Күні:
Сынып: 1
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2.2.1. Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.
1.1.8.1. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.
1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.
1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар білуге тиісті:
Мәтіндегі негізгі идеяны түсініп, автордың не туралы айтқысы келгенін түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Тыңдау арқылы мәтінді баяндап, дәлелдеулер жасайды. Шағын мәтін құрастыра алады.
Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Көркемсөз тіркестерін орынды қолданып, ойын жүйелі жеткізе алады. Қызықты және сипаттамалық сөз орамдарын орынды қолданып жазады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Доп-мяч, кітап-книга, дәптер-тетрадь, піл-слон, қап-мешок, парта-парта, жапырақ-листья
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Дұрыс, дұрыс емес ойыны.
-Дыбысты көреміз,жазамыз.
-Әріпті естиміз, айтамыз
-Дыбыс екі түрге бөлінеді.
- Дыбыстан буын құраймыз.
- Буыннан сөйлем құраймыз.
- Адамға қатысты айтылған сөздерге кім сұрағы қойылады.
- П дауысты дыбыс.
Шаттық шеберіОқушылар екі топқа бөлінеді. Ортаға бос екі орындық қойылады. Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық дұрыс емес дегенді білдіреді.
Сабақтың ортасы
Парызың – ақыл қосу кішіге, Парызың – сәлем беру кісіге.
Парызың – халін сұрау ауырса, Парызың – көмектесу ісіне.
Өлең жолдары қандай дыбыстан басталып тұр.
-П дыбысы қандай дыбыс?
- П дыбысынан басталатын сөздер айтып көрейікші.
- П дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді түсініп оқы. Жаралы кептер
2. Сурет арқылы мәтінді баяндап көр.
«Әлемді шарлау»
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығыпаламыз.
Сергіту сәтіне арналған жинақ
3. Ойлан,тап.
Кітап,қолғап,дәптер,піл,доп,қап,парта,жапырақ.
Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.
Мәтін құрау.
4. Артық сөзді табыңдар.
- Бұл сөз неліктен артық? Дәлелдеңдер.
Дәптермен жұмыс.
Берілген сөздерді жазу, көркем жазу білігін бағалау.
Сөздерге дыбыстық талдау жасау, берілген сызбаларды тиісті түстермен бояу.
Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
«Сұрақтар жаңбыры»
Топтық жұмыс
Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады.Алған сұрақтарына жауап жазып кері лақтырады.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
Смайликтер