kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орманда?ы а?дар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: жабайы а?дар та?ырыбына сай зат есім, сын есімдерді с?йлеу тілінде ?олдануды ?йрету. С?здік ?орды толы?тыру, грамматикалы?  т?л?аларды ?алыптастыру. ?имыл – ?оз?алыс ?йлесімділігін музыкамен, с?з тіркестерімен с?йкестендіре білуді ?йрету.  

                  Арт аппарат м?шелеріні? ?имылдарын, д?рыс тыныс алуды жетілдіру. Зейінін

                  ?алыптастыру, жалпы ж?не ?са? моторика ?имылдарын жетілдіру.

К?рнекі ??ралдар: лирикалы? ?уендер,  суреттер, ?й, шамдар, ?оянны?

                   маскалары,сылдырма?тар

                                        Саба?ты? барысы.

1.?йымдастыру. Балалар музыкамен зал?а келеді.

   - Балалар біз б?гін ?ыс?ы орман?а серуенге барамыз.орманда нелер т?рады?(а?дар)

   - Орманда ?андай а?дар т?рады? (аю,?оян, т?лкі, кірпі, ?ас?ыр)

   - Біз ?азір а?дарды? ?алай ж?ретінін к?рсетеміз?

   - Аю ?орба?дап ж?реді?              (?р а?ны? ?имылына сай музыка ойналады)

   - Т?лкі сума?дап ж?реді?

   - ?оян секіріп ж?реді?

   - Кірпі жыбырлап ж?реді?

   Балалар, сендер ертегіні жа?сы к?ресі?дер ме? Онда мен сендерге аю ж?не оны? ?андай

   ?й т?р?ыз?аны жайлы ертегі айтып беремін. Ол ?шін б?ріміз си?ырлы с?зімізді айтайы?.

2. «Бір, екі, ?ш. Кел ертегі бізге кел».( жай музыка ойналады)

  - Б?л ертегіде кім т?рады? (аю)

  - Аю ?андай? (?лкен, ?о?ыр,майма?)

  Ал ертегімізді бастаймыз Орман. ?ыс. Орман іші ?ара??ы суы?.

3.Тыныс алу жатты?уы. Боран со?ып, жел уілдеп т?р.У – у –у.( музыка ойналады)

  ?ысты ?алай ?ткіземін, не істеймін деп аю к?п ойланады.

  Ойлап – ойлап ?зіне ?й жасап ал?ысы келеді.?й жасау ?шін ??рал – саймандар керек.Аю

  ?зіне керек ??ралдарды жинай бастайды. Біра? аю ?зіне ?андай ??ралдар керек екенін

  білмейді. О?ан к?мектесеміз бе?

4. Артикуляциялы? жатты?улар.«К?рекше», «Ара», «Балта» (суреттер к?рсету)

Аю ??ралдарын алып ?й салу?а кірісті.

        (музыка ойналады)

     Бал?аны алып ?а?амын                          Ж?дыры?ты бір – біріне со?у.

     ?йді салып аламын,               Екі ?ол сауса?тарыны? ?штарын бір –біріне тигізіп, т?бесіне ?стау

     Биік ?йді т?р?ызып,               Тіке ?олды жо?ары к?теру

     ?зім сонда т?рамын.                ?олды шапала?тау.

Аю ?зіне не т?р?ызды?

   - ?й ?андай?

   - ?йді? несі бар?

?й биік, ?лкен. Біра? ?й ?ара??ы екен, шам жа?айы?.

5. Тыныс алу жатты?уы «Шамды жа?амыз»

6.Аю ?зі ?йінде т?рып жатты.?йі жып –жылы, енді ол орманда?ы достарын ойлады.

   Орман  суы?  достары то?ып далада ж?р. Аю достарын ?йіне ша?ырады.(?йді?

    терезесін ашады)

   Алдымен ?йіне ?оянды ша?ырады.

