-Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Орман аңдары» деп аталады. Бүгін сендермен орман аңдары жайлы айтамыз. Соларға байланысты ойындар, тапсырмалар орындаймыз.Сабаққа жақсы қатысқандарың үшінжұлдызшалар беріліп отырады. Сабақ соңында кім көп жұлдызша жинағанына сай, сабаққа белсенді қатысқан оқушылар анықталады. Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге сәттілік тілейік.(бір-бірлерінің қолдарын ұстап, балалар сәттілік тілейді).
Сұрақ - жауап 1. Сүтқоректі жануарлар туралы біз не білеміз? I - топ Жабайы аңдар мен малдар төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «Сүтқоректі жануарлар» деп атайды. II - топ Жер бетінде тек сүтқоректілердің ғана денесін түк (жүн) басқан. Қыстың суық айларында кейбіреулерінің жүні қалыңдайды. Сүтқоректілерді «жылықандылар» дейді. Себебі олардың денесі кез – келген ауа райында, термос сияқты, біркелкі температураны сақтап отырады.
Жабайы жануарлар деп неге атаймыз? II - Топ Жануарлардың бір тобы – жабайы аңдар. Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген. I - топ Жабайы жануарлар – Жолбарыс, қасқыр, түлкі, аю, т. б III - топ Жабайы жануарлардың кейбір түрлері қыстың күні қысқы ұйқыға кетеді. Мысалы: аю бар жинаған қорегін табанның майы арқылы сақтайды, сондықтан аю ұйықтап жатып табанын жалайды.
Жыртқыш жануарлар туралы біз не білеміз?
Жыртқыш жануарларды «дала санитары» деп те атайды. Себебі жыртқыш жануарлар жемін қуалаған кезде олардың ішіндегі ең әлсізі, ауруы артта қалып жыртқышқа жем болады. Сол арқылы аңдардың ауруы басқаларға жұғуынан сақтанып қалады.
Ойын (коммуникативтік, үйретуші»3 минут Енді балалар «Төлін тап» ойынын ойнап көрейік. Тақта бетінде үй жануарлары мен олардың төлдері берілген. Олар бір - бірінен адасып қалған, соларды енелерімен қауыштыру керек. I - Топ (Суреттен балалар айтқаннан кейін төлдердің өз енелерінің қасына орналасуын сызба арқылы көрсетеміз: жылқы - құлын, сиыр - бұзау, қой - қозы, ешкі - лақ, тұйе - бота) II - Топ - Өте жақсы балалар, төлдерді енелерімен қауыштырып болдық, енді төрт түлікке байланысты мақал - мәтелдер айтайық
Топқа бөлу:
Ойын:«Адасқан әріптер» ойыны.
Шарты: Әріптерден жануарлардың атын құрап айту.
Ышқнат, ақырсқ, кітлү, онқя, ітин, рсантыа
«Не нені жейді?» .
Балаларға ойынның шарты түсіндіріледі.
Ойын: «Не артық?»
Ойынның шарты түсіндіріледі.
Ал балалар енді біраз серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға қарады
Солға қарады
Үлкен тау деп ойлады. (қимылдар арқылы жасау)
Ойын: «аңдардың дауысын тауып ал» Ойынның шарты түсіндіріледі.
Ойын: Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, ақ аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.
“Қожанасырқоржыны”ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннансыйлықұтыпалады. Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады: Кел,балалар,келіңдер,Тамашаныкөріңдер. Біздеқызықойынбар, Барлығыңденқойыңдар.
Мақсаты: Қима суреттерді құрастыру арқылы аңның сұлбасын құрастыру. Баланың ой - өрісін, танымдық қабілетін дамыту. «Аңдардың қимылы». Сазды әуенмен билейді. Ортаға түлкі костюмімен бала шығады, оған ілесе балалар қимылын салып билейді, осылайша аю, қасқыр, қоян шығады. Балалар аңдардың қимылына салып, көңілдене дөңгелене билейді.
2. «Ненің баласы» ойыны
Мақсаты: балалардың білімдерін жетілдіру
Барысы: Балаларға суретттерді көрсете отырып, сұрақ қою.
Түлкі баласы - жәутік
Қасқыр баласы - бөлтірік
Аю баласы - қонжық
Қоян баласы - көжек
3. «Не артық» ойыны
Мақсаты: Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру. Барысы: Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек.Аю,қасқыр,түлкі,сиыр т.б.
4. Аңдар туралы қандай ертегі білесіңдер
Балалар:«Үш аю», «Жеті лақ пен қасқыр», «Үйшік», «Бауырсақ»
Д/О: «Сен білесің бе?»
Аюдың – баласы қонжық
Қасқырдың баласы – бөлтірік
Түлкінің баласы – мыршай
Қоянның баласы – көжек.
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң аңғада, құсқада,
Қайырлы таң жайдарлы жанғада.
Қайырлы таң алға алсын,
Кешке дейін жалғассын.
Жұмбақ шешуден бастайық
а) Жазда қыдырады,
Қыста тынығады.
(Аю)
ә) Орғыған қорқақ, көзі қыли,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
(Қоян)
б) Бұтастан – бұтаға секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң,
(Тиін)
в) Құйрығы сылаң – сылаң етеді,
Барлығын алдап кетеді.
(Түлкі)
г) Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес бірақ малды оранды.
(Қасқыр)
Әр бала жұмбақтың шешуін тапқан бала сол аңның суретін тақтаға іледі.
Бір сөзбен қалай атаймыз?
Неліктен жабай аңдар дейміз?
«Ақ қоян» Ақ қоян - ау, аққоян, Ұзын құлақ, сақ қоян, Қаша берсең, орманға «Қорқағым» деп ат қоям. «Қу түлкі» Түлкі, түлкі қутыңдайсың, Айналаңнан тың тыңдайсың, Қанша қулығыңды асырсаң да, Қасқырдан сен құтылмайсың. «Қасқыр» Қасқыр орманда жортады, Аяздан ол қорқады, Аспанға қарап ұлиды, Малды ауылды ториды.