Просмотр содержимого документа
«Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы»
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы Сабақтың мақсаты:1.Білімділігі:Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу. 2. Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту. 3.Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндіру,оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сұрақ –жауап, ойын, кесте толтыру. Сабақтың көрнекілігі: слайд пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер, Пәнаралық байланыс: Ана тілі Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Оқушыларға гүлдердің түстерін таңдата отырып түс бойынша топқа бөлу. I топ –сары түс II топ - қызыл түс III – қызғылт түс ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Пайдалы қазбалардың түрлері Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді? І топ: Жанғыш пайдалы қазба туралы айту ІІ топ: Кенді пайдалы қазба ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазба Балалар осының бәрі нені құрайды?Пайдалы қазбаны құрайды.Ал,пайдалы қазба дегеніміз не? III.Жаңа сабақ І топ: Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеу үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер? (тас көмір, мұнай, газ) ІІ топ: Үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады? (мыс, темір, қорғасын, алюминий) ІІІ топ: Тұзсыз тамақ ішуге бола ма? Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрлыс материалдарын пайдаланғанын көрдің? (құм,саз, тас, әк) Электрондық оқулық арқылы оқушыларға сабақ түсіндіріледі.Мұғалімнің ауызша түсіндіруі :Әрбір адам күнделікті тұрмыста пайдалы қазбалардың сан алуан түрлерін кездестіреді.Ал енді осы пайдалы қазбаларды жер астынан ала салып пайдалана ма? Оларды зерттейді,өңдейді.Пайдалы қазбаларды геологтар зерттейді. Қазақтың тұңғыш геологы Қаныш Сәтбаев .Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелеу - Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын. Пайдалы қазбалар суреті бойынша әңгімелеу. - Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі. Қазақстанда ас тұзы қай жерлерде өндіріледі? Ақтөбе облысы - Шалқарда, Атырау облысы - Доссорда, Индерде, Қызылорда облысы - Аралда, Павлодар облысы т. б.Слайд бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу. - Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар. Тас көмір - Мұнай- Газ- Темір - Алтын - Мыс - Тұз - Әктас - Саз - Алюминий - А IV.Дәптермен жұмыс: Пайдалы қазбалардың атын жазу, шартты белгілердің суретін салу Оқулықпен жұмыс:Мәтінді оқыту (3 минут) Қимылды сергіту сәті Көзге сергіту сәті: (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер қойнауынан табуға болады екен. V.Топпен жұмыс 5 жол өлең құру. 1-топ: темір 2-топ: мұнай 3-топ: саз Семантикалық карта
Таскөмір құм мұнай саз темір әктас Су өткізбейді Жанғыш Сұйық Иісі бар Морт сынғыш Сусыма Су өткізгіш Қатты Қара түсті Газ тәріздес
ІV. Сабақты қорытындылау:Электрондық оқулықпен жұмыс. 1.Сұрақтар қою арқылы пайдалы қазбалардың белгілерін таба отырып,Қазақстанның пайдалы қазбалар картасын шығару. 2.Тестпен жұмыс. V. Үйге тапсырма: 72-73 бет оқып,түсінік айту. «Адам пайдалы қазбаларды қолданбай өмір сүруі мүмкін бе?» эссе жазу. VІ. Оқушыларды бағалау.