Сабақ тақырыбы: | «Мінез-құлық ережелері» |
Мақсаттар жүйесі: | Білу:Мінез-құлық ережелері туралы түсініктерінің болуы керек. Түсіну: Оқушылырдың мінез-құлық ережелерін құрастыру Қолдану: Әдептілік ережелін өмірде қолдана білуі керек Талдау/анализ: Жағымды және жағымсыз мінез-құлықтардың айырмашылығын ажырата алу керек. Жинақтау: Адам бойында қандай мінез-құлық ережелері болатындығын постерлік жобада ойларын жүйелеп жинақтау. Бағалау: Күнделікті адам өмірінде өзгеріп келіп отыратын мінез-құлық ережелерін табуға мысалдар келтіре алу |
Күтілетін нәтижелер: | Білу:Мінез-құлық ережелері туралы түсініктері болады. Түсіну: Оқушылыр мінез-құлық ережелерін құрастырады. Қолдану: Әдептілік ережелін өмірде қолдана біледі. Талдау/анализ: Жағымды және жағымсыз мінез-құлықтардың айырмашылығын ажырата алады. Жинақтау: Адам бойында қандай мінез-құлық ережелері болатындығын постерлік жобада қорғай алады. Ойларын жүйелеп жинақтайды. Бағалау: Күнделікті адам өмірінде өзгеріп келіп отыратын мінез-құлық ережелерін табуға мысалдар келтіреді. |
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: | «Сиқырлы гүл» тренингі, «Смайлик», жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері «Шым-шытырық оқиғалар», «Тропикалық жаңбыр», «Формативті бағалау», «Бес жол өлең» СТО. «Акроним әдісі», «Өзіндік бағалау», «Постер құру», «2 жұлдыз, 1 өтініш» |
Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру: | Формативті бағалау, «Өзіндік бағалау» |
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану, |
Қажетті ресурстар: | Таратпа материалдар, музыка, интербелсенді тақта.Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық .4-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы. Авторлары: Қ.А.Аймағамбетова, Т.С. Идилова, Б.Л. Хаджиева |
Сабақ барысы |
Уа қыт | Сабақ кезеңдері | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | әдіс-тәсілдер | Ресурстар |
3 мин | Оқушы ларға психологиялық ахуал туғызу | «Сиқырлы гүл» тренингі арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру | Орнымыздан шеңберге тұрып «Сиқырлы гүл» тренигіне қатысу, орындау.    | «Сиқырлы гүл» | Музыка |
2 мин | Топқа бөлу | Смайликтар арқылы топқа бөлу. 1-топ: Күліп тұрған 2-топ: Жымиып тұрған 3-топ: Қуанып тұрағн Топ ережесімен таныстыру | Іс-әрекетке қатысу.Топқа бөліну. Топ ережесімен таныстады.  | «Смайлик» | Үлестірмелі ресурстар |
5 мин | «Ой шақыру» | Шым-шытырық жазылған мінез-құлықтар топтамасы беріледі. Оқушылар 2 минут ішінде оқып естеріне сақтайды. Есте сақтағандарын қағазға түсіреді. | Іс-әрекетті орындайды. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттері артады.  | «Шым-шытырық оқиғалар» | Интер тақта. |
15 мин | Жаңа сабақ | «Ой шақыру» кезеңіндегі тапсырманы орындау арқылы бүгінгі күннің жаңа тақырыбын оқушылар өздері ашады. Бүгінгі сабақтан не білгілерің келеді? Мәтінді ұсыну. 1-топ: Әдептілік ережелері: Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Жол жүру ережесі. 2- топ: Әдептілік ережелері: Басқаларға қатынасың; Табиғатқа қатынасың. 3- топ: Әдептілік ережелері: Өзіңді ұстауың; Өз заттарыңа қатынасың; |  Жаңа сабақтың тақырыбын ашады  Сабақтың мақсатын құрады.  Жеке оқу. Жұппен талқылау. Топта талқылау. Тапсырма бойынша эссе жазу Ертегі құрастыру Бес жол өлең құрастыру  | СТО әдісі» Бес жол өлең құрастыру | Үлестірмелі ресурстар |
1 мин | Тропикалық жаңбар (Сергіту сәті) | Ортадағы мұғалім ойынды басқарып тұрады. Ол қатысушылар арасында жүріп, әр түрлі қимыл жасайды: Сонан соң мұғалім қолдарын түсіріп, «Бұл тропикалық ормандағы жаңбыр еді. Тоқтады. Қайтадан жайнап күн шықты» | Мұғалім әрекетін сңынан қайталайды.  1 – қолын қолына үйкейді,2- саусақтарын шыртылдатады,3 – сандарын соғады, 4 – аяқтарын соққылайды, 5 – тағы да сандарын соғады,6– саусақтарын шыртылдатады, 7– қолын қолына үйкейді | «Тропикалық жаңбыр» | Музыка |
5 мин | Сөздікпен жұмыс | 1-топ: Сыпайы 2-топ: Мұқият 3-топ: Жайдары | Берілген сөздердің әрбір әріптеріне сипаттама береді.  | Акроним әдісі | Интерактивті тақта |
4 мин | Рефлексия | Жеке жұмыс: Әр оқушыға өз бойындағы жаман қасиеттерді жаздыру. (ақ парақшаларды тарату) | Ақ парақшаларға өз бойындағы жаман қасиеттерді жазып, жәшікке тастау. | «Өзіндік бағалау» | А4 парағы |
5 мин | Қорытындылау | Әдептілік ережесін құрдыру. 1-топ. Күн сәулесі 2-топ: Аялы алақан 3-топ: Жан жылуы Мұғалімнің қорытындылауы | Ережені құрады    | | Постер |
1 мин 1 мин | Бағалау Суммативті Формативтібағалау Үйге тапсырма | Формативті бағалау Барлық бағалаулардың қорытындысын шығара отырып, нақты баға қою. Мәтінді оқу; Өзің орындап жүрген мінез-құлық ережелерін жазып келу. | Топтар бірі- біріне баға береді. Өзің орындап жүрген мінез-құлық ережелерін жазып келеді. | «Формативті бағалау» | |
3 мин | Кері байланыс | 2 жұлдыз 1 өтініш | оқушылар сабақтан алған ісерлерін, өздеріне ұнаған бөлімдерін жазады | 2 жұлдыз 1 өтініш | Үлестірмелі ресурстар |