-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру
№10 сабақ. Жанашыр
ІV.Дәйексөз
«Аялауды табиғаттан үйрен » (Халық даналығы)
V.Жаңа сабақ
Асығыс үкім Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен. Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді. Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді: - Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін! Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді. Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім... Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»
Сұрақтар: - Осы аңыздағы әкенің әрекетін қалай атауға болады? - Баласы неліктен осындай әрекетке барды деп ойлайсыңдар? - Мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін не істеу керек? - Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?
VІ. Топтық жұмыс Жағдаятты талдау. 1.Аружанның кішкентай сіңілісі Алтынай дүниеге келді .
Үйдегілер қуанышты . Туыстары жақсы тілектер айтып, Алтынайға әкелген сыйлықтарын беріп жатыр. Аружан бұған өкпелі. Алтынай өмірге келгенге дейін анасы өзінің алдына алып , құшақтап аялайтын. Барлық сыйлық та , жақсы тілектер де тек өзіне айтылушы еді. Енді өзіне көңіл бөлінбегеніне ренішті.
2.Мұхит сабақтан келе жатып, шөп арасынан қыбырлаған бір нәрсені байқап қалды. Қараса, кіп - кішкентай мысық, үсті - басы су - су. Мұхитқа аянышты көзбен қарап, мияулап тұр. Мұхит мысықты аяп, үйіне алып келді. Оны орап, пештің жанына жатқызды. Жылы үйге кірген мысық маужырап ұйқыға кетті. Сәлден кейін есік қоңырауы сылдырлады. Ашса, көршісі Асылхан екен. Ол мысығын жоғалтып, таппай Мүхитқа келген еді. Пештің түбіндегі ораулы өз мысығын көріп, Мұхитқа күдікті көзбен қарап, мысығын құшақтап шығып кетті.
VІІ.Сөзжұмбақ шешу 1. Ағаш кесетін құрал.(ара) 2. Темекі адам денсаулығына.....(зиян) 3. Ризашылық білдіру дегеніміз не?(алғыс) 4..... - тіршілік иесі. (адам) 5. Өте күшті жел. (дауыл)
VІІІ.Топпен ән айту
Сөзі: Қ.Ыдырысов
Әні: Е.Хасанғалиев
Айым болып тудың ба? Күнім болып тудың ба? Ата жолын қудың ба? Әке жолын қудың ба? Бұл дүниеге келген соң, Сұрауы бар судың да.. Қуанышым, арай жүз Сөйлесерміз талай біз Бар ағайын жиналып, Мәз боп саған қараймыз Сендей бала ешкімде Болмаған деп санаймыз Жалғыз дара өзіңсін Атасының көзісің Әжесінің сөзісін Аппақ мөлдір сезімсін Мен барымды аямайм Ботақаным сен үшін Не деп енді мақтайын Айтуға сөз таппаймын Сөйлеп кетсем көбірек Мен әжеңе жақпаймын Келші келші балашым Бір иіскемей жатпаймын Келші келші балашым Бір иіскемей жатпаймын
ІХ.Бағалау
Медаль белгілерімен бағалау.
Х.Үйге тапсырма
№11 сабақ. Сүйіспеншілік
ХІ. Соңғы тыныштық сәті
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.