Сыныбы: 2 Г І ауысым 333 кабинет | Күні: 11.03.2015ж 3-сабақ Уақыты: 09.50 – 10.35 Пәні: Әдебиеттік оқу Музыка Түрі: КІРІКТІРІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ | Мұғалімдер: Оразбекова Гулзира Алиакбаровна Мустафина Айкен Каримовна (ІІІ деңгей) |
Сабақтың тақырыбы | 22 Наурыз Авторы: Оразақын Асқар Халық музыкасы |
Мақсаты | Наурыз мерекесіндегі ерекшеліктерді топтық,жұптық тапсырмалар орындай отырып анықтау, Наурыз өлеңінің негізгі идеясын түсіну. |
Міндеттері | - оқушыларға өз ойын айтуға мүмкіндік беру; алған білімдерін өмірмен байланыстыру арқылы оқушыларға негізгі ойды ұғынуға көмектесу; - топпен жұмыс түрлерінің іздену ортасын құру. |
Күтілетін нәтижелер | Алдын ала болжайды. Тапсырмалар орындайды,топта,жұпта талқылайды. Сыни ойлауға дағдыланады.Шығармашылық қабілеті дамиды.Өздері білетін наурыз нақыштары,бата түрлері, Қыдыр ата жайында мысал келтіреді.Бүгінгі сабақтан өздеріне қорытынды жасай алады. |
Қолданылатын әдістер: | Топтау, «Ойашар», « 1айналым сөйлесу» стратегиясы, «Стоп кадр» ойыны, «Уақыт машинасы» , «Бөлшектеу» стратегиясының бағыттары: «Бірлесіп оқу», «Нұсқаумен оқу» |
Бағалау түрі | Смайликтер арқылы топтық бағалау |
Рефлексия | Көңілді ноталар |
Сабақтың түрі: | Кіріктірілген жаңа сабақ |
Керекті жабдықтар | Оқулық,дәптер,презентация, телефон,ноутбук, фотосуреттер, суреттер,түрлі түсті қарындаштар, «Топты бағалау» парақшасы,т.б |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Күтілетін нәтижелер |
Психологиялық дайындық 0,5 минут | Оқушыларға сәттілік тілеу Құрт – майымыз көп болсын, Қарнымыз тоқ болсын | Тілекті қабылдай алу | Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі. |
Топқа бөлу 0,5 минут | Әуен қойылып, оқушылар өзіне ұнайтын түстер бойынша топқа бөлінеді. Топтық бағалауды түсіндіру. . | Мереке Қуаныш Құттықтау Сыйлық топтарында кездесіп ,сәттілік тілеу | Ұйымшылдық, ынтымақтастық атмосферасы құрылады. |
Кіріспе (жаңа сабақ) 2 минут | Балалар берілген белгілер мен суреттер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап көрейік (жеке оқушымен жұмыс) Мұғалім көмектеседі. | -22 саны не білдіреді,қандай мереке 22 күні тойланады ? /жауабы Наурыз мейрамы/ -Жұлдыз бен күн не білдіреді? Жауабы: Күн мен түн теңеледі -Адамның қолы не білдіреді? Жауабы: Адамдар бір-бірімен сәлемдесіп,жақсы тілек айтады. -Бұл күні қандай ұлттық тағам пісіріледі? Жауабы :Наурыз көже -Домбыраның суреті не білдіреді? Жауабы:Адамдар ән айтады,би билейді,күй тартады -Қарт кісінің суреті не білдіреді? Жауабы: Үлкен кісілер ақ батасын береді. -Жақсы,балалар,сонымен бүгін сабақтың тақырыбы қандай? Жауабы : Наурыз | Ойнай отырып,ойлауға үйренеді. |
Тұсаукесер (слайдшоу) (1,5 минут) | Оқушыларды «Уақыт машинасы» саяхатына шығуға дайындау. Интеркативті тақтада ауыл мен қалада тойланатын Наурыз мерекесін тамашалау | Наурыз мерекесінің тойлануы жайында кадрлар көру, оқушылардан не көріп тұрғанын бейнелеп, сілтеулер мен сұрақтар қою арқылы әңгімеге қосылуды сұрау. Оқушылардың әсерлері мен ойлары тыңдалады. | Өмірмен байланыстыру |
Негізгі бөлім Оқулық және дәптермен жұмыс 20минут
| Автор туралы мәлімет ( топтық жұмыс) «Бірлесіп оқуға» таңдалған оқулықтан жаңа тақырып бетін ашқызу (жеке жұмыс)
Топтық жұмыстар
| Оразақын Асқар туралы мәліметті оқушылар интернет желісін қолдана отырып іздеу Берілген өлеңді іштей оқиды. Көсегесі көгеру-өркені өсіп,дегеніне жету Мереке тобы: сурет бойынша мәтін құрастыру Қуаныш тобы: Шашылған сөздерден өлең құрастыру Құттықтау тобы: Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау тілек жазу Сыйлық тобы: плакатқа мерекелік сыйлықтар топтамасының үлгісін жасау (гүл,орамал,ағаш көшеті, т.б.). | Топтық жұмыс орындалады. Дарынды оқушы анықталады Өлең ішінен қажетісіне назар аударады.
Топтық жұмыс орындалады Шығармашылық, дарындылық қабілеті дамиды |
Тренинг 2 минут | «Қалпақ» Сабақта үндемей отыратын оқушыларды ортаға шығару. | «Стоп-кадр» техникасы - оқушылар топ болып немесе жұпта қатып қалған наурызға байланысты көріністі бейнелейді. Бұл жерде ешқандай сөз айтылмайды. | Үлгерімі төмен оқушының өзіне деген сенімділігі пайда болады. |
Көңілді үзіліс 10 минут | Музыка оқулығындағы 70-71 бетпен жұмыс. Халық күйі «Келіншек» ойнау Топтық тапсырмалар: Әнге жаттығу, сольфеджио «Наурыз» әнін үйрену | Оқушылар мұғалім көмегімен би қимылдарын жасайды. Мереке : «Домбыра» пәнінің байланысын көрсету Қуаныш: бата,тілектер тізбегін жасау Құттықтау: Ұлттық ойындарды топтастыру Сыйлық: Музыка сауаты Есеп құрау Интерактивті тақтада сөздерді оқып,хормен әндетеді. | Саусақ моторикасы дамиды Оқушылар өз беттерімен ізденеді. Шығармашылық, дарындылық қабілеті дамиды. Әннің әуенін үйренеді |
Тренинг «Фотогалереяға саяхат » 2 минут | Жаңа жыл мерекесін 2 рет тойлаймыз.Ерекшелігі қандай? (Әуен қойылады) | Оқушылар қабырғадағы суреттерден баска мерекелер арасынан «Наурыз» мерекесін «Жаңа жыл» мерекесінен ажыратып іледі. | Өз бетімен ізденеді. |
Қорытынды 2 минут | « 1айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша телефонмен сөйлесу не құттықтау СМС жіберу | Алыстағы туыстарын,достарынын телефонда номерін теріп , Наурыз мерекесімен құттықтайды. | Өзіне сыни көзқараспен қарап,алған білімін қолдануы |
Үй жұмысы 0,5 минут | «Наурыз» мейрамының біз білмейтін «Өгіз сою», «Тасбақаның дауылы» «Наурызша» «Құс қанаты» салт дәстүрлері жайында біліп келу | Күнделіктеріне жазып алады. Әр топ өз тапсырмасын жазып алады. | Оқушылар өз беттерімен ізденеді. Шығармашылық, дарындылық қабілеті дамиды. |
Кері байланыс парағы 0,5 минут | Сабақтан алған әсерлерін «Көңілді ноталарда» көрсету. | Қарым-қатынастарының өзгеруі,сөздік қорларының артуы, өзгеше пікірлердің айтылуы |
Сабақ бойынша өзгертулер болуы мүмкін. |