Сабақтың мақсаты: ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын кеңейту
Сабақтың міндеттері: оқушыларға мүсін дегеніміз не, оның ерекшелігі туралы айта отырып, ермексаздан мүсін жасау жолын түсіндіру
Тиянақтылық пен ұқыптылыққа баулу
Ермексазбен жұмыс істеу машықтарын кеңейту
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы
Сабақтағы әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, тәжірибелік, көрнекілік, АКТ
Сабақта қолданылған көрнекіліктер: «Аймектеп» білім беру платформасы, тест тапсырмалары, интернет желісі, текшелер, ермексаз, қималар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі, қазақ тілі, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, математика
Сабақтың барысы
1.Алғашқы ұйымдастыру
Оқушы зейінін аудару
Тыныштық сәті
ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
2. Жаңа сабаққа дайындық
-Балалар, орманда сендер не кездестірдіңдер?
-Ол аңдардың қысқы тіршілігі туралы не айта аласыңдар?
-Олар қалай қоректенеді?
-Қоянның негізгі қорегі не?
-Ендеше, бүгінгі сабақта қоянға өз көмегімізді көрсетіп сабақта қалай қатысқанымызға қарай сәбіз жинаймыз?
3. Жаңа сабақты түсіндіру
«Аймектеп» http://imektep.kz/musin бағдарламасы арқылы түсінік беру.
-Балалармен мүсін туралы талдау
-Алған түсініктерін ойын арқылы бекіту
Ойын «дұрыс-бұрыс». http://imektep.kz/iw_1404
Балалар берілген сұрақтарға қызыл-жасыл қағаздарды көрсетеді
1.Мүсіндер түрлі материалдардан: ермексаздан немесе саз балшықтан, ағаштан, мәрмәрдан, тастан, металдан жасалады.қ
2.Мүсінші деген түрлі материалдардан түрлі денелер сомдай алатын адам. қ
3. Мұсін өнеріндегі басты әсерлегіш құрал көлем мен пішін. қ
4.Шағын мүсіндермен қала көшелерін безендіреді.ж
5.Ірі мүсіндермен бөлме ішін безендіреді. ж
Өз-өздерін тексеру
(Мүсін туралы мағлұмат алды. Оны түсіну деңгейлерін ойын арқылы тексерді)
4. Жаңа сабақты бекіту
Бағалау критериін жасау
Бейнематериал: «Қоянды қалай жасаймыз»
Бейнематериалды тамашалай отырып, қоянның мүсінін жасату
Бағалау
5. Қорытындылау
Балалар, бүгінгі сабақта біз не туралы айттық? Кәне, шағын тест жұмыстары арқылы еске түсірейік.