Просмотр содержимого документа
«Мінез – ??лы? ережелері »
Ж.Молдағалиев атындағы № 2 ОЖББМ
Ашық сабақ
Пәні: дүниетану
Тақырыбы: «Мінез – құлық ережелері»
Сыныбы: 4 «б»
Өткізген: Кулбатырова Тогжан Болатовна
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Мінез-құлық ережелері Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін кеңейту. ә) дамытушылық: мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. б) тәрбиелік: әдепті, инабатты, үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын тұлға тәрбиелеу Көрнекілігі: проектор, слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық тренинг. «Достық торы» Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру,топта жағымды ахуалды құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тоқыма жіпті бір саусағына іліп алып,өзі қалаған қатысушыға жылы лебізін білдіріп лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады. Соңында «достық торы» пайда болады. Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алып,үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға тілектеспін. 2. Үй тапсырмасын сұрау. «Қазіргі мектеп» -Мектеп маған не береді? - Болашақта білімімді қалай жалғастырамын? - Менің мектебім 3. Жаңа тақырыпты меңгерту. А. Асылбековтың «Әдептілік-әдемілік» өлеңі оқылып, адамның мінез-құлығы жайлы әңгіме жүргізіледі. Атам менің әрқашан, Кішіпейіл бол деген. Ақыл сөзі санамда, Мақтанбауды жөн көрем. Атам менің әрқашан, Бол дейтұғын бауырмал. Мынау байтақ ғаламда, Қаншама дос бауыр бар. Атам менің әрқашан, Ынтымақшыл бол дейтін. Бірлік болса адамда, Шын бақыт қой ол дейтін. Өлеңде атасы қандай бол деген екен?
Тақтаға жаңа тақырыпты жазу
Ақпанның жиырма төрті
Мінез-құлық ережелері 4. Ойланайық, пікірлесейік. Адамға мінез-құлық ережелері керек пе? Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың? Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма? Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың? 5. Видео ролик көрсету, тыңдату. «Мінез-құлық жайлы» 6. Кел, ойнайық. «Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны.
Шарты: Оқушыларға екі бағанаға бөлінген ақ парақ таратылып беріледі.
І бағанға «Сатамын», ІІ бағанға «Сатып аламын» деген сөздер жазылады.
Нұсқау: Оқушылар өз бойларындағы қандай қасиеттерді сатқылары келеді және қандай қасиеттерді сатып алғылары келетіндіктерін қағазға (стикерге) түсіреді.
Жазып болғаннан кейін стикерлерін жапсырып жатып «сатуға ұсынылған» және «сатып алғысы» келетін қасиеттерімен таныстырады.
Сергіту сәті «Кемпірқосақ»
Музыкада , яғни жаңбыр жауып , күннің күркірегені ойналады.
Оқушылар жаңбырдан қорғанады. Біраз уақыттан соң, жаңбыр тоқтап, оқушылар кемпірқосақты көреді.
Сол кезде олар өздеріне қажетсіз деп тапқан қасиеттерді (қағазға жазып шиыршықтап орайды) үстерінен төмен тастап үлгеруі керек. Және аяқтарымен таптайды, сілкінеді.
7. Оқулықпен жұмыс. Мәтіннің соңғы бөлімін оқыту. Әдептілік ережелерімен таныстыру. Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндір. Жақсы мінез-құлық пен ақылың, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы, жақсы мінез-құлыққа байланысты. Әл-Фараби Мінез-құлық – әркімнің өзінің кейпін көрсететін айна. И. Гете Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады. К.Д.Ушинский Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жағымсыз қылықты ақтап үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты. Б.М.Теплов 8. Ұл бала немесе қыз бала туралы әңгіме құрастыру.
(шығармашылық жұмыс) Топпен жұмыс. Әр топ ер бала немесе қыз бала туралы үш оқиға құрастырып жазады. 1-топ. Қуаныш.Бақыт; 2-топ. Шаттық .Таңданыс; 3-топ. Жабырқау.Аяныш. 9. Сахналау. «Әдептілік пе, әдепсіздік пе?» көрініс қойылады. Серік партада тамақ жеп отырды. Сыныпқа бір үлкен кісі кіріп, мұғалімнің қайда екенін сұрады. Ал Серік тамағын жеп отырып, кітабын ақтарып, әлгі кісіге білмеймін деп жауап берді. – Балалар, бұл әдептілік пе, әдепсіздік пе? – Қалай жауап беру керек еді? – Иә, бұл әдепсіздік. Үлкен кісі жөн сұрап тұрған кезде мұғалімнің қайда кеткенін анықтап, жауап беру керек. Сыныпқа кірген үлкен адаммен бірінші кезекте сәлемдесу керек. Сендер осындай қылықтан аулақ болыңдар. Оқушылардан сұрақтарға жауап аламын. 10. Сабақты қорытындылау. Сыпайы, мұқият , жайдары деген сөздердің мағынасын айтыңдар. – Мінез-құлық ережелерін орындау қажет пе?
Өсек өтірік мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ. Бес дұшпаның білсеңіз. Талап еңбек терең ой, Қанағат ,рақым ойлап қой Бес асыл іс көнсеңіз. А.Құнанбаев
11. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқу. І топ: Өзің орындап жүрген мінез құлық ережелерін жазып келу. ІІ топ: Бүгінгі сабақтан алған әсерім. (эссе жазу) ІІІ топ: Сахналық көрініс бойынша сурет салу. 12. Бағалау