Ұ: Тапсырма. Әр топ өз ойларын айтады. «Өз үйіңді құрастыр» «Отан», «үй», «мекен» сөзіне дыбыстық талдау жаса. Қ:Қалыптастырушы бағалау. « Үй шатыры» арқылы бағалау. 2.Т:Тапсырма. «Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі «Кімнің мекені жақсы» ертегі желісін сахнала. Әр топтан ертегі кейіпкерлері шығарып сахналайды. Қ:Қалыптастырушы бағалау. «Театрдағы әрекет» арқылы бағалайды. «Ұнамаса» - орындарында отырып шапалақтайды. «Ұнаса» - тұрып шапалақ соғады. «Өте ұнаса» - қолдарын көтеріп шапалақтайды. 3. Ж:Тапсырма. Жұптық жұмыс. «Менің үйім» тақырыбында диалог құру. Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз. Сұрақ арқылы - Әли сен қайдай үйде тұрасың? - Мен................ үйде тұрамын. - Үйлерің неше бөлмелі? Менің үйім................ . Сөйлесудің нәтижесі бойынша досыңызды сыныпқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағын, ым-ишараны қолданады. «Еркін микрафон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтылады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады. Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын. Дәптермен жұмыс. 1.Суретті сал, боя. 2.Суретті толықтыр. Дескриптор: Білім алушы - жұбына сұрақ қоя отырып, диалогке қатысады; - жинаған ақпараты бойынша досын таныстырады; - тыңдаушының назарын аудару үшін дауыс ырғағын, қимылды, ым-ишараны қолданады. |