   ?оян т?рды ?й?ыдан

   Бойын жазды, керілді.

   Бетін жуды, м?рнын жуды.

   О? ??ла?ын жуды, сол ??ла?ын жуды

   ?демі к?йлегін киді,

   Б?те?кесін киді.

- Аюды? ?йінде ?ай а? т?рады?

- ?оян ?андай?

Сосын аю ?йіне т?лкіні ша?ырды.Т?лкі к??ілсіз келе жатты, кенет ол ?ояндарды? иісін

 Сезіп ?уанып, ?ояндарды іздей бастайды. Б?л кезде ?ояндар  ?й алдында билеп ж?рді.

 7. ?имылды ?н «С?р к?жек»

- Т?лкі ?андай?

- ??йры?ы ?андай?

- Т?лкі ?айтіп ж?реді?

- С?лематсы? ба т?лкі, сен неге к??ілсізсі??

- С?лематсы?дар ма, мен орманда то?ып ?алдым, ?рі ойнайтын достарым жо?.

- Т?лкі сен енді ренжіме, одан да ?ояндармен бірге ойын ойна.

  8. Ойын «?айтала»( фонематикалы? есту ?абілетін дамыту?а.)

  Мен сылдырма?пен ?андай дыбыс шы?арсам, сендер соны ?айталайсы?дар.

 Т?лкі: Мына ?ояндар ?те жа?сы ойнайды екен, мен ?ас?ырды ша?ырып,

              келейін,сосын б?ріміз бірге т?рамыз.

   Енді аю ?она??а  кірпі досын ша?ырды.

9.Сауса? жатты?уы «Кірпі»

   ?стінде к?п инесі,

    Басында бар т?ймесі,

    Жатса доптай домала?,

    Ж?ре берер домалап.

Аюды? ?йінде  ?андай а?дар т?рады? (?оян, т?лкі, кірпі,аю).А?дар к??ілді олар ?н

   салып, би билейді.

               Орманда біз т?рамыз

               Би –билеп, ?н саламыз.

               Жылы ?йде б?ріміз

              Тату – т?тті т?рамыз               

Балалар осымен ертегіміз ая?талды. Ертегіде ?айда барды?. Орманда нелер т?рады?

Б?гін б?рі?де саба??а жа?сы ?атысты?дар. Жарайсы?дар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орманда?ы а?дар»

Мақсаты: жабайы аңдар тақырыбына сай зат есім, сын есімдерді сөйлеу тілінде

қолдануды үйрету. Сөздік қорды толықтыру, грамматикалық тұлғаларды

қалыптастыру. Қимыл – қозғалыс үйлесімділігін музыкамен, сөз тіркестерімен

сәйкестендіре білуді үйрету.

Арт аппарат мүшелерінің қимылдарын, дұрыс тыныс алуды жетілдіру. Зейінін

қалыптастыру, жалпы және ұсақ моторика қимылдарын жетілдіру.

Көрнекі құралдар: лирикалық әуендер, суреттер, үй, шамдар, қоянның

маскалары,сылдырмақтар


Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру. Балалар музыкамен залға келеді.

- Балалар біз бүгін қысқы орманға серуенге барамыз.орманда нелер тұрады?(аңдар)

- Орманда қандай аңдар тұрады? (аю,қоян, түлкі, кірпі, қасқыр)

- Біз қазір аңдардың қалай жүретінін көрсетеміз?

- Аю қорбаңдап жүреді? (Әр аңның қимылына сай музыка ойналады)

- Түлкі сумаңдап жүреді?

- Қоян секіріп жүреді?

- Кірпі жыбырлап жүреді?

Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Онда мен сендерге аю және оның қандай

үй тұрғызғаны жайлы ертегі айтып беремін. Ол үшін бәріміз сиқырлы сөзімізді айтайық.

2. «Бір, екі, үш. Кел ертегі бізге кел».( жай музыка ойналады)

- Бұл ертегіде кім тұрады? (аю)

- Аю қандай? (үлкен, қоңыр,маймақ)

Ал ертегімізді бастаймыз Орман. Қыс. Орман іші қараңғы суық.

3.Тыныс алу жаттығуы. Боран соғып, жел уілдеп тұр.У – у –у.( музыка ойналады)

Қысты қалай өткіземін, не істеймін деп аю көп ойланады.

Ойлап – ойлап өзіне үй жасап алғысы келеді.Үй жасау үшін құрал – саймандар керек.Аю

өзіне керек құралдарды жинай бастайды. Бірақ аю өзіне қандай құралдар керек екенін

білмейді. Оған көмектесеміз бе?

4. Артикуляциялық жаттығулар.«Күрекше», «Ара», «Балта» (суреттер көрсету)

Аю құралдарын алып үй салуға кірісті.

(музыка ойналады)

Балғаны алып қағамын Жұдырықты бір – біріне соғу.

Үйді салып аламын, Екі қол саусақтарының ұштарын бір –біріне тигізіп, төбесіне ұстау

Биік үйді тұрғызып, Тіке қолды жоғары көтеру

Өзім сонда тұрамын. Қолды шапалақтау.

Аю өзіне не тұрғызды?

- Үй қандай?

- Үйдің несі бар?

Үй биік, үлкен. Бірақ үй қараңғы екен, шам жағайық.

5. Тыныс алу жаттығуы «Шамды жағамыз»

6.Аю өзі үйінде тұрып жатты.Үйі жып –жылы, енді ол ормандағы достарын ойлады.

Орман суық достары тоңып далада жүр. Аю достарын үйіне шақырады.(Үйдің

терезесін ашады)

Алдымен үйіне қоянды шақырады.

Қоян тұрды ұйқыдан

Бойын жазды, керілді.

Бетін жуды, мұрнын жуды.

Оң құлағын жуды, сол құлағын жуды

Әдемі көйлегін киді,

Бәтеңкесін киді.

- Аюдың үйінде қай аң тұрады?

- Қоян қандай?

Сосын аю үйіне түлкіні шақырды.Түлкі көңілсіз келе жатты, кенет ол қояндардың иісін

Сезіп қуанып, қояндарды іздей бастайды. Бұл кезде қояндар үй алдында билеп жүрді.

7. Қимылды ән «Сұр көжек»

- Түлкі қандай?

- Құйрығы қандай?

- Түлкі қайтіп жүреді?

- Сәлематсың ба түлкі, сен неге көңілсізсің?

- Сәлематсыңдар ма, мен орманда тоңып қалдым, әрі ойнайтын достарым жоқ.

- Түлкі сен енді ренжіме, одан да қояндармен бірге ойын ойна.

8. Ойын «Қайтала»( фонематикалық есту қабілетін дамытуға.)

Мен сылдырмақпен қандай дыбыс шығарсам, сендер соны қайталайсыңдар.

Түлкі: Мына қояндар өте жақсы ойнайды екен, мен қасқырды шақырып,

келейін,сосын бәріміз бірге тұрамыз.

Енді аю қонаққа кірпі досын шақырды.

9.Саусақ жаттығуы «Кірпі»

Үстінде көп инесі,

Басында бар түймесі,

Жатса доптай домалақ,

Жүре берер домалап.

Аюдың үйінде қандай аңдар тұрады? (қоян, түлкі, кірпі,аю).Аңдар көңілді олар ән

салып, би билейді.

Орманда біз тұрамыз

Би –билеп, ән саламыз.

Жылы үйде бәріміз

Тату – тәтті тұрамыз

Балалар осымен ертегіміз аяқталды. Ертегіде қайда бардық . Орманда нелер тұрады?

Бүгін бәріңде сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Орманда?ы а?дар

Автор: Кенджебаева Тансулу Адилбековна

Дата: 08.04.2016

Номер свидетельства: 316624


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства