kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!" атты Наурыз мерекесінде өткізілген тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!" атты Наурыз мерекесінде өткізілген тәрбие сағаты»

Тақырыбы: Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайд, видеороликтер, караоке

Барысы: Кіріспе.

Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1 -оқушы: Наурыз – көктем мерекесі.

Наурыз – жыл басы.

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.

2 -оқушы: Наурыз – қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.

Наурыз – шаруаның мерекесі.

Наурыз – еңбек мерекесі.

4-оқушы:Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

5-оқушы: Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Караоке ән: «Наурыз тойы»

Адия: Қыс өтіп қар кетті,

Жырлайық жаз жетті.

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

Еркеназ Қ: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

Арайлым: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Ильяс: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,

Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.

Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,

Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

Рассул: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Нұрдаулет Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

Малика: Наурызым ғажап туысың,

Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін,

Жүрегі елдің жылысын.

Мәди: Наурызым - тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін!

Ән: «Наурыз-жыл басы» Орындайтын Құлдықбаева Еркеназ

Әлихан: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Әлішер: Наурыз – достық, Наурыз – күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі.

Нұркен: Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Қызық думан - мереке,

Қызық думан құрамыз.

Мұғалім:Балалар мақал айтып, білімімізді шыңдайық. «Жалғасын тап»

1) Әдепті бала – арлы бала,

.............................................

Өлеңді жалғастыр

................. тоңбаймын,

.................. қорғаймын.

Ойынға бір. ..................

Секеңдеуді . ....................

2) Таулы жер бұлақсыз болмас,

...................................................

Өлеңді жалғастыр.

..................... сайрайды,

..................... жайнайды.

...................... құлпырып,

....................... сыйлайды.

3) Бір тал кессең -. .........................

Өлеңді жалғастыр.

................. атпаймыз,

................. сатпаймыз.

.................. қорғаймыз,

................. ақтаймыз.

Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы айтайық:

1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Видеоролик көрсетіледі
Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Оқушылар ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.

Мұғалім: Құтты болсын әр күнің, Сыйла, бақыт баршаға. Сәбидің әсем шат үнін Тыңдат абзал анаға. Наурыз – достық, Наурыз – күн. Барша халық бірлігі. Тағы келді ұлыс күн.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!" атты Наурыз мерекесінде өткізілген тәрбие сағаты

Автор: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

Дата: 29.03.2018

Номер свидетельства: 464227

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Т?рбие са?аты "«Н?р себеле,  ?лысты? ?лы к?ні!»" "
    ["seo_title"] => string(51) "t-rbiie-sag-aty-nu-r-siebielie-u-lystyn-u-ly-kuni-1"
    ["file_id"] => string(6) "195656"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427952673"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы күні"
    ["seo_title"] => string(33) "nu_r_siebielie_u_lystyn_u_ly_kuni"
    ["file_id"] => string(6) "349250"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476467680"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы күні!"
    ["seo_title"] => string(35) "nu_r_siebielie_u_lystyn_u_ly_kuni_1"
    ["file_id"] => string(6) "349254"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476468045"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства