бір-бірінен өзгеше болып келеді.

Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заттар мен құбылыстардың және олардың өзара байланыстары қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі арқылы калыптасады.

Тілдің грамматикалық механизмі морфемалардан немесе сөздерден жасалмайды, "грамматикалық категория" деп аталатын тіл бірліктерінен (единицаларынан) жасалады. Тілдік грамматикалық механизмін грамматикалық категорияларға қарап білуге болады. Грамматикалық категориялар ішкі қүрылымы жағынан біркелкі емес, жай немесе күрделі болуы мүмкін. Сөздердің лексика-грамматикалық үлкен топтарын білдіретін сөз таптары грамматикалық категориялардың ірі, күрделі түрлері болып табылса, ал, солардың қүрамына кіріп, соларды жасайтын түрлері шағын жай категориялар болып есептеледі. Мысалы, зат есім категориясының қүрамындағы септік, жіктік, көптік, тәуелдік, тек (род); етістік категориясының қүрамындағы жақ, шақ, рай, етіс, есімше, көсемше шағын категориялар болып табылады.





15. Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

Хабарлы сөйлем

ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.

Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:

Баяндауыштары негізінен ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады;

Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. Жалаң сөйлемдер бірте-бірте қайырылса, жайылма сөйлемдерде дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түседі. Мысалы, Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар. сөйлесінің мазмұны әр түрлі болғандықтан, олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, мүшелердің, әсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжамды (Маржан ертең келетін шығар), ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем екі негізді және бір негізді құрамда болады. Құрамында екі негізгі мүше бастауыш пен баяндауыш болып, сөйлем оларды тірек етіп құрылған болса, екі негізді болып келеді. Мысалы, Енді, міне, үш бала қатар келе жатырмыз. (С.М.) Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі:

Арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Мысалы, Оны бұзуға болмайды;

Бастауыш, баяндауыш деп тануға келмейтін, тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мысалы, Мидай дала. Жарқыраған ай.

Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.

Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.

Сұраулы сөйлем

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.

Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемнің жасалуы

Сұраулы сөйлемнің жасалуы:

сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;

сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;

сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;

сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді

Лепті сөйлем

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.

Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.

Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады.

Сөйлем

Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.

Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас;

Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;

Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;

Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;

Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;

Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақты, жалпылама жақты;

Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тән синтаксистік ерекшеліктері бар.


16-сұрақ Сөйлем айтылу мақсатына қарай бөлінуі.Оның бастауыш сынып Қазақ тілі оқулықтарында берілу жайлы

Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.

Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.

Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.

Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.

Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылғанбастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтыңқандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.

Жетек сұрақты сұраулы сөйлем – негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы,

– Іссапарға кімдер барады?

– Жас қызметкерлер барады.

– Біздер ше?

Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.

Анықтауыш сұрақты сөйлем – екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы,

– Бұл ойды кім айтты?

– Тілек айтты.

– Тілек?

– Иә, Тілек.

Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.

Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т.б. 2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:

1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!

2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!

3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!

4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.

Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.

Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер:

1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады; 2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады; 3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;

4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ

ХАБАРЛЫ

СӨЙЛЕМ СҰРАУЛЫ

СӨЙЛЕМ ЛЕПТІ

СӨЙЛЕМ БҰЙРЫҚТЫ

СӨЙЛЕМ

Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады. «Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің? Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой! Атаның баласы болма, адамның баласы бол.



17. Сөз тіркесі және оның байланысу түрлері. Бастауыш сыныпта сөз тіркесінің оқытылуы.

Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.

Мысалы:


Жекеше

Көпше

1-жақ

Мен оқушымын

Біз оқушылармыз

2-жақ

Сен оқушысың

Сендер оқушыларсыңдар


Сіз оқушысыз

Сіздер оқушыларсыздар

3-жақ

Ол - оқушы

Олар - оқушылар



Жекеше

Көпше

1-жақ

Мен оқимын

Біз оқимыз

2-жақ

Сен оқисың

Сендер оқисыңдар


Сіз оқисыз

Сіздер оқисыздар

3-жақ

Ол оқиды

Олар оқиды


Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.

Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.

Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару

Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі

Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.

Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.

Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.

Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу.

Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – бастауыш сынып оқушыларына фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.




18. Жай сөйлемнің құрылысына қарай бөлінетін түрлері. Жай сөйлемнің бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулықтарында берілу жайы.

Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі - құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады. Мысалы, “Жаз”. “Жаз келді”. “Жазда жеміс-жидек піседі”. Жай сөйлемдер қос сыңарлы болып та, жеке сыңарлы болып та келе береді.

Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем. Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.

Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Жақты сөйлем — бастауышы мен баяндауышы қиыса байланысқан жай сөйлемнің бір түрі. Жақты сөйлемнің бастауышы болады немесе сөйлемнің мазмұнынан бастауышының қай сөз екенін табуға болады. Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.

Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі. Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.


19

Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:

кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;

жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;

негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді























20.Сөйлемнің тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелері. Оның бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулықтарында берілу жайы.

Сөйлемдегі тиянақты,аяқталған ой тұрлаулы мүшелер: бастауыш пен баяндауыш арқылы беріледі.

Тұрлаусыз мүшелер: анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыш арқылы сөйлемдегі ой толығып,кеңейе түседі.

Тұрлаулы мүшелер



Баяндауыш

Бастауыш

Бастауыштың іс-әрекетін білдіреді

Сөйлемнің негізгі мүшесі



Кім?не?кімдер?нелер?кімі?несі?



Не істеді? Не қылды? Қайтті?





Тұрлаусыз мүшелер

Кімнің? Ненің?кіге? неге? Кіімді? Нені? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? Қалай?қанша? неше? Нешінші? Қайдан? Қашан? Қандай? Қайда?қай?

Бастауыш пен баяндауыштан басқа мүшелер













22 Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік. Бастауыш сыныпта сөйлем мәдениеті бойынша берілетін білім мазмұны

Мәдениет – адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Сөз мәдениеті – сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу.                                                                                    Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек,  адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 

1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 

2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 

3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

     Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің  негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс.

Сөйлеу әдебі.

Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.                               

4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.                                                                                                    

Тыңдай білу әдебі.

      Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:

Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады:

1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.

2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.                                    Мәдениет мәйегі. Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді. 

 Ойдың және сөйлеудің дамуы. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 

1.  Диалогтық сөйлеу.

2. Монологтық сөйлеу.

Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. 

Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.      Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. 
         Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу. 





Сөз мәдениеті орыс. культура речи — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.


Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.

Кенестік орыс тіл білімінде Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді.





Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру және шығарма, мазмұндама жаздыру арқылы жүзеге асырылады. Тіл дамыту жұмыстары мынандай бағытта жүргізілсе:

Мұғалім сабақты түсіндіру барысында баламен қарым-қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баулап алуы яғни тыңдаушысын тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт;

Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса;

Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы;

Тіл дамытуда мақал-мәтелдер, мысалдыр, өлең-жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеп алыну керек;

Лексикалық жұмыстарды жиі жүргізу;

Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс-жүзінде қолдана білу.

Фразеологизмдердің жеңіл түрімен сөйлемдер құрату және ауызекі сөзде қолдана білу.

Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету.

Демек: мәтін түзе білу үшін, ең алдымен, мәтіннің мазмұнына сай сөйлемдердің құралатыны туралы білім қалыптастырылады.

Қазіргі кезде ойды жеткізудің функциялық жағына назар аударылып келеді. Осыған байланысты мәтін лингвистикасы деген сала қалыптаса бастады. Сондай-ақ мәтін стилистикасы деген атпен әр түрлі жанрларды талдаудан бастап мәтін стилистикасын зерттейтін ғылым пайда болды[2].

Ал мектеп оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамытуда мәтін құрастыра білу – қажетті мәселе. Сондықтан баланы шығарма жазуға үйретуден бұрынғы мәтін құрастыра білу икемділігі мен дағдысы қалыптастырылады. Ол үшін:

ғылыми әдебиеттердің негізінде мәтіннің ерекшелігін ашу;

мәтіннің құрылымын анықтау;

мәтіннің жасалуы үшін оны құрайтын элементтерді, сөйлем, қайырым ерекшелігін көрсету;

мәтіннің түрлері туралы мәлімет беру;

мәтін құрастыру туралы икемділіктері мен дағдыларын шығарма жаза білу шеберліктеріне ұластыру;

            Сондықтан бұл тақырыптың мақсаты баланың өз ойын жүйелі жеткізе білу үшін сөйлеудің нәтижесі мәтін құрастыру дағдылары мен икемділіктерін жетілдіру болды.


23-сұрақ

Тыныс белгілерінің түрлері және олардың қолданылуы. Тыныс белгілерінің бастауыш сыныпта қолданылуы.


Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті.

Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша қасиеті.

Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.) өзгеріске түсуі мүмкін.

Тыныс белгілері

Нүкте

Көп нүкте

Сұрау белгісі

Леп белгісі

Үтір

Сызықша

Қос нүкте

Нүктелі үтір

Тырнақша

Жақша


Тыныс белгілерінің түрлері және олардың қолданылуы.

Пунктуация термині латынның “puctum” – нүкте деген сөзінен алынған. Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы, жазу емлелерімен бірге ,белгілі мәтінді өз ішінде бір-бірінен айырып түсінуге мүмкіндік беретін және оны графикалық жағынан ұймдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады; екіншіден , тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді, үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді.

Пунктуация- жазу тілінде қызмет ететін шартты таңба. Ол- автордың айтайын деген ойын сол қалпында, өз дәріжесінде жеткізуге жол ашады. Сөз- қыр-сыры мол құбылыс. Сөйлем құрамындағы әр сөзді, тұтас сөйлемді жазушы сан құбылтып беруі мүмкін. Егер тыныс белгілері болмаса немесе дұрыс қойылмаса, мәтінді оқу да қиын, тіпті түсіну мүмкін емес. Ауызекі сөйлесуде айтушы өз ойын толық жеткізу үшін бет – жүзінің құбылысын , қолының әр түрлі қимылдарын , дауыс ырғағын барынша қолданады.

Бұларды қағазға түсіре алмайсың. Бірақ қағазға түскенде, жазу тілі арқылы қарым-қатынас жасауда бізге тыныс белгілері көмекке келеді. Олар жазба тілдің барлық мән-мағынасын ашып түсінуге мүмкіндік береді.

Тілдегі ең қысқа сөздің өзін әр түрлі мәнмен айта аламыз. «Бар» немесе «жоқ», «жақсы» сөздерін айтқан кезде сөйлеуші жайбарақат болуы да, ызалы , ашулы болуы да немесе өте көңілді болуы да мүмкін. Ауызба-ауыз әңгімеде осының бәрі сөйлеушінің дауыс ырғағы арқылы көрінеді, ол бәсең, көтеріңкі, жұмсақ, қатты да шығады. Жазуда бұл жансыз әріп- таңбамен беріледі. Жаңағы көңіл күйі ғайып болған сияқты. Егер олардың тыныс белгілерін дұрыс қойсаңыз, сөз жанданып шыға келеді. Бар. Бар! Бар? Бар?! Бар...Жақсы. Жақсы!Жақсы? Жақсы...

Бар. Жақсы – нүкте қойылғанда, жайбарақат дауыспен естіледі.

Бар!Жақсы!- көтеріңкі көңіл күйін білдіреді.

Бар?Жақсы?- екі ұшты мағына береді.

Бар?!Жақсы?!-түк түсінбеген, сенбеген күйді көрсетеді.

Бар...Жақсы... – аяқталмаған, іште кеткен ой,сенімсіздік, реніш, кекесін сарыңды мағынаны көруге болады. Әрине, тұтас мәтін көлемінде бұл сөздер тағы да басқаша бояу, басқаша мағыналарды білдіруі мүмкін. Ендеше, айтушының көкейіндегі көрікті ойды қағазға сол қалпында түсірудің құралы тыныс белгілері екен. Абайдың мына бір өлеңіне көңіл аударайық:

Ішім өлген , сыртым сау,

Көрінгенге деймін-ау:

Бүгінгі дос- ертең жау.

Мен не қылдым , япырмау?!

Осындағы үтір , қос нүкте, сызықша, сұрау мен леп белгісінің қабаттасып келуі, үтірдің өзі екі түрлі қызмет атқаруы Абай толғаған терең ойдың сырын ашуға әсерін тигізіп тұр. Егер бұл белгілер болмаса немесе қойылмаса, өлеңнің мағынасы түсініксіз болар еді. Тағы бір мысал: Шығыс кітаптары арқылы танып-білген аңыз-дастандар негізінде Абай «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» тәрізді көлемді дастандар жазады. Осы тұста ақын өзіндік үлкен талғампаздық көрсетіп, шығыс аңыздаушыларын жаңаша мақсата пайдалануды көздейді. Бұл сөйлемдердің ара жігін ашушы тыныс белгілері арқылы Абайдың шығармалары және оны жазудың мақсаты айқын сезіледі. Бұл жердегі тыныс белгі ойды даралау , белгілі бір айтпақшы ойды айналасына жинақтау қызметін атқарады. «Абай жазады» және «Абай көздейді» сияқты сөйлемнің грамматикалық негізінен маңайына топтастырылып ,ойды біршама тиянақтап , келесі ойдан даралап та тұр. Бұл – тыныс белгілерінің ең басты қызметі. Ол сөйлемнің грамматикалық құрылымына негізділеді.Сөйлем сөз тіркестерінен құралады. Олардың тіркесу заңдылығы, сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бар. Ойды жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою принципін грамматикалық принцип дейміз. Тыныс белгілері арқылы сөйлем ішіндегі кей сөздерге ерекше мән беріліп тұрғаны байқалады. Мысалы:

Мұндайлардың алды осы Жидебайға,Айдың шешелерінің үйіне де, келіп жеткен.

(М.Әуезов)

Бірақ , керігі не, қазір сол Құлынсыз жоқ, жер бетінен өшіп кеткен.

(Қ.Жұмаділов)

Содан соң қырмандағыларды тегіс жинап(баладарды да қосып), жиналыс өткізеді.

(С.Мұратбеков)

Егер осы сөйлемдердегі үтірлер қойылмаса, бірінші сөйлемде бір ғана мекен екі түрлі зат сияқты болып көрініп, екінші сөйлемдегі орны толмас өкінш байқалмас еді .Ал жақша ішіндегі сөздер –сөйлемнің грамматикалық құрылысына қатысы жоқ, сөйлемдегі ойға, автордың мақсатына қажеті бар қыстырмалық мәндегі сөздер. Ол мақсат жақша арқылы көрініп тұр, егер жақша емең, үтір қойылса, мағыналық рең басқа болумен бірге,жақша ішіндегі қыстырманың құрылымын да өзгертуді қажет етер еді.

Ендеше,сөйлемнің және сөйлем құрамындағы сөздердің мағынасын ашып, ерекшелеп тұру тыныс белгілерінің мағына айқындауышы қызметі болып табылады.

Белгілі сөйлемдерді, сөзді, тұтас мәтінде оқығанда дауыс ырғағының құбылуы, тыныс белгілерінің қосымша , көмекші қызметі интонациялық принцип деп аталады.


Тыныс белгілерінің бастауыш сыныпта оқытылуы.

Бастауыш сынып оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту әдістемесі қарастырады. Бастауыш сыныпта пунктуацияны оқытудың мақсаты – оқушылардың пунктуациялық саутаттылығын, жазуда, тыныс белгісін дұрыс қою іскерлігін қалыптастыру. Сауаттылық екі түрлі болады: толық және біршама сауаттылық. Толық сауаттылық – пунктуациялық норманы толық игеру, ал біршама сауаттылық – пунктуациялық ережелердің белгілі бір бөлігін игеру. Бастауыш сыныпта біршама сауаттылық қалыптасты. Біршама сауаттылық деңгейін оқылатын пунктуациялық ережелердің саны мен бағалау нормасының талабы айқындайды. Бастауыш сыныпта пунктуацияны оқытуда: танымдық және практикалық мақсат қойылады.

Танымдық мақсат. Пунктуациялық норманы меңгеру үшін пунктуациялық іскерлікті қалыптастыратын пунктуациялық білім қажет. Атап айтқанда: - пунктуациялық, тыныс белгісінің қызметін ашу; - пунктуацияның негізгі единицасымен таныстыру; - тыныс белгілерінің қойылу себептерін білу; - бағдарламадағы пунктуациялық ережелерді меңгеру.

Практикалық мақсат: - оқушылардың пунктуациялық қырағылығын дамыту; - оқылған ережелерге сай белгілерін қоя білуге үйрету; - тыныс белгісін қойып, оны дәлелдеу; - тыныс белгісінен кеткен қатені тауып, оны түзетуге үйрету.




24.Зат есім.Зат есімнен бастауыш сыныпта берілетін білім мазмұны.

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.[1]

Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.

Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

Жалпы және жалқы есімдер

Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.

Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.

Мысалы:

• кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)

• үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)

• өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)

• газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)

• географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)

• қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)

тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі -географиялық атаулар (топонимика).

Көптік мәнді есімдер

Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.

Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.

Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:

1. Сұйық заттардың атаулары: айран, арақ, боза, шай, тұздық т. б.

2. Газ тектес заттардың аттары: азон, бу, түтін, тұман т. б.

3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша т. б.

4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындық т. б.

5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш, шойын т. б.

6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар, жел, құйын т. б.

Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т. б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады.

Көмекші есімдер

Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.

Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.

Зат есімнің морфологиялық сипаттары

Зат есімнің құрылымы

Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады.

Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.

Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.

Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.

Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:

Толық мақаласы: Күрделі зат есім

1. Біріккен зат есімдер,

2. Қосарлаған зат есімдер,

3. Тіркес (құрама) зат есімдер,

4. Қысқарған зат есімдер.


26. Сан есім. Сан есімнен бастауыш сыныпта берілетін білім мазмұны

Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.

Қазақ тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмалары біріншіден, оқушылардың

продуктивті ойлау қабілеттері жетілдіріледі, екіншіден, олардың

сөздік қоры молайтылып, тілі дамытылады, үшіншіден, диалогтық

сөйлеумен байланыстырыла монологтық сөйлеу қабілеттері

қалыптастырылады, төртіншіден, қиялы дамытылып, шығармашылық

қабілеттері жетілдіріледі, бесіншіден, сөйлеу әдебі туралы түсініктері

нығайтылып, тіл мәдениеттері арттырылады, алтыншыдан, тілдік

қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз ойын, пікірін, көзқарасын дәл

жеткізеді. қазақ тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмалары оқушылардың тілдік материалдарды саналы түсінуіне және олардың сабаққа белсене қатысуына оң ықпал етеді. Бастауыш сынып сан есімді оқыту тапсырмалары арқылы меңгертуде тапсырмалар алғашқыда жеңілден басталып, бірте-бірте қиындатылды.

Сан есімді оқыту тапсырмаларды оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатындай етіп түзуі , сондай-ақ сабақта сан есімді оқыту тапсырмаларды орнымен пайдалануы тиіс. Мұнда мынадай мәселелерді:

1. Сан есімді оқыту тапсырмалардың оқушыларды

ойландыруға итермелеуін;

2. Тапсырмалардың проблемалық сипатта түзіліп, оқушылар

белгісізді өздері табуын,

3. Оқыту процесінде тапсырмаларға неғүрлым көп оқушы

қатысуын;

4. Сан есімді оқыту тапсырмалар оқушылардың жас

ерекшеліктеріне сай құрылуын қадағалау керек.


28.Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Морфологиялық сипаттары

Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.

Негізгі үстеулер

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.

Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман, әншейін, тым, тіпті, өсе, аса, ең, әбден, мүлде(м), төтенше, ерекше, орасан т. б.

Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:

Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш сөздер қолданылады. Мысалы:

бұрын

бұрынырақ

бұрындау

тым бұрын


кейін

кейінірек

кейіндеу

өте кейін

ілгері

ілгерірек

ілгерілеу

аса ілгері


әрі

әрірек

әрілеу

тым әрі

әрмен

әрменірек

әрмендеу

тіпті әрмен


былай

былайырақ

былайылау

тым былай

Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос, құрдан-құр т. б.

Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қорсарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-әрең, азар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, ұдайылап, әрі-бері, бұрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төменді, енді-енді, кейінде, кейіннен, ендігәрі т. б.

Туынды үстеулер

Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.

Құрылысы мен құрамы жағынан туынды ұстеулер екі топқа бөлінеді: 'жалаң туынды үстеулер мен күрделі туынды үстеулер.

Жалаң туынды үстеулер

Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтар арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы үстеуге айналды.

Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер

Бұлар арнаулы жұрнақтар арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнақтар мыналар:

-ша, -ше жұрнағы. Осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу мағына жағынан негізінде амалдың қалай я қалайша істелетіндігінің бейнесін білдіреді. Бұл жұрнақ жалқы зат есімдерге де, жалпы зат есімдерге (мысалы: Омаровша, Аманкелдіше, құсша, адамша), олардың жекеше түріне де, көпше түріне де (мысалы: батырша, батырларша) және тәуелді түріне де (көзімше, көзіңше, көзімізше, көзінше т. б.) жалғанып үстеу тудырады.

Осы жұрнақ арқылы кейбір негізгі сын есімнен де (ескіше, жаңаша, басқаша т. б.), туынды сын есімнен де (биылғыша, бұрынғыша) үстеу жасалады; жіктеу есімдіктерінен де (менше, меніңше, сендерше), өздік есімдіктен де (өзімше, өздерінше), кейбір белгісіздік есімдіктерден де (әлдекімше, кейбіреулерше) үстеу сөздер туады.

-лай, -лей (-дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары. Мысалы: осылай, екіншілей, жастай, жібектей, күздей, қыстай т. б.

-дайын, -дейін, (-тайын, -тейін) жұрнақтары. Бұл жұрнақтар ― -дай және -ын деген қосымшалардан құралған құранды жұрнақтар. Мысалы: Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып (Махамбет).

-шалық (-ша+лық), -шама (-ша+ма) жұрнақтары сілтеу есімдіктерінен үстеу жасайды. Мысалы: осыншама, соншама, соншалық, мұнша, мұншалық т. б.

Көсемшенің құрамды -лап, -леп (-дап, -деп, -тап, -теп) формалары қосылған сөздің бәрі бірдей, әрине, үстеу бола бермейді. Адвербиалданған формалары ғана үстеуге жатады. Мысалы: Қырықтап, отыздап, жаяулап, темірлеп т. б.

-шылап (-шілеп) жұрнағы. Бұл жұрнақ - бастапқы -ша және -лап деген қосымшалардан құралған. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.

-қары (-кері) жұрнағы санаулы біраз сөздерге жалғанып үстеу жасайды. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.

-ын, -ін, -сын, -сін қосымшалары тек біраз сөздерге ғана қосылып үстеу тудырады. Мысалы: қысын, жазын, жасырын, астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін т. б.

Көнеленген формалар арқылы туған жалаң үстеулер

Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленген "қосымшалар" төркіндері септік жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас келеді. Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай үстеулер кейбір септік жалғауларының көнеленуінің нәтижесінде көбінесе есімдерден туады.

Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, ас(т)қа, үс(т)ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге, қазірге, күнге т. б.

Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде, жөппелдем(е)де т. б.

Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, тезінен, қырынан, келтесінен, басынан, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден т. б.

Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөнімен, түйдегімен т. б.

Күрделі туынды үстеулер

Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.

Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудің нәтижесінде үстеулерге айналады. Ондай үстеулер мыналар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, қыстыгүні, әрқашан, әрдайым, екіншәрі, ендігәрі, түнеугүні, бірталай, ешқашан, әлдеқайда, бірқатар, неғұрлым, әжептәуір, бірқыдыру, әлдекімше, сөйтіп т. б.

Сөздердің қосарлану арқылы туған үстеулер мынадай: әрең-әрең, енді-енді, зорға-зорға; қолма-қол, сөзбе-сөз, көзбе-көз; бет-бетімен, тоб-тобымен, лег-легімен; үсті-үстіне, алды-артына, қолды-қолына; бостан-босқа; тектен-текке, турадан-тура; күнде-күнде, жылда-жылда; сөйлей-сөйлей, көре-көре, айтып-айтып; жата-жастана; кие-жара, күліп-ойнап, аунап-қунап; бір-бірлеп, он-ондап, мың-мыңдап; бірте-бірте, біртіндеп-біртіндеп; оқтын-оқтын, оқта-текте, анда-санда; жапа-тармағай, тырым-тырағай т. б.

Жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде қолданылатын грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тіркестер - оларды екі салаға бөлуге болады.

Грамматикаланған жай тіркестер: күні кеше, күні бүгін, күні ілгері, ала жаздай, күндерде бір күн, ертеден қара кешке, ала сала, келе сала, айта келе, оқи келе, жаза келе, алдын ала, соңын ала, сабаққа бола, кітапқа бола т. б.

Идиомаланған тұрақты тіркестер: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, түн баласында, қаннен қаперсіз, елден ала бөтен, томаға тұйық, құлан таза т. б.[1][2]

Үстеулердің мағыналары

Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.

Мезгіл үстеулер

Мекен үстеулер

Мөлшер үстеулері

Сын (я бейне) үстеулері

Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

Мақсат үстеулері

Себеп-салдар үстеулері

Топтау (я бөлу) үстеулері

Мезгіл үстеулер

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Мекен үстеулер

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

Сын (я бейне) үстеулері

Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.

Мөлшер үстеулері

Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

Мақсат үстеулері

Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

Себеп-салдар үстеулері

Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.


29. Шылау. Шылау бойынша бастауыш сыныпта берілетін білім мазмұны.


Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :

1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.

2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.

3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.

4) Шылаулар түрленбейді.

Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.

Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер

Жалғаулықтар

Сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті,т.б. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай Құнанбаев) дегендегі пенен, менен, пен жалғаулықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей қатысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады.Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, бенен, пенен), да (де, та, те)және әрі.
2. Қарсылықты қатынасты біліретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.


4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, т.б.

Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.

Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан, жалғаулықтар:

салаластырғыш жалғаулықтар және

сабақтастырғыш жалғаулықтар деген екі топқа бөлінеді.

Септеуліктер

Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.

Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады.

Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім? (Ә. Әбішев); Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин) деген сөйлемдердегі дейін, қарай септеуліктерін алып тастап, Алматыға, үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлемдердегі ой едәуір өзгеріп кеткен болар еді.

Атау септікті меңгеретін септеуліктер

Үшін

Сайын

Сияқты

Туралы

Арқылы

Бойы, бойымен

Шамалы, шақты, қаралы

Ғұрлы (ғұрлым)

Барыс септікті меңгеретін септеуліктер

Шейін (дейін)

Қарай, таман

Салым, тарта, жуық, таяу

Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер

Гөрі

Бері

Кейін

Соң

Бұрын

Бетер

Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер

қатар, бірге, қоса

Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз.

Лексика-грамматикалық мағыналары жағынан демеулік шылаулар

сұраулық

шектік

нақтылық

күшейткіш

болжалдық

болымсыздық

қомсыну

демеуліктері болып бөлінеді.


30.Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:

• 1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп

• 2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең.

Олар көмекші етістікпен (ет-)тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Жеке тұрып сөйлемде көбінесе пысықтауыш, анықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Мырс етіп күлді. Бүлк-бүлк желіс. Ол күрт бұрылды. Интонацияның елеулі мәні бар. Мысалы: Рақмет үндемей отырып қалды (С. Ерубаев). Жаз. Шаңқай түс мезгілі (М. Әуезов



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Р дыбысы мен әрпі

Автор: Карлова Лаура Отепбайқызы

Дата: 07.11.2018

Номер свидетельства: 484121

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(32) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "271995"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883898"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(34) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi-1"
    ["file_id"] => string(6) "271996"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883906"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "О о дыбысы мен әрпі"
    ["seo_title"] => string(19) "o_o_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "390809"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486889542"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?? дыбысы мен ?рпі."
    ["seo_title"] => string(15) "oodybysymienrpi"
    ["file_id"] => string(6) "260776"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449001364"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""?? дыбысы мен ?рпі""
    ["seo_title"] => string(18) "uu-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "307134"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458275934"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства