Educational/ Білімдік/ Образовательная: Оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру, осы шақтағы етістіктер іс – әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру, сұрақтары мен, жалғауларын таныстыру; сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Developing / Дамытушылық/ Развивающая: Оқушылардың білім, білік дағдысын, сауаттылығын, тіл байлығын, ой - өрісін, берілген тапсырмаларды өз беттерімен түсініп орындау қабілеттерін дамыту.
I.Ұйымдастыру кезеңіОқушы назарын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру: 24 - жаттығу. Ережесұрау. 3. Жаңасабақ: Жаңа сабақты отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерін қатыстырып сөйлем құраудан басталады. Мен партадаотырмын. Мен кітап оқып отырмын. Дана даладажүр. Айжан институтта оқып жүр. Сен тақтаалдында тұрсың. Ол күліп жүр. Осы құраған сөйлемдердегі етістіктерді талдау барысында бұл етістіктер сөйлемдерде іс – әрекеттің қазір яғни сол мезетте болып жатқанын білдіретінін байқату.
Оқулық пен жұмыс: 25 – жаттығуды орындату арқылы осы шақ етістіктері туралы түсінік қалыптастырылады. Мыс: Қайрат қайрақ қайрапотыр. Қайрақпен балта қайрап отыр.(етістіктердіңастынсызып, оларғасұраққой) Оқушыларды түстіқағаздар арқылы топтарға бөлу. (Жасыл, қызыл, көк)
4. Оқулықпен жұмыс: «Ойқозғау» әдісі. 1 - топ. Жасыл түс. (Жұптық жұмыс) 26 - жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазу. Етістіктерд ітауып, оларға сұрақ қой. Дәлелдеу. 2 - топ. Қызыл түс. (Шығармашылық тапсырма).
27 - жаттығу. Берілген сызбағасәйкессөйлемқұрастырыпжазу. _________ _________ ________ ойнап жүр. _________ _________ ________ жинап жатырмын. _________ _________ ________ жаттап отыр. 3 - топ. Көктүс. ( Шығармашылық диктант) Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнынатиісті сөзді қойып жазу. Жерге киіз төселген,... көрпе жайды. Оқып жүрсің...? Осы кездеҚуаныш... Қалекең келе қалды. Ерттеулі аттың қасына... тұр. Аттың тұяқтары тасқа тиіп шақ - шақ... тұр. Керекті сөздер: соң, бе, пен, келіп, етіп. Етістіктердің астын сызып, сұрақ қой. Ұжымдықжұмыс. 28 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау жасау. Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелдеу. 5. Шығармашылық жұмыс 30 - жаттығу. Берілген сурет бойынша әңгіме құрап, етістіктердің астын сызып, сұрақ қой. (Оқытып, тексеру)
6. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не үйреніп, не түйдік?(сұрақ - жауап)
Осы шақ дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді? 7. Бағалау. Жетон бойынша бағалау
Үй жұмысы: «Менің жазғы демалысым» атты шығарма. Ереже жаттау(Осы шақ)