Просмотр содержимого документа
«"Мені? ?аза?станым"»
Тақырыбы:Менің Қазақстаным
Мақсаты: Елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, өз ана тілінің қадір-қасиетін, сөз құдіретін бағалауға үйрету. Балаларды өз Отанын сүюге, қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, бейнеролик, әр ұлттың киім үлгілері, ұлттық аспаптары, ұлттық тағамдары.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық: Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап жатып уанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман- деп ақын Қ. Аманжолов жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Қазақстаным » деп аталады.
Әнұран
ІІІ.Негізгі бөлім.
Балалар, бүгін біз сіздермен бірге ойша болашаққа саяхат жасаймыз. Ал, саяхатымыз үш аялдамадан тұрады.
Біздің 1-ші аялдама: 1. « Достық» аялдамасы
Бұл аялдамада : Әр ұлттың : қазақ, орыс, қырғыз өзбек, украин. т.б халықтарының өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, тілі , ұлттық тағамдары , ұлттық аспаптары, және ұлттық өнерімен танысамыз.
Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың әдет-ғұрпымен, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру, әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Біздің Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Демек осындай байтақ елімізде бұл ұлт өкілдері тату-тәтті де ынтымақтастықта өмір сүреді екен.
-Балалар, сіздер өзге ұлт өкілдерінің ерекшеліктері туралы білгілеріңіз келе ме?
Ендеше мен сіздерге қысқаша мәлімет берейін:
І. Қырғыз халқы: ұлттық киімі, ұлттық аспаптары, ұлттық тағамдары ,өнері
ІІ. Өзбек халқы: ұлттық киімі, ұлттық аспаптары, ұлттық тағамдары ,өнері
ІІІ.Украин халқы: ұлттық киімі, ұлттық аспаптары, ұлттық тағамдары ,өнері
IV.Орыс халқы : ұлттық киімі, ұлттық аспаптары, ұлттық тағамдары ,өнері (Жеке-жеке тоқталып , слайдтан көрсете отырып оқушыларға таныстырамын)
Жақсы балалар, әр ұлттың салт-дәстүрімен, өнерімен, ұлттық тағамдарымен, ұлттық киімдерімен ұлттық аспаптарымен таныс болдық па ?
-Иә.
Ән: «Достар» әні.
2.Біздің келесі 2-ші аялдамамыз - « Мәңгілік ел » деп аталады.
Бұл аялдамада балалар біз қазақ халқының өткені мен бүгініне шолу жасаймыз.
(Барлығымыз экранға назар аударайық.)
Мәңгілік ел- қазақ халқының ұлттық идеясы.
Ән:«Көк тудың желбірегені »
3-ші аялдама : « Болашақ » деп аталады.
Ал, балалар, қазір біз болашаққа көз жүгіртіп көрейікші ?
-Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақтар қояйын, сендер жауап бересіңдер ме ?
-Иә.
-Балалар, сендер қазір нешінші сыныпта оқисыңдар ?
-4-ші сыныпта.
-Ал жастарың нешеде ?
-10-да.
-Ал мектепті бітіргенде неше жаста боласыңдар ?
-17-де.
-2027- ші жылы студент атанасыңдар, солай ма ?
Ал, 2032-ші жылы « Іскер жас » боласыз.
Ал, 2050-ші жылы « Азамат» атанасыз.
IV.Көрініс.
«Студент» Қыз : Әрбір таңым ататын Ұл: Тал бойымда бәрі бар
Жаңа арман тілекпен Қасиеттің бек жақсы
Біз студент жастармыз! Күтіп жүрмін тек қана
Сөзді ұғатын жүрекпен Іс бастайтын сол сәтті
«Іскер жас» Қыз: Кеудемдегі жігерден Ұл:Ел халқымның қамы үшін
Жарылғандай жүрегім Қажетпіз деп білемін
Көңілдегі талаптан Отанымды жерімді
Тыныш таппас білегім Қадірлеймін сүйемін!
Біз бүгінгі іскер жас!
« Азамат» Қыз: Барыстай бопайбарлы Ұл: Қазақ деген халықты