kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пайдалы қазбалардың түрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мағынаны тану  ( Мұғалімнің түсіндірмесі )

Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді
(жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба)
Жанғыш - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ.
Кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырыш
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пайдалы қазбалардың түрлері»

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

МұғалімБайгалиева.З.С

Сабақтың атауы

Пайдалы қазбалардың түрлері.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу, Алматыдағы геологиялық мұражайлар туралы мағлұмат беру;
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс тәртібі жазылған нұсқау, сабақтың ұраны, түрлі фигуралар (ұпай жинауға қажетті), «Ұяшық таңдау»ойыны (цифрлар), сызба – нүсқалар, түрлі суреттер және көмір, саз, құм, ас тұзы, мыс, алюминий, темір, әктас, Қ. И. Сәтбаевтың суреті, шартты белгілер, өлең шумағы «Бақытты ұлы Отан», Қазақстанның физикалық картасы

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Ұяшық таңдау» ойыны арқылы ұпайларды жинай отырып, өз білімімізді көрсетеміз және бүгінгі танысатын тақырыбымызды білетін боламыз.
10 20 30 40 50 ( Қазба )
10 20 30 40 50 60 70 (түрлері)
10 - Тау жыныстары дегеніміз не?
10 - Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?
20 - Тау жыныстары қалай пайда болды?
20 - Бос тау жыныстарына нелер жатады? Құмның түсі қандай?
30 - Табиғатта тау жыныстары неше күйде кездеседі?
30 - Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
40 - Гранит сөзі қазақшаға аударғанда қалай аталады? Гранит Қазақстанның қай жерлерінде көбірек кездеседі?
40 - Құмтас қалай пайда болады? Құм түйіршіктері бірігіп қатуы үшін нелердің ертіндісін араластыруы керек?
50 - Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеуі үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер?
50 - Үй жиҺаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады?
60 - Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланылғанын көрдіңдер?
70 - Ең алғаш көмірдің табылуына өз үлесін қосқан, оны жылыну үшін жағып көрген кім еді? ( Жалпы бағалау) (10 мин)
«Қазба түрлері» деген сөз шықты.
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық
Мақсатымыз: Пайдалы қазбалардың түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, олар туралы білім түсініктерімізді кеңейтеміз
«Ой қозғау» ( топтық жұмыс)
- Көмір қандай зат? Оның қасиеті (жанады)
- Темір нелерден жасалады, қалай аталады? (металлдан)
- Ас тұзы не үшін қажет? Жерді тыңайту үшін қандай қазбаның түрін қолданамыз?

(Бармақпен бағалау) (6 мин)
Оқушылардың ойларын тыңдай отырып, осы әрбір айтылған қазбаның түрлі топтарға бөлінетіндігін айту.

Мағынаны тану ( Мұғалімнің түсіндірмесі )

Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді
(жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба)
Жанғыш - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ.
Кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырыш
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру)

( 5 мин)

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы,Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - геолог ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Жанғыш пайдалы қазбалар ( әр пайдалы қазбаны көрсетіп отыру)
Тас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды.
Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.

Кенді пайдалы қазбалар
Бұларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий сияқты металдар алынады. кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.


Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.

Сергіту сәті қимылды,әуенді «Аяқпенен топ-топ» (1 мин)

Пайдалы қазбалардың шартты белгісімен таныстыру (5 мин)
Тас көмір -
Мұнай -
Газ -
Темір -
Алтын -
Мыс -
Тұз -
Әктас -
Саз -
Алюминий -
Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды оқушылардың тақтада көрсетіп анықтауы (топ бойынша).
Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз
Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде үш топтан 3 оқушы көрсетеді
Газ - Ақтау, Орал облыстарында

Алюминий – Арқалықта
Мыс кені – Жезқазғанда
Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде
Темір кені - Қостанай өңірінде
Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде

Дәптермен жұмыс ( 3 мин)

  1. Бақылау күнделігін толтыру. 47 бет

  2. Кескін картаға көмір,мұнай,газ, темір рудаларын түсіру.

Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен
« Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар 493 кен орыны белгілі.
Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен»
Оқулықпен жұмыс ( 2 мин)
1. Іштей оқыту
2. Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелету
3. Сурет бойынша жұмыс
Оқулықтағы суреттер арқылы жұмыс жүргізу(суретті толықтыру арқылы қандай қазбадан жасалғанын айтқызу)

Ой толғаныс

Пайдалы қазбалардың түрлерін жаздырту
Шығармашылық тапсырма
Пайдалы қазбалардың қажеттілігі туралы өз ойларынан өлең шығару
Көзге сергіту (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер қойнауынан табуға болады екен.
Сабақты бекіту ( 7 мин)

Мәтіндегі оқығаны бойынша әр топ постерге салады. Топпен тақта алдында қорғайды
Үйге тапсырма (2 мин)
Мәтінді оқу, мазмұндау. іздену. Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу. Шартты белгілерін жатқа жаза білуге дайындық жасау.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс (

Стикерлерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

( 3мин)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Пайдалы қазбалардың түрлері

Автор: Байгалиева Зауре Сабешевна

Дата: 26.11.2016

Номер свидетельства: 362824

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашық сабақ "Пайдалы қазбалардың түрлері""
    ["seo_title"] => string(41) "ashyk_sabak_paidaly_k_azbalardyn_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "460985"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520401337"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Пайдалы ?азбаларды? т?рлері "
    ["seo_title"] => string(29) "paidaly-k-azbalardyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "208494"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1430827107"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Д?ниетану. Пайдалы ?азбаларды? т?рлері. "
    ["seo_title"] => string(40) "duniietanu-paidaly-k-azbalardyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "180367"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425158296"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Д?ниетану п?нінен Пайдалы ?азбаларды? т?рлері"
    ["seo_title"] => string(43) "duniietanupninienpaidalykazbalardynturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "262688"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449402650"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "3 сыныпта дүниетану пәнінен "Пайдалы қазбалардың түрлері" тақырыбына сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "3_synypta_duniietanu_p_ninien_paidaly_k_azbalardyn_turlieri_tak_yrybyna_sabak_zh"
    ["file_id"] => string(6) "416182"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495006111"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства