kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Озық, ойлы оқушылар» (интеллектуалдық ойын)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Озық ойлы оқушылар интеллектуалдық ойын оқушыларға қазақ тілі сабағынан қайталауға арналған тапсырмалаар беріледі. Сонымен қатар қызықты тапсырмалар кездеседі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Озық, ойлы оқушылар» (интеллектуалдық ойын)»

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледж




«Озық, ойлы оқушылар»

(интеллектуалдық ойын)








Ұйымдастырғандар:Өтербергенова.Б.Ө

Мақсотова.А.О

Кеңесов.Н.Е

Тексерген:Мутенова.Р.Х












2018-2019 жыл

Озық ойлы оқушылар.


Мақсаттары: 1. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

2. Оқушыларды жан – жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, оқу – білімге қызығушылығын арттыру.

3. Оқушыларды өз елінің сауатты , салауатты азаматы етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тірек – сызбалар, сұрақтар жинағы,интербелсенді тақта,шарлар,нақыл сөздер.

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

1-жүргізуші:Армысыздар,құрметті оқушылар және Роза Хайрошқызы .Бүгінгі біздің «Озық ойлы оқушылыр» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:Бүгінгі біздің сайсымыз 6- кезеңнен тұрады.Сіздерді сол кезеңдермен таныстырып өтелік.

1-жүргізуші:1 – кезең: «Бәйге» сайысы.

2-жүргізуші:2 – кезең : «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы.

1-жүргізуші:3 – кезең : «Дода» сайысы

2-жүргізуші:4 – кезең : «Тапқырлық» сайысы

1-жүргізуші:5 - кезең : «Жорға» сайысы.

2-жүргізуші:6- кезең: Марапаттау

1-жүргізуші:Сайыстың кезеңдерімен танысып өттік. Енді біздің сайысымызды бағалап отыратын әділқазы алқасымен танысып өтейік.

4б -сыныбының сынып жетекшісі Мутенова Роза Хайрошқызы

4б -сыныбының практиканты Кеңесов Нұржан Ерболұлы

2-жүргізуші: Әділқазы алқасымен таңыстық, енді оқушыларымызды топтарға бөліп алсақ.

1-топ «Алғырлар» тобы

2-топ «Білімділер» тобы

3- топ «Жүйріктер» тобы

4- топ «Тапқырлар» тобы

Топтарға бөліндік, енді сайысымызды бастасақ та болады.Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі.Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар.Ендеше ойыншыларымызға сәттілік тілеп,сайысымызды бастайық.

1– кезең: «Бәйге» сайысы.

1.Республикамыздың басты қаласы? (Астана).

2.Астана нешінші жылы Астана деп аталды?(1998ж).

3.Кітапты неден жасайды? (Ағаштан).

4.Білім күні қай күн? (1 қыркүйек).

5.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? (Абай).

6.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім? (Н. Ә . Назарбаев).

7.Апрель айының қазақша атауы? (сәуір).

8.Республика күні қашан? (25 қазан).

9.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров).

10.Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр).

11.Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра).

12.Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк).

Бірінші сайыс бойынша топтардың ұпай сандарын айтып өтсек.

1-Жүргізуші:

2 – кезең : «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы.

 Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде, ағылшын тілінде аудармасы айтылса , 30 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай беріледі.Ал орысша, қазақша жауап берілсе 20 ұпай беріледі.

1.Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр – шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка-pen).

2.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза – жаза арықтаған. (бор – мел-chalk).

3.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.( Қоңырау – звонок-call)

4.Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса-fox).

5.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.(қар – снег-snow).

6.Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны. (теледидар – телевизор-TV).

7.Өзі кірді ашады

Суға салсам қашады. (сабын – мыло-soap).

8.Қалың киімді ұнатады,

Шешіңдірсең жылатады. (пияз – лук-onion).

9. Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен. (құмырсқа – муравей-ants).

10.Жылт – жылт еткен жылғалардан өткен. (су – вода-water).

11. Қабат – қабат қаптама

Ақылын болса аттама. (кітап - книга-book).

12. Белі бүкір

Алысқа түкір. (мылтық – ружье-sweat).

13. Судан алады

Суға салса өледі. (тұз – соль-salt).

14.Кесе – кесе мұқалды,

Жони – жони жұқарды. (пышақ – нож-knife).

15.Еріксе,

Құйрығымен ойнайды.

Зеріксе,

Ұйқыға бір тоймайды. Мысық-кошка-cat

16.Табанынан тыз етіп,

Жүрсе дағы сыз өтіп.

Күні-түні ерінбей,

Үйді жүрер күзетіп. Ит-сабака-dog


1-жүргізуші:

3 – кезең : «Дода» сайысы

Бұл сайысымызда негізгі 4 пәніне сұрақтар беріледі.

Әуелі пәнді таңдайық.

Әдебиет

1. «Кел, балалар , оқылық» өлеңінің авторы кім?

а) Абай

ә) Шоқан

б) Ыбырай

2.«Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы – кежірлік, ортаншысы – еріншектік , кенжэесі - ұйқы». Осы айтылғандар не?

а) шешендік сөз

ә) мақал

3.Қазақ батырларының аты;

А) Әбілмансұр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек.

ә) Абай, Шоқан, Ыбырай

4.Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ғалымы.

а) Абай ә) Ыбырай б) Шоқан

5. «Ауылдың жаны терең сай, тасыған өзен гүрілдеп» деген өлең жолдар Абай атаның қай өлеңінен алынған?

(Желсіз түнде жарық ай.)


Қазақ тілі

1.Дара етістік неше сөзден тұрады? (бір)

2.Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (кім? Кімдер? Не? Нелер?)

3.Сөйлем түрлерін ата. (Хабарлы ,Сұраулы, Лепті)

4.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша? (жұрнақ)

5.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата? (қатаң, ұяң, үнді.)

6.Етістік дегеніміз не?


Дүниетану

1.Мұнай шығатын жері қай жер? (Маңғыстау)

2.Каспийде қандай өте ірі балық бар? (бекіре)

3.«Ақ алтын »деген не? (мақта)

4.Қазақстан Республикасы нешінші жылы тәуелсіздігін алды? 1991 ж .

5.Адамға шөлдегенде не қажет? (су)

6.Өлі табиғатқа не жатады?


Математика

1.Оқушылар барлығы 9 шелек алма терді де, балабақшаға 4 шелек алма берді. Қанша шелек алма қалды? (5 шелек)

2.Қабырғасы 5 см шаршының периметрін тап (20 см).

3.Манар 9 кітап , ал Жанар сонша кітап сатып алды.Манар мен Жанардың кітаптарын қосқанда қанша кітап болды? (18 )

4.Алты асықты екі – екіден неше балаға беруге болады? (3 балаға).

5.Ауданды табу үшін ....?

6.Периметрді табу үшін ...?

2-жүргізуші:4 – кезең : «Тапқырлық» сайысы.Сіздерге мақалдардың бір жартысын айтатын боламын, ал сіздер екінші жартысын табасыздар.Сайыстың шартын түсінсек ,бастаймыз.

1.Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады).

2.Әдептілік белгісі – (иіліп сәлем бергені).

3.Жақсыдан үйрен , (жаманнан жирен).

4.Ата көрген оқ жонар , (ана көрген тон пішер).

5.Қына тасқа бітеді , (білім басқа бітеді).

6.Көзің ауырса қолыңды тый, ( ішің ауырса ауызыңды тый.)

7.Ер бір өледі, (қорқақ мың өледі)

8.Арпа, бидай ас екен, (алтын, күміс тас екен).

9. Болат қойнауда шынығады, (батыр майданда шынығады).

10.Еңбектің наны тәтті , (жалқаудың жаны тәтті.)

11.Қыстың қамын , (жазда ойла).

12.Талап – (талмас қанат).

13.Жақсы көрші-төрің, (жаман көрші- көрің).

14.Тіл қаруы-сөз, (сөз қаруы- ой).

15.Бітер істің басына, (жақсы келер қасыңа).

16.Жүздің көркі сақал, (сөздің көркі мақал).

1-жүргізуші:

5 - кезең : «Жорға» сайысы.

Сонымен ақырғы айналымға да жетіп қалдық. Менің қолымда екі нұсқалы конверт бар.

Әрбір сұрақтың дұрыс жауабы үшін 10 ұпайдан беріледі.

1-нұсқа

1.Түн ұйқысын төрт бөлген адам? (ана)

2.Жыл басы не? (тышқан)

3.Орман дәрігері? (тоқылдақ)

4.Абайдың анасы? (Ұлжан)

5.Есту мүшесі ? (құлақ)

6.Мектебіміз қалай аталады? (Көктал орта мектебі)

2- нұсқа

1.Үш биді ата? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

2.Абылай ханның шын аты? (Әбілмансұр)

3.Біздің облысымыз қалай аталады? (Қостанай)

4.Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

5.Бүгін аптаның қай күні ? (сенбі)

6.Басты байлық не? (денсаулық)

2-жүргізуші:

Сонымен бүгінгі сайысымызда өз мәресіне жетті.Жеңімпаздарымызды анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Бүгінге біздің атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз топты шын жүектен құтықтаймыз!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«Озық, ойлы оқушылар» (интеллектуалдық ойын)

Автор: Өтепбергенова Бақытжамал Өтепбергенқызы

Дата: 17.01.2019

Номер свидетельства: 495904

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Тапқыр достар атты интеллектуалдық ойын."
    ["seo_title"] => string(42) "tapk_yr_dostar_atty_intielliektualdyk_oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "452246"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516805158"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Интеллектуалды ойын    Ж?зден ж?йрік..."
    ["seo_title"] => string(35) "intielliektualdyoiynzhuzdienzhuirik"
    ["file_id"] => string(6) "270559"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451196178"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Озы? ойлы дарындылар" сыныптан тыс іс-шара "
    ["seo_title"] => string(42) "ozyk-oily-daryndylar-synyptan-tys-is-shara"
    ["file_id"] => string(6) "200839"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428926042"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«ХХІ ?асыр к?шбасшысы» интеллектуалды?  ойыны"
    ["seo_title"] => string(45) "khkhigasyrkoshbasshysyintielliektualdykoiyny3"
    ["file_id"] => string(6) "311702"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459247412"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""Географиялы? КВН" интеллектуалды? ойыны"
    ["seo_title"] => string(40) "gieoghrafiialykkvnintielliektualdykoiyny"
    ["file_id"] => string(6) "323287"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461854906"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